Сценарий для воспитательной работы на тему: Керей мен Ж?нібек


Керей мен Жәнібек
(сахнада қария отырады. Немересі жүгіріп келеді)
Немересі: Ата, ата! Бүгін ауыл наурыз мейрамын тойлап жатыр, наурыз көже таратып жатыр! Ата Наурыз мусылман елдерінің, соның ішінде қазақ елінің жаңа жылы болып саналатынын бәріміз білеміз. Ал осы қазақ елі қалай пайда болған?
Атасы: Е, балам!!!
Тағдыр мені мың сынады,
Дүрбелең бір тыншымады - деп ақын жырлағандай, қазақтың басына не келіп, не кетпеді. Ал қазақ елінің қалай пайда болғанын бір-екі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көрші ауылдағы замандасым наурыз көжеге шақырып еді. Жүр. Сол ауылға жеткенше мен саған тарих тұңғиығынан сыр шертейін.
(сахнада сұлтан нөкерлерімен өтіп барды):
Хабаршы: Әбілқайыр хан барлық қалған сұлтандар Сығанаққа жиналсын деп жарлық беріпті
1-автор: Хан жарлығынан соң біраз уақыт өтті
Әбілқайыр хан Сығанаққа барған барлық сұлтанды тұтқынға алады. -Әбілқайыр хан: Дәмелерің зор еді. Ақ киізге салып хан көтереді дедіңдер ме? Сендерді қара киізге салып, молаға апарамын. Ал хандыққа менің немерелерім ғана лайық. Өз ұлысымды мен соларға қалдырамын.
Нөкерлеріне бұрылып: Шыңғыс ханның киелі қанының бір тамшысы да жерге тамбау керек деген бабалар өсиеті бар. Сондықтан бұл сұлтандарды оралған киіздің сыртынан соққылап өлтіріңдер немесе қан шығармай омырқасын үзіп өлтіріңдер!!!
2-автор: Керейдің көрегендігінің арқасында Керей мен Жәнібек Әбілқайырдың жазасынан аман қалады.
1-автор: Керей мен Жәнібек өз шатырларында кеңес құруда
Қария: -Әбілқайыр қанша сұлтанның жазықсыз жанын қиды. Ал сендерді баяғыдан-ақ күлге айналдырғысы келіп жүр.
Жәнібек:- Біздің руымыз да бір, қанымыз да бір. Тағдырымыз ортақ. Міне, қолым. Мен, Жәнібек, бір өзіңе әрқашан қызмет етуге дайынмын. Ешуақытта саған қарсы қылышымды қынабынан суырып, көтермеймін.
Керей жақын келіп төс қағысады.
Керей: Тезірек қамдану керек. Бала-шағамыздың, ағайындарымыз бен туғандарымыздың өміріне қауіп төніп тұр.
Жәнібек: Сенің ойың қалай? Мүмкін сенімді адамдарымызды жинап, шайқасқа шығармыз?
Керей: Мерт болған сұлтандар әскер жинап шайқасып көрген жоқ па? Одан не шықты? Бір қарағанда олардың күші де басым емес пе еді? Әрі қол жинауға уақыттары да жеькілікті болды, ал бізде уақыт тығыз. Тіпті біз жасақ жинағанның өзінде хан жасақтарымен күш теңестіре алмаймыз.
Жәнібек: Олай болса, өлсек те ер өліммен өлерміз
Керей: Бұлай етуге болмайды. Біз өзіміздің ғана емес, бүкіл жақындарымыздың басын өлімге тігеміз
Жәнібек: Онда не істейміз?
Керей: Дала халқында ежелден келе жатқан бір салт бар. Билеушісіне риза болмаған халық ел шетіне немесе басқа мемлекетке, әйтеуір ханның қолы жетпейтін жаққа көшіп кетеді екен. Сол жерде тыңайып, күш жинаған соң мүмкіндік туса, елге қайта оралып, ұнамсыз әміршілерін тақтан тайдырған. Болмаса, жат жерде жүріп өз мемлекетін құрған. Еркін адамдар қазақтар деп аталған осы жұрт ең алдымен азаттық пен қаруды бағалаған. Дала халқы олар туралы әндер ме аңыздар құрастырған.
Жәнібек: Айтып тұрғаның көңілге қонады. Қазіргі жағдайда біз үшін бұл жалғыз жол, бірақ бабадан мұра болып қалған атамекенімізге қайта оралуымыз керек
Керей: Иншалла!!!
Жәнібек: Тап қазір қай жаққа көшпекпіз?
Керей: Әбілқайырдың дұшпаны көп. Қайда барсақ та бізді құшақ жайып қарсы алар. Дегенмен ең дұрысы - Есе-Бұға елі. Есен - Бұғаның қазіргі жайы қиын. Сондықтан біз онымен еш қиындықсыз келісімге келе алармыз
1-автор: Керей мен Жәнібек өздерін қолдамақ болған рубасыларының бәріне көшу туралы шешімдерін хабарлайды. Уақыттың тығыздығына қарай қолма-қол ере алатын руларды ғана ертетіндерін, ал қалғандарына кейінірек келіп қосылуларын хабарлайды.
2-автор: Халық жол бойы сұлтандардың адамгершілігі мен ақылына, саяси көрегендігіне шексіз риза болды
1-автор: Екі сұлтанның арасында билікке көз тіккен қызғаныш сезім болған емес.
Қоныс аударушылар шекараға жақын қалған кезде Керей барлық ру басылар мен ақсақалдарды шақырып кеңес құрады.
Керей: Жақында жат жерге аяқ басамыз.Есен-Бұға біздің келгенімізге қарсы бола қоймас. Қазір ол ағасы Жүніспен соғысуда. Біз бұл елге дұшпан ретінде бас сұға алмаймыз. Біздің онсыз да қарсыластарымыз жеткілікті. Есен-Бұғадан күш жинап, кері қайту үшін жер бөліп беруді сұраймыз. Өзі соғысып жатқанда біздегі бірнеше мың сарбаздан бас тарта қоймас.
Алдымен Есен-Бұғаға елші жіберу керек. Елшіні інім Жәнібек бастап барсын. Жәнібекке қарап: Тағдырымызды сенің қолыңа тапсырдық, ендігісі өзіңе байланысты - деп қолына хат береді.
Жәнібек: Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын
2-автор: Есен-Бұға Керей мен Жәнібекке өз иелігі мен соғысып жатқан Жүніс ханның иелігі арасынан жер береді.
1-автор: Керей мен Жәнібекті паналап келген қазақтар саны күн санап өсе берді. Бір күні ақсақалдар Керейге келеді.
Ақсақалдар: Біз өзімізге баспана, Отан таптық. Мал көбейіп, ел соғысты ұмытып, тыныш өмір сүруде. Көршілестеріміз біздің, яғни Қазақияның күшін біледі.Енді, мемлекетіміз нығайған шақта, бізге хан керек. Бізді мұнде екі сұлтан бастап келді. Екеуі де Өріс ханның тұқымы, екеуі де ақылды, адамгершілігі мол, бірақ тақ біреу, сондықтан хан да біреу болуы қажет.
Жәнібек: Мен Керей ағамнан екі жас кішімін. Ақылы мен даналығы сай қосылған Керей осы таққа лайықты деп ойлаймын. Жол сонікі
Керей: Сіздерге, бауырым Жәнібекке рахмет! Халық шешсе, мен елді басқаруға дайынмын. Жәнібек те хан аталып, үнемі қасымда болсын, әрқашан оның пікірімен санасатын боламын. Мен үшін ол бауырдан да артық
Ел шулап: Айтқаныңыз болсын, осылай болсын
2-автор: Бірнеше күннен кейін биік төбенің басында барлық қазақтар жиналып, Керейді ақ киізге отырғызып өздерінің бірінші ханы етіп сайлады.
1-автор: Бұл сайлауды тарих өзі жасады
Сахнада ата мен немере.
Міне, балам! Жеке-жеке рулардан құрылған, Керей мен Жәнібектің басқарған елі қазақ елі деп аталды. Ол елдің құрылуы хронологиялық кесте бойынша 1465 жыл болып саналады. Қазақ деген сөз азат, еркін деген мағынаны білдіреді. Сол еркіндікке жетуде қаншама уақыт өтіп, қаншама қан төгілді. Ата-бабаларымыздың аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізу бүгінгі ұрпақ үлесіне тиген екен. Сол Керей мен Жәнібек құрған қазақ елінің бүгінгі көшбасшылығы елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісі екен. Тәуба!!! Елбасымыз бабалар жолын қуып, сауатты да салиқалы саясат жүргізіп отыр.
Мақтан, Қазақ!
Шаттан, Қазақ!
Сыпырылды батпанды азап!
Тәй-тәй басып,
Төрге оздың сен,
Сабыр сақта,
Сақтан Қазақ!
Сабаңа түс,
Баптан, Қазақ,
Көкжиегін тапқан Қазақ!
Тізе қосып,
Сап түзе де,
Болашаққа аттан, Қазақ!
1)Атасы: Е, балам!!!
Тағдыр мені мың сынады,
Дүрбелең бір тыншымады- деп ақын жырлағандай, қазақтың басына не келіп, не кетпеді. Ал қазақ елінің қалай пайда болғанын бір-екі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көрші ауылдағы замандасым наурыз көжеге шақырып еді. Жүр. Сол ауылға жеткенше мен саған тарих тұңғиығынан сыр шертейін.
2)Сахнада ата мен немере.
Міне, балам! Сол Керей мен Жәнібектің басқарған елі қазақ елі деп аталды. Ол елдің құрылуы хронологиялық кесте бойынша 1470 жыл болып саналады. Қазақ деген сөз азат, еркін деген мағынаны білдіреді. Сол еркіндікке жетуде қаншама уақыт өтіп, қаншама қан төгілді. Ата-бабаларымыздың аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізу бүгінгі ұрпақ үлесіне тиген екен. Сол Керей мен Жәнібек құрған қазақ елінің бүгінгі көшбасшылығы елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісі екен. Тәуба!!! Елбасымыз бабалар жолын қуып, сауатты да салиқалы саясат жүргізіп отыр.
3)Сабаңа түс,
Баптан, Қазақ,
Көкжиегін тапқан Қазақ!
Қария: Әбілқайыр қанша сұлтанның жазықсыз жанын қиды. Ал сендерді баяғыдан-ақ күлге айналдырғысы келіп жүр.
Ақсақалдар: Біз өзімізге баспана, Отан таптық. Мал көбейіп, ел соғысты ұмытып, тыныш өмір сүруде. Көршілестеріміз біздің, яғни Қазақияның күшін біледі.Енді, мемлекетіміз нығайған шақта, бізге хан керек. Бізді мұнде екі сұлтан бастап келді. Екеуі де Өріс ханның тұқымы, екеуі де ақылды, адамгершілігі мол, бірақ тақ біреу, сондықтан хан да біреу болуы қажет.