?желер сайысы сыныптан тыс шара


«Манашы орта мектебі» ММ
Әжелер сайысы
Өткізген: Нугманова Қ
Бейнеу, 2015 – 2016 оқу жылыӘжелер сайысы
Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт – әстүр, әдет – ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Әже мен немере тойы басталмақшы,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Бүгінгі сайысымыз, мерекеміз,
Қалайша мұны біз бекер дейміз.
Ұстаздар құтты болсын, ару тойы!
Әжелер, аналар құтты болсын мерекеңіз!
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Бүгінгі Әжелер сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерімізді ортаға шақырайық.
5 «А» сынып: Көптілеуова Ханым (АЙша, Айнураның анасы)
5 «Ә» сынып: Ермуханбетова Құрбангул (Ринаттың әжесі)
5 «В» сынып: Нұғманова Қоңырау (Мұраттың әжесі)
5 «Г» сынып: Нурбергенова Злиха (Шаттықтың әжесі)
Мерекелік думанның беташар сөзін мектеп директоры Досов Болат Бексиықұлына береміз.
Жүргізуші: бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады:
Таныстыру
«Өнер – ағып жатқан бұлақ» (өз өнерлерін көрсетеді)
«Шебердің қолы ортақ» (Әжелер қол шеберліктерін ортаға салады)
Ұлттық киімдерді дәріптеу
Жүргізуші: Әділдікпен баға берер ортада,
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Нағыз Әже таңдап бүгін алуға.
Әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.
Төреханова Патшайы – өзін – өзі тану пәні мұғалімі
Сиықова Райса – технология пәні мұғалімі
Ниязова Сандуғаш – бастауыш сынып мұғалімі
Жүргізуші: Әжелер де келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
Енді, сайыскерлермен танысудың уақыты да жеткен секілді. Сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Асыл сөздің атасы, ақын болар ұрпақпыз,
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
«Өнер – өнерліге ғана оңай» - деп атамыз қазақ айтқандай, сайысымыздың «Өнер – ағып жатқан бұлақ» кезеңіне кезек те келіп жетті.
Әр сыныптан келген әжелер өз өнерлерін ортаға салады.
Жүргізуші: Шеберлерім өнер таптым қолыңнан,
Жағылмаған ата – баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көретсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.
Бұл сайыс кезеңінде Әжелер әртүрлі қолөнерден сынға түседі. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,
Зерделі ой зейінді қызды сынар
Ұлттық киімдерді дәріптеу кезеңінде әжелер қазатың ұлттық киімдерін көрсетеді.
Жүргізуші: Данышпан Әжем менің жаным таза,
Мейіріммен сөзін айтқан күншуақта.
Білімді, қайдан жидың парасатты,
Өзіңдей ақыл айтқан Сократ та
Құрметті қонақтар, әжелер мен кішкентай бүлдіршіндер! Осымен Әжелер сайысы өз мәресіне де жақындады. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берелік.
Жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Жүргізуші: Сайысқа қатысушыларға ақ ниетімізбен алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға мандық тілейміз. Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!