Наурыз мерекесіне арнал?ан іс шара
Наурыз мерекесіне арналған сценарий
Мұғалім сөзі: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз ж 1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды Қуандым ба, өзің бар деп қуандым, Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды