Сынып са?атыны? та?ырыбы: Мемлекетті? негізін ?алаушылар – Керей мен Ж?нібек(?аза? ханды?ына-550жыл. 10 сыныптар ?шін)


Сынып сағатының тақырыбы:
Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен ЖәнібекСыныбы: 10 сынып жетекшісі: Такенова Жаннат Есентемировна
Сынып сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беруДамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру.Тәрбиелік: Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар суреттері арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруСабақтың түрі: араласӘдісі: СТО технологиясы әдістеріКөрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, БАҚСабақтың барысы:І ҰйымдастыруКері байланыс: «Сен маған, мен саған»Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, кестені толтырыңдар:Қазақстанда Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы жағдайы қандай еді?Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңында этникалық жағдай қандай болды?Қазақ хандығының құрылуына экономикалық дамуы қалай ықпал етті?Саяси жағдайыАқ Орда ыдырап бірнеше хандық пен ұлыстар п\б. олардың өзара жер, билік үшін таластары, ел ішінде берекетсіздікті туғызды.Этникалық жағдайыҚазақстандағы ру тайпалардың тілі, діні, ғұрпы салт санасы жағынан бірі біріне ұқсас болды. Бірақ елдегі саяси бытыраңқылық бір ұлттық мемлекет құруға ешбір мүмкіндік бермеді. Қазақстанда өмір сүрген тайпалар негізінен үш аймаққа шоғырланды: Шығыс дәшті Қыпшақ, Оңтүстік Қазақстан, ЖетісуЭкономикалық жағдайыБұл аймақтарда өмір сүрген тайпалар жартылай көшпелі, отырықшы егіншілікпен айналысты. Шаруашылықтың әр саласы бойынша өзара тығыз байланыста болды. Ұлы Жібек жолы сауда-саттықты дамытты.І. Қызығушылығын ояту: Жәнібек, Керей сөздерін топтастыру( ХҮ ғасырдың басы – 1470)Жәнібек хан - қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі.Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.XV ғасырда өмір сүрген.XV ғасырдың 50 - жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.1457 - 1458 жылы туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған.Керей ханнан соң 1465 - 1466 жылдан 1470 жылдардың басына дейін қазақ хандығының екінші ханы болған.Тарихи жазба деректерде Жәнібек ханның есімі «Хандар шежіресінде» және Қазақ хандығының құрылуына байланысты кездеседі.1428 жылы әкесі Барақ хан (Ақ Орда ханы) өлген соң, Дешті Қыпшақтағы саяси билік Әбілқайыр ханға көшеді.1457 жылдың жаздың соңында Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға көшеді.Көшуге тарихи аңыз бойынша, Қобыланды батыр мен Ақжол би арасындағы дау - жанжал себеп болған.Жазба деректер мәліметі бойынша, Керей мен Жәнібектің қалмақтарға қарсы әскер жию туралы Әбілқайыр ханның жарлығына құлақ аспауы және 1457 жылғы жеңілістен кейінгі қалыптасқан жағдай, яғни екі сұлтанға Әбілқайыр хан тарапынан қауіп - қатердің төнуі Орыс хан ұрпақтарын өз ұлыстарымен бірге көшпелі өзбектер мемлекетінен кетуге мәжбүр етеді.1457 жылы күз айының соңында көшіп келген екі сұлтан ұлыстары Шудың төменгі бойында қыстап шығып, 1458 жылдың ерте көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды.1465 - 1466 жылдары Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хандық билікке келеді.