Конспекты по классному руководству на тему Керей мен Ж?нібек


Ұлы жолдың басталуыКерей мен Жәнібекке ақсақалдар мен рубасылары шағым айтып келіп жатты. Араларында кезінде Әбілқайырды Турады қолдаушылар да бар. Бәрінің де айтатыны – шибандық Әбілқайырдың қол астында бұдан әрі өмір сүрудің қиындап бара жатқаны, сондай-ақ ханның бұл екеуіне тісін қайрап отырғаны.
Ақсақалдар: - Қанша сұлтанның жазықсыз жанын қиды, тіпті өз қандастарын – шибандықтарды да аямады. Ал сендерді баяғыдан-ақ күлге айналдырғысы келіп жүр.
Жүргізуші: Күн өткен сайын келушілердің саны көбейді. Керей де қол қусырып қарап отырмады, қамдану қажет екенін түсінді. Осы ойы күннен күнге беки түсті.
Жәнібек: - Біздің рухымыз да, қанымыз да бір. Тағдырымыз ортақ. Міне, қолым. Бір өзіңе әрқашан қызмет етуге дайынмын. Еш уақытта саған қарсы қылышымды қынабынан суырып, көтермеймін.(Керей жауап қатпастан Жәнібекке жақын келіп, досымен төс қағысты.)
Жүргізуші: Көп ұзамай Әбілқайыр сұлтандарды аңға шақырып, сол жерде бәрінің көзін жойғысы келгені жөніндегі хабар Керей мен Жәнібекке де жетеді.
Керей: - Тезірек қамдану керек. Бала-шағамыздың, ағайындарымыз бен іні-қарындастарымыздың өміріне қауіп төніп тұр. Бізді ол саятқа алып шығар болса, қойша бауыздайды.
Жәнібек: Сенің ойын қандай? Мүмкін, сенімді адамдарымызды жинап, шайқасқа шығарамыз?
Керей: Мерт болған сұлтандар әскер жинап шайқасып көрген жоқ па? Одан не шықты? Бізге қарағанда олардың күші де басым емес пе еді. Әрі қол жинауға уақыттары жеткілікті болды, ал бізде уақыт тығыз. Әбілқайыр да мұндай мүмкіндік бере қоймас. Тіпті біз сол адамдарды жинаған күннің өзінде хан жасақтарымен күш теңестіре алмаймыз.
Жәнібек: Олай болса, өлсек те ер өліммен өлерміз.
Керей: Бұлай етуге болмайды. Біз өзіміздің ғана емес, бүкіл жақындарымыздың басын өлімге тігеміз.
Жәнібек: Онда не істеу керек?
Жүргізуші: Дала халқында ежелден келе жатқан бір салт бар. Билеушісіне риза болмаған халық ел шетіне не басқа мемлекетке, әйтеуір ханның қолы жетпейтін жаққа көшіп кетеді екен. Сол жерде тыңайып, күш жинаған соң мүмкіндік туса, елге қайта оралып, ұнамсыз әміршілерін тақтан тайдырған. Болмаса, жат жерде жүріп өз мемлекетін құрған.
Керей: - Айтып тұрғаның көңілге қонады.Қазіргі жағдайда біз үшін бұл жалғыз жол, бірақ бабадан мұра боп жеткен атамекенімізге қайта оралуымыз керек.
Керей: -Иншалла,
Жүргізуші: Тәуекелге бел байлаған Керей мен Жәнібек бірден іске кіріседі. Олар Өзбек мемлекетінің барлық аймағындағы өздерін қолдамақшы болған рубасыларына хабаршыларын аттандырып, сенімді адамдарын жинап елден көшетіні туралы шешімін хабарлайды.
Жүргізуші: Керей ханның әскері Әбілқайырдан бөліне көшкен кездерінде тоқтап, үзіліс жасаған жерге де жетті. Ол кезде өзбектер еді, ал енді міне қазақтар, яғни азат адамдар атанып кері оралып келеді.
Керей мен Жәнібек бастаған әскер алға жылжыды.
(Бір кезде алдарынан құйғытқан шаң көрінді.Ол асыға шауып келе жатқан салт етті екен. Қолына таңылған шүберекке қарап, оның қазақ жауынгерлері екені байқалады. Бұл жігіт барлауға жіберілген жүздік жасақтан блып шықты.)
Хабаршы: - Тақсыр! Тақсыр! Алдыңғы жақта атты әскер көрінеді, - деп айғайлайды ол.
Жәнібек: Сарбаздар шайқасқа әзірленсін.
Жүргізуші: Әмірдің бұйрығынан кейін, әскер қанатын жайған құс сияқты сап құрып, жасақ-қанаттары жайылып әп-сәтте істің барысын бағып тұра қалды. Қазақ рулары туларын жоғары көтеріп, желбіретті.
Көп күттірмей бір топ аттылардың төбесі көрінді. Бірақ бұлар да Керей ханның барлаушылары болып шықты.
Керей: Келе жатқан неғылған атты әскер?
Жүзбасы: Дұшпан емес. Шейх Хайдардың бірнеше жасағы екен. Бізге қосылғылары келеді. Осыдан біраз күн бұрын жаңа хандарын тастап, Қазақияға жол тартыпты.
Жәнібек: - Бұл жақсылықтың нышаны.
Керей: Әркім өз руластарының қанатына қосылсын: арғындар арғындарға, қыпшақтар қыпшақтарға.( деп нұсқау береді)
Жүргізуші: Алға жылжыған сайын қазақ әскерінің күшіне күш қосылып, күннен-күнге қатары жаңа жасақпен тоолықтырылып, қанатын кеңге жайды.
Жақын маңдағы ауылдар қазақ әскерін азықпен қамтамасыз ету үшін малдарын айдап келуде. Мал бағушы жас жігіттер де әскерге қосылуға ниеттерін білдірді.
Алғашқы қазақ әміршілері көтерген істі Керейдің ұлы Бұрындық хан мен Жәнібектің ұлы Қасым хан жалғастырды. Алайда бұл қазақ тарихының басқа бетінен орын алған.