Сыныптан тыс шара Тап?ыр достар интеллектуалды сайысы


Күні:
Тақырыбы:  Тапқыр достарМақсаты:  Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу. Танымдылықтарын,әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге,өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.  
 Көрнекті құралдар: плакаттар,кестелер
Кіріспе: мұғалім сөзі Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер 5 сынып оқушылар арасында өтетін Тапқыр достар атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін балалар біз жеке дара болып емес, топ болып білім сынамақшымыз.Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.Қатарың оза шауып бара жатса,Арқаңның ауруы не қозбайтұғын деп Т. Ізтілеуов ағамыз айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды екі топқа бөлеміз.
І топ: «Астана» тобы.
ІІ топ: «Бәйтерек» тобы.Өнер мен білімде,Әркімнің өз жолы бар.Сайысарлық бүгінде,Өзіндік менің үнім бар.Сайыстың мазмұны:
І бөлім: «Әріп таңдау »
ІІ бөлім: « Бәйге »
ІІІ бөлім: «Полиглот»
І бөлім: «Әріпті таңдау»
Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріпті: А. Б. В. Г. Д. Е немесе тағы басқа әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы: Ойыншы басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт. - Атың кім? - Фамиляң кім? - Қайдан келдің? - Қайда барасын? - Немен барасын? . - Онда не өседі? - Тағы не? - Сені онда кім қарсы алады? - Оған сыйлыққа не әкелдің? 
-Оның достарының аттары кім?
- Досыңның аулыңның табиғаты қандай?
-Досың сені жақсы қарсы алды ма?
-Досыңмен уақытты қалай өткіздің?
-Досың сені қайтарып немен шығарып салды?
-Үйіңе немен жеттің?
-Үйіңдегілер қалай қарсы алды?
ІІ бөлім: « Бәйге »
Сұрақтар
Жауабы
1.Қазақстан Республикасының астанасы Астана
2.Қара алтын деген не? көмір
3.Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды? Кереге
4.Сенің әкеңнің шешесі кім болады? Апа
5.Мектептегі ең жоғары баға бес
6.Кекілік құс па, жануар ма? Құс
7.2-ні үш рет қосқанда неше болады? 6
8.Жыл мезгілдерін ата күз,қыс,көктем,жаз
9. Дыбыстар неше түрге бөлінеді? Қандай? 2 түрге, дауысты, дауыссыз
10.Қыста түрін өзгертпейтін ағаш шырша
11.Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? бағдаршам
12.Кітапханада кім істейді? кітапханашы
13.Жеті күн апта
14. Қойдың төлі қозы
15.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? 2сағ
16. Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см =  cм 68см
17.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? алмұрт
18. Бір апта 2 күнде неше күн бар? 9 күн
19. Талаптың пайдасы әңгімесінің авторы кім? Ыбырай
20. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал тұсбағдар
21. «Әнұран» сөзі қандай мағына береді?     салтанатты ән
22.б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар? қатаң
23.Жуан дауысты дыбыстарды ата. а,о,ұ,ы
24.Ең мықты қандай ағаш? емен
25.Құрбақа қыста не жейді? ештеңе
26.Бүлдіргенді жақсы көретін аң. аю
27.Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. Алдаркөсе
28. Қай құстың балапаны анасын танымайды? көкек
29.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашан, қай жерде дүниеге келді?
1940 жылы 6 мамырда, Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы
30.Елбасы отбасында нешінші бала? Отбасының тұңғышы 
ІІІ бөлім: « Полиглот»
Сұрақ
Жауап
1.Әр адамның шағын отаны Жанұя - семья - family
2.Жылт – жылт етеді, Жылғадан өтеді су - вода -water
3.Футболшының алаңдағы ойын заты Доп - мяч - ball
4.Мұртымен туады, Мұртын күнде жуады. Мысық – кошка-cat
5.Алыстан қарасаң, аппақ, Татып көрсең, тәтті – ақ Қант – сахар-sugar
6.Айдалада ақ отау, Аузы – мұрны жоқ отау Жұмыртқа – яйцо-egg
7.Жұдырықтай қызыл шар, Тілді үірген шырын бал алма – яблоко- apple
8.Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы Ит - сабака - dog
9.Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем. Кітап-книга-book
10.Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. Қоян-заяц-hareІҮ бөлім «Қиял әлемі» деп аталады.
І топ: «Астана» тобына: «Егер мен робот болсам…»
ІІ топ: «Бәйтерек» тобына: «Егер менің сиқырлы таяқшам болса...»
Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Тапқыр достар»
(интеллектуалды жарыс)

5а,бсыныбы
Өткізген: Кабдушева А.Е.


2016-2017 оқу жылы