открытый урок на тему : ?аза? ?лтты? мемлекетіні? ??рылуыны? ал?ышарттары. Керей мен Ж?нібек
Исмагулова Г.Ж БҚО,
Жаңақала ауданы
Жаңақала ЖОББМ
тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары.
Керей мен Жәнібек
Сабақтың мақсаты: - Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын анықтай алады
-Топтық жұмыс арқылы өз ойларын нақтылап,дәлелдей алады;
-Бір-бірінің топтық жұмыстарын бағалау арқылы өзіндік сын-
көзқарастарын қалыптастырады
Күтілетін нәтиже: - Қазақ хандығының құрылуының алғышартын анықтау мақсатында
оқушылар топтық жұмыстарға қатысып, өз көзқарастарын білдіреді
және шығармашылықтарымен бөліседі
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: СТО: «миға шабуыл»
АКТ: интерактивті түсіндірілім(Lsm.nci.kz),бейнефильм
ББЖӘТ: диалогтік оқыту, «ақылды үшбұрыш»,«резюме»
Мұғалімнің әрекеті:
«Сөйлем құра!»тренингі
Сөздерге қарай топтарға бөлу
«Ақылды үшбұрыш» әдісімен үй тапсырмасын тексереді(тақтаға үш оқушы шығып, үй тапсырмасы бойынша өзара сұрақтар қойылып,оған жауап береді,қалған оқушылар оларды бағалайды)
Бейнеролик арқылы жаңа сабақ тақырыбы анықталады және оның мақсатын белгілейді
( «Қазақ елі» фильмінен үзінді)
Интерактивті тақта арқылы интернеттен жаңа сабақтың мазмұны түсіндіріледі.І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзінді оқылады.
Оқушыларды топқа бөліп, жаңа сабақ мазмұнына орай тапсырмалар беріледі
Оқушылар әрекеті:
Топтарға бөлінеді: 1-топ «Мемлекет»
2-топ «Хан»
3-топ «Қазақ»
Сәйкесінше топтарға тапсырмалар беріліп,оларды ортаға салып талқылайды және орындайды:
«Мемлекет» тобы қазақ хандығының құрылуының басты алғышарттары: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының әлсіреп,күйреуге таяуы,рулар мен тайпалар арасындағы талас-тартыстардың көбеюі,қазақ тайпаларының мемлекет болып бірігу қажеттілігін анықтап берді.
«Хан» тобы қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек сұлтандардың тарихтағы рөлін атап көрсетті.Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті, мысалы: осы оқиғаны көрініс арқылы бейнелеп, қалған топтарға сұрақтар қою арқылы тақырыпты терең меңгере түсті.
«Қазақ» тобы «Қазақ хандығына 550 жыл» деген тақырыпта постер қорғап, Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтай алды.Мемлекетіміздегі биылғы жылы атап өтіліп отырған тарихи оқиғаға өз бағаларын бере білді.
Дарынды оқушылармен жұмыс: оқушылар Жәнібек пен Керей ханға және Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек – «Тарихи Рашидиді» қалдырып кеткен Мұхаммед Хайдар Дулатиге «резюме» құрды, рөлге ене отырып «жұмысқа қабылдаушылар», яғни қалған оқушылардың сауалдарына жауап бере отырып, жағдаяттан шығуға үйренді.
Рефлексия. 3 минуттық эссе.
Бағалау. Әр топ басқа топтарды,ал топ басшылары топ мүшелерін бағалайды
Үйге тапсырма: 35- тақырып. «Керей мен Жәнібек хандарға хат»