О?т?стік жарты шар материктеріні? ?састы?тары мен айырмашылы?тары та?ырыбына саба? жоспары


География, 7 сынып
№41 сабақ
03.02.2017
Тақырыбы : Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Жалпы мақсаты: Оқушылардың Оңтүстік жарты шар материктері тақырыптары бойынша алған білімдерін жинақтау. Оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі кезедегі бір-бірінен қашық орналасқанына қарамастан олардың табиғат жағдайларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін түсіну. Әр материктің табиғат жағдайларындағы өзіндік ерекшеліктерін ашу
Міндеттері :
Өткен материалды қайталау, бекіту;
Материктердің ортақ белгілерін табу;
Материктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының себебін анықтау .
Әдістері СТО Миға шабуыл. Топтық жұмыс, диалогтік оқыту,
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, атлас, оқулық, презентации
Күтілетін нәтиже Өздігінен ізденеді, тақырыпты меңгереді. Топтық жұмыс ережелерін еске түсіріп,машықтанады.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Амандасу. Оқушыларды түгендеу . Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Психологиялық жағымды ахуал тудыру.
Миға шабуыл
2 мин
II.Жаңа тақырыпты оқып үйрену (30 мин)
1 тапсырма
2 тапсырма
3 тапсырма
4 тапсырма
5 тапсырма
Бекіту кезеңі
Үй тапсырмасы
Рефлексия
Бағалау
Балалар, біз осыған дейін қандай материктердің табиғат жағдайларымен таныстық? (оқушылар материктерді атайды)
Бұл материктерге тән қандай ортақ белгілер бар?
Ендеше , бүгінгі сабағымызда бұл материктерге тән басқа да ортақ белгілер мен айырмашылықтар туралы оқып үйренеміз.
Дәптерге жааңа тақырыпты жазу.
Сабақ кезеңдері
1 кезең: « Географиялық диктант»
2 кезең : « Ойлан тап»
3 кезең : « Ең, Ең…»
5 кезең : « Мағынаны таны»
6 кезең : « Жол жазбалары »
7 кезең : «Мәре!»
1 кезең: « Географиялық диктант»
Бұл материк аралдан дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз арқылы бөлінеді. (Африка, Мозамбик бұғазы, Мадагаскар)
Ең аласа материк (Аустралия)
3. Аумағы бойынша екінші орындағы материк (африка)
4. Бұл материктің оңтүстік шеткі нүктесі Горн мүйісі
(О.Америка)
Материктің шығысын Үнді мұхиты шайып жатыр. (Африка)
Материктің шығысын дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит шайып жатыр (Аустралия)
Мұғалім:
Топтар жұмыстарыңды ауыстырып,тексеріп шығыңдар.
Слайд 4.
Бағалау критерилері
Қатесіз – «5»; 1-2 қате – «4»; 3 қате – «3».
(диктантты жинап алу)
2 кезең: « Ойлан тап»

1 деңгей
Әр топтың алдында ковертте тапсырмалар бар. Олар Бұл кім? Ол не? Деп аталады. Оқушылардың міндеті 1 минуттың ішінде сұрақтың кім туралы және не туралы екенін анықтау.
«Ол кім ? Бұл не?»
1 топ
Амазонка …………….
Мулаттар………………….
Кенгуру………………….
Лиана……………………
2 топ
Коала…………………...
Пигмеи………………….
Бразилия …………….
Виктория………………..
3 топ
Хамада...........................
Игуасу...........................
Гаруана ........................
2 деңгей
«Қатені тап»
1 минуттың ішінде қатені анықтау
Слайд 5.
Африкада бар :1 топ :1) таулар: Айдаһар, Анд,Атлас;
2) көлдер: Титикака, Танганьика, Чад;

2 топ:
1) өзендер: Муррей, Конго, Нил;
2) жануарлар: пингвиндер,пілдер, арыстандар;
3 топ:
1) елдер:Алжир, Египет, Бразилия ;
2) халықтар: тутсилер, аборигендер,нилоттар;
3 деңгей
Кескін картамен жұмыс
Слайд 6.
Африка:
Атлас; Нил; Конго; Замбези;
Виктория; Танганьика; Чад;
Сахара шөлі; Намиб шөлі;.Аустралия:
Байрон м.; Йорк м.; Муррей; Дарлинг; ;
Үлкен суайрық жотасы; Орталық жазық;
қалалар: Канберра, Сидней;
Оңтүстік Америка:
Амазонка өзені, Аконкагуа,
Анхель сарқырамасы; Титикака; Ла- Плата жазығы; Амазонка ойпаты; Анд тауы; .(Әр топ осы жолы өзін өзі бағалайды.)
(жұмыстарды жинап алу)
3 кезең: « Ең, ең…»
Слайд 7.
Африка – ең…………………
Аустралия – ең…………........
Оңтүстік Америка – ең……….
Антарктида – ең.....................
4 кезең «Мағынаны таны!»
Мұғалім:
Ал қазір, «Түймедақ» ойынын ойнайық.
Мына түймедақ жапырақтарында сұрақтар, сипаттама жасырылған. Тапсырманы оқып сипаттамада айтылған жануар немесе өсімдікті анықтап, қай материкте кездесетінін табу керек.
(топтар кезекпен жауап береді.)
1 топ
Бұл ірі жануарларды бәрі біледі. Бұл жануардың жаңа туған баласының үлкендігі грек жаңғағындай ғана болады да , кейіннен бойы 2 метрге дейін жетеді. Өмірге келісімен тырнақтарымен анасының терісіне жабысып, қалтаға түседі да, сол жерде өсіп жетіледі.
Жауап:
Кенгуру, Аустралия. Бұл жануар тек қана Аустралияда тіршілік етеді. Түр құрамы азайып бара жатқандықтан қорғауды қажет етеді.
2. топ.
Бұл шөлге тән өсімдіктің діңі қысқа 50 см ғана, одан ұзындығы 2-3 метр кейде 8 метрге дейін жететін қатты қабықты екі жапырақ өсіп шығады. Жауап :
Велвичия. Африка
2. топ
Табиғаттың ерекше жаратылысы. Денесі күшіктікіндей,саусақтарының арасы жабысқан, басында үйректің тұмсығы бар , алдыңғы аяқтары борсықтыкындей. Ол жұмыртқа салады, бірақ балалрын сүтпен қоректендіреді.
Жауап:
Үйректұмсық , Аустралия.
5 кезең « Жол жазбалары»
Әр түрлі материктерге қатысты терминдерді еске түсірейік.
Пампа?
(жауап: О. Америка далалары)Криктер?
(жауап:. Уақытша кеуіп қалатын өзен арналары .Аустралия)
Уәдтер ?
(жауап: құрғақ кезеңдерде тартылып, жаңбырлы кезде суға толатын өзен арналары. Африка)
6 кезең «Мәре!»
Мұғалім:Сабағымызды бекіту үшін постерлерді толтырайық
Постермен жұмыс
Материктердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтау (кесте толтыру)
§36 оқу. Антарктида туралы қызықты мәліметтер жинақтау.
Бес саусақ әдісі (кері байланыс)
Топтардың қорытынды бағасын шығару
Тексерілді ________________