Презентация на казахском языке на тему Личная гигиена рабочих


Жұмысшылардың жеке гигиенасы Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Еңбек гигиенасы дегеніміз- қызметкердің денсаулығын сақтау өндірістік ортаның және еңбек процессінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені. Жұмысшылардың жеке гигиенасына қызметіне байланысты арнайы киімдері,арнаулы аяқ киімі,санитарлық кітапшасы және денесінің тазалығы жатады. Медициналық-профилактикалық қызмет етуге қойылатын талаптар       1.Кәсіпорынның жұмысшыларына медициналық-профилактикалық қызмет көрсету медициналық-санитарлық бөлімдермен (МСБ), емханалармен және ауруханалармен жүзеге асырылады. Жұмыс берушілер тек алдын-ала медициналық тексеруден өткеннен соң, ғана зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне байланысты жұмысқа қабылдауға және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес алдын-ала медициналық тексеруді жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.       2. Медициналық қорытындының негізінде кәсіби ауру жұмысшыда дәлелденген жағдайда, жұмыс беруші қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне байланысты емес жұмысқа ауыстыруға және заңда белгіленген тәртіпте денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.        3. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп, басқа жұмысқа ауысқан жұмысшылар және жұмыстан шығып кеткендер, кейіннен денсаулық жағдайы нашарлағанда және оның еңбек жағдайымен байланысын дәлелдеу қажеттілігінде кәсіби орталықтарға айтылған Қорытындыны көрсетуі керек. САУЫҚТЫРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫЛАМА БАҒЫТТАРЫ Химиялық өндірісте сауықтыру негізінен гигиенаға сай негізделген. Егерде адам уланып немесе өзін жайсыз сезінсе, ол мемлекетпен бекітілген кауіпсіздік ережесін сақтамағандығының белгісі болып табылады. Себебі кез келгген қосылыс тез жанғыш немесе тұтанғыш, я болмаса тез ауада тотыққыш болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда басты талап технологиялық процестерге, вентиляцияға, аппараттарды пайдану мен орналастыруларға қойлады. Химиялық комбинаттар мен заводтарды, жеке цехтар мен аппараттарды орналастыру барлық химиялық заттардың химиялық қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы тиіс. Назарларыңызға рахмет!