ашы? саба? математикадан та?ырыбы 8 саны мен цифры


Математика 1 сынып
21.11. 2014ж. , 1-ші ауысым, 2-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы:  8  саны  және  цифры.
Сабақтың мақсаты:  - Оқушыларды  8  саны  және  цифрымен  таныстыру.
-    Танымдылық  ойындар  ойнату  арқылы,  ойлау  қабілеттерін  жетілдіру.  Есептеу  дағдылары   арқылы,  білімділік  дағдыларын  қалыптастыру.
-  Пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру.  Ұқыптылыққа,  сауаттылыққа, сыйластыққа  тәрбиелеу.
Сабақ  түрі:  жаңа  сабақ
Әдіс- тәсілдері:  сұрақ-жауап,
Көрнекілігі:  суреттер, карточкалар,
                              Сабақтың жоспары:
І.  Ұйымдастыру  кезеңі.
ІІ.  Психологиялық  дайындық. 1-слайд
Қане,  біздер  ойлайық,                                                                                               Ойымызды  жинайық.                                                                                               Қандай   есеп  болса  да,                                                                                           Шешпей  оны  қоймайық.
ІІІ.Үй жұмысын тексеру. 2-слайд
1) 69 беттегі №4 тексеру.
2) 1  2  3  4  5  6  7   сандарды  тура  санау,  кері  санау,
IV. Өткен сабақты қайталау. 3-слайд
-1080135-4653280-1080135-3545840-1080135-2438400 -Өткен сабақта қандай санмен, цифрмен таныстық?
-Апта дегеніміз не?
-Апта аттарын еске түсірейік 4-слайд

Балалар, апта аттары күндерін шатастырып алыпты, орындарын табуға көмектесейік.
V.Жаңа сабақ:
1) Дүйсенбі – 1-күн. 5 - слайд
- 7 сары жұлдызға 1 көк жұлдызды қосу арқылы 8 санымен танысу;
- 8 цифрын көрсету; 6 - слайд
- сандар қатарындағы орнын анықтау; 7 – слайд
- дәптерге 8 санын жазу; 8 - слайд
2) Сейсенбі – 2-күн. 9 -слайд
Теңдіктер құрастыру, дәптерге жазу.
3) Сәрсенбі – 3 күн. 10 - слайд
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша теңдіктер құрастыру.
4) Сергіту сәті 11 - слайд
5) Бейсенбі – 4-күн. 12 - слайд
Карточкамен жұмыс
Сандардың көршісін жазу

6) Жұма – 5-күн. 13 - слайд
«Сиқырлы» суреттерді толықтыру

7) Сенбі – 6-күн. 14 - слайд
Геометриялық фигураларды атау. Кесінділерді өлшеу, салыстыру

8) Жексенбі – 7-күн. 15 - слайд
Топпен жұмыс
Әр затқа белгілі бір сан сәйкес келеді. Сол сандарды пайдаланып, Жексенбінің досының мекен-жайын есептеп шығару.

топ
Үй Пәтер
122980356057-
00-
- +
8 – 4 = 4 + 1 = 7
2-топ
Үй Пәтер
- +
7 – 3 = 4 5 + 2 = 7
VI. Қорытынды. 16 – слайд
Бүгін қандай санмен, цифрмен таныстық?
Кімдерге көмектестік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
VII. Үйге тапсырма: №5, 72 бет 17 – слайд
VIII. Мадақтау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап,
мадақтау. 18 – слайд

Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі
left2606318 саны мен цифры
008 саны мен цифры

Математика пәні
1 сынып

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Әлия Мұсақызы
2014-2015 оқу жылы