Сыныптан тыс шара. Жас жайдарманшылар сайысы.


Сыныптан тыс шара Тақырыбы : Жас жайдарманшылар сайысы. «Кел, балалар оқылық!» Мақсаты :1. Оқушылардың әзіл-оспақты, сынды түсініп, қорытынды шығара білуін , ұтымды сөздік қорын дұрыс қолданыну арқылы , тапқырлыққа баулу. 2. Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз елінің асыл қазынасы қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
–Армысыздар, әзіл сүйер ұстаздар мен оқушылар! Жас жайдарманшылар сайысына қош келдіңіздер! Бүгін сендер 4-ші сынып оқушыларынан құралған 3 топтың әзіл-сықақ ойындарынының куәсі боласыздар. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. 1. Сәлемдесу. 2. Үй тапсырмасы. 3. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ешқайсыңыз да кеш қалмаңыздар!» 5 жаңалық 4. Қайым айтыс Бүгінгі сайысқа түсетін топтармен таныс болыңыздар: 4 «А,Ә» сыныптарының құрамасы «Өзіміз ғой өзіміз» тобы. 4 «Б,В» сыныптарының құрамасы «Тема» тобы. 4 «Г,Ғ»сыныптарынан құралған «Сыныптастар» тобы. Ал, ендеше барлық топқа сәттілік !
Кім жеңеді жеңісте үміт алда Қобалжу бар, жүректе күдік бар да Әділқазы алқасы атыңды ақта Жүйріктерге арман мен бақыт жолда – дей отырып сайысымызды бастайық.
Сәлемдесу атадан қалған салтымыз, Осы салтты ұсынады халқымыз. Ал тапқырлар, өнерің сал ендеше , Амандасып көріңіздер ендеше- деп кезекті топтарға берелік.
1. 3 топ кезек-кезек өздерінің сәлемдесуін жалғастырады. 2. Келесі «Үй тапсырмасы » кезеңі. Қызықтың бәрі мектепте демекші, мектепте болған оқиғалар /әр топ өздерінің мдайындап келген үй тапсырмасын ортаға салады/. 3. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ешқайсыңыз да кеш қалмаңыздар!» 5 жаңалық 4. Соңғы кезең « Қайым айтыс» /әр топ өздерінің дайындап келген өлеңді сұрақтарын қояды, қарсылас топ ұйқастырып, әзілді ұтымды жауап беруі тиіс/. Қазылар алқасы шешім шығарғанша би тамашалау.
Бойларында от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалындатып шарықтардар әрдайым, - сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі. Марапттау кезеңі. Ән «Мерекем» жас жайдарманшылар орындайды. Бастауыш сынып оқушылары арасында сыныптан тыс түрлі сайыстар ұйымдастыру әрқашанда өзінің оң нәтижесін береді. Оқұшының бойында жасырынып жатқан жақсы қасиеттерін, таланттарын анықтауға , өмірде өз жолын таба білуіне септігін тигізері сөзсіз.
Сактаганова Н.Ы « Серікбол Қондыбай атындағы №22 орта мектебі»мектебі»бастауыш сынып мұғалімі Ақтау қаласы---2016 ж