Сыныптан тыс шара Же?гелер сайысы
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы
ЖББ М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешені
Мамбетова Гүлжанат Ғинаятқызы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 10 сынып жетекшісі
Күні: 3.03.2016ж
Тақырыбы: «Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді»
Мақсаты: қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Барысы:
(Әсем бимен байқауды ашу.)
І. Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар көктемнің алғашқы мейрамы аналар, қыздар мерекесіне арнап «Сырға»қыздар клубының ұйымдастыруымен «Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді» атты байқау өтпекші. Байқаудың негізгі мақсаты - қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу.
Жалпы жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қимастық, сырластық қарым-қатынасын жаңартса еш артықтығы жоқ. Олай болса, ортаға байқауымыздың құрметті қонақтарын қошеметпен шақырамыз.
1.
2.
3.
4.
5.
(Ортаға жеңгелерін алып шығады. Жеңгелер мен қыздар өз нөмірлерін таңдап алуы сұралады).
Байқаудың кезеңдері:
Таныстыру (жеңгесі қайынсіңлісін, қайынсіңлісі жеңгесін таныстырады).
Сырымыз бір жеңгелер (сұрақ-жауап)
Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам (жеңгесінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдар көрмесі)
Зерделі болса жеңешем (ситуациялық сұрақтар)
Халқын сүйген – салтын сүйер (қыз бен жеңгесі тәрбиелік мәні бар көрініс көрсету)
Қорытынды
Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.
Арулар мен жеңгелер, байқауға дайынбыз ба? Олай болса, бірінші кезең – көпшілік қауымға өздерін таныстыру.
Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Ата-анаң мен жеті атаңды атап шық,
Білгендерді ду қол соғып қостайық.
Сырымыз бір жеңгелер (сұрақ-жауап)
(Қыздар бір бөлек, жеңгелер бір бөлек отырады. Қыздар мен жеңгелерге бірдей сұрақтар беріледі. Егер екі жақтың жауаптары сәйкес келсе, онда олар жақсы сырлас болғаны)
Жеңгесінің қызға еркелетіп қойған аты?
Қайынсіңлісінің мінезі қандай?
Қайынсіңлісінің досы кім?
Қыздың алдына қойған мақсаты?
Сыныптастарымен, достарымен, мұғалімдерімен ренжіскенде қандай күйде болады?
Жақсы көретін әні?
Ақын, өнер адамдарынан кімге еліктейді?
Кіндік шешесі кім? Мінез-құлқында кіндік шешесіне ұқсастығы бар ма?
Мүшел жасқа қашан толды?
Соңғы сән үлгісіне еліктей ме әлде барды таза үйлесімді кие ме?
Білім алып жүрген мектебі туралы ойы?
Сүйіп оқитын пәні?
Жұлдызнамасы?
Хоббиі?
«Қара шаңырақ», «Үлкен отау», «Кіші отау» сөздерінің мағынасын ашып беріңіз?
Неге «Жеті атадан қыз алыспайды» мағынасын түсіндіріңіз?
Отбасындағы туыстығына қарай әр адамның дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз? (ақсақал, отағасы, енші алған ұлдары, кенже, күйеу бала)
Отбасындағы туыстығына қарай әйел адамның дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз? (келін, ұзатылған қыздар, ұзатылмаған бойжеткен, ата - анасы,)
«Байғазы» мен «көрімдік» салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
«Бастаңғы» және «қызойнақ» салтының мағынасын түсіндіріңіз және оны атап беріңіз?
«Бәсіре» дегенді қалай түсінесің? (қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталынған ен салған мал)
«Шарғы» қандай дәстүр? (ұзатылған қыз өзіне тетелес сіңлісінің басына тартатын орамал береді. Бұл- ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап дегені.)
«Ілу» кәде жоралғысын қалай түсінесің? (Жас келінді шақырғанда келіннің сол үйге әкелетін сыйлығы)
«Көзайым» дегеннің мағынасын түсіндіріңіз? (жақын адамды аңсатып, алыс жолдан келгенде қуаныш үстінде айтылатын жақсы ниетті білдіретін сөз)
(Сұрақтардың мазмұнымен таныстырып, әділқазы мүшелеріне бағалату, ұпайларын есептеу)
Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам (жеңгесінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдар көрмесі)
Асыл жеңгем маған болған сая бақ,
Жанына алып еркелетер аялап.
Қасиетті жеңгелер толып жатыр,
Қайынсіңлісін құрметтеген аялап.
(Жеңгесінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын таныстырады)
Әсем ән сіздер үшін.
Зерделі болса жеңешем (ситуациялық сұрақтар)
Егер сіз қайынсіңліңіздің достарымен түнге қарай көп қыдыратынын, бейәдеп қылықтарын байқап қалсаңыз қандай шара қолданар едіңіз? Егер де ол достарынан қол үзгісі келмесе қандай әрекет істер едіңіз?
Егер сіздің қайынсіңліңіз мұғалімдермен тіл табыса алмай жүрсе, сіз де оның дұрыс деп мұғалімді кінәлайсыз ба?
Қайынсіңліңіз сыныптасының туған күніне баруға рұқсат сұраса, ал мұғалімі бейхабар болса сіз жіберер ме едіңіз?
Туған күнге кеткен қайынсіңліңіз түнгі 12 дейін келмесе не істер едіңіз?
Халқын сүйген – салтын сүйер (қыз бен жеңгесі тәрбиелік мәні бар көрініс көрсету)
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды, ұнасымды ғажап шың
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық.
Насихаттап, жаңартудан қашпайық
(Соңғы аялдамамызда қазақтың әдет-ғұрпынан тәрбиелік мәні бар қыз бен жеңге арасындағы қарым-қатынасынан көрініс көрсету.)
Қорытынды.
Аты –жөні:
№ Сұрақтары Жауаптары
1 Жеңгеңіздің сізге еркелетіп қойған аты?
2 Сіздің мінезіңіз қандай?
3 Алға қойған мақсатыңыз?
4 Сіздің сырлас досыңыз кім?
5 Сыныптастарымен, достарымен, мұғалімдерімен ренжіскенде қандай күйде боласыз?
6 Жақсы көретін әні?
7 Ақын, өнер адамдарынан кімге еліктейсіз?
8 Кіндік шешеңіз кім? Мінез-құлқында кіндік шешеңізге ұқсастық бар ма?
9 Соңғы сән үлгісіне еліктейсіз бе әлде барды таза үйлесімді киесіз бе?
10 Білім алып жүрген мектебіңіз туралы ойыңыз?
11 Сүйіп оқитын пәніңіз?
12 Жұлдызнамаңыз?
13 Хоббиіңіз?