«К?з – мерекем, к?з – берекем» атты мектептегі к?згі бал кеші


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Күз – мерекем, күз – берекем» атты мектептегі күзгі бал кешіМақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты сүюге, бағалауға, қоршаған  ортаны таза ұстауға, әдемілікті түсіне, көре білуге баулу.Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, жапырақтар, шарлар т.б.
Барысы:1- жүргізуші:Тамылжып тұр Отанның  «Алтын күзі»
                      Сәл ғана салғырт тартқан жердің жүзі                      Табиғат картасынан қазір көшкен.
                      Жаздың да жасырынбай жатыр ізі.         
2-  жүргізуші:Көрдің бе,секілді бір жасыл барқұыт,
                      Бергендей бар бояуын түгел сарқып,
                      Көтеріп күздік егіс көк қанатын.
                      Құлпырған қырға жібек кілем тартып.
1-жүргізуші:Табиғаттың әр мезгілінің де адам өміріне маңы зы  зор.Әр жылмезгілін де қазақ ерекше 
 тойлай білген. Мәселен,көктемде –Наурыз мейрамы, кыста- Жана жыл мерекесі, ал күзде –Сабан той жасаған.
2-жүргізуші: Осы жақсы  дәстүрлердің жалғасы болатын  бастауыш сынып оқушылары арасындағы                     «Күзгі думан » сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарымызбен таныссақ:
 4-сынып: «Көкөністер» тобы 3-сынып: «Жемістер»тобы 2-сынып: «Күзгі жапырақтар»тобы 1-сынып: «Алмалар»тобы1-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарына тоқталып өтсек:
Таныстыру (топ аты,төс белгі,альбом)
Кім жылдам?( Жұмбақ шешу)
Күлкілі мезет (көрініс көрсеті)
Мүсіндеу (ермексазбен жұмыс)
Өнерлі өрге жүзер….. (өз өнерін көрсету)
Понтомимо (кеспе қағазы арқылы іс-қимыл көрсету)
Күзгі сән үлгісі (1  оқушы)
Сайысты сарапшылар бағалайды2-жүргізуші:  Ата жолын жалғамақ,
                       Ел дәстүрін қолдамақ                       Сынып намысын қорғамақ                       Топтар шықты ортаға,деп сайсымыздың1-кезеңі: Таныстыру (Әр топ өз тобын таныстырады, төс белгілерін және альбомдарын көрсетеді)
1-жүргізуші:Сайысымыздың 2-кезеңі:Кім жылдам?(кеспе қағаздар арқылы әр топ 5 жұмбақтан шешеді)
2-жүргізуші: Қанаттанса балапан,
                      Қалайша ол ұшпайды                      Әр бір қыз бен әр бала,
                      Өнерліге ұксайды                      Келесі 3-кезең: «Күлкілі мезет» (әр топ күлкілі қойылым көрсетеді)
1-жүргізуші:Сайысымыздың келесі 4-кезеңі: Мүсіндеу (әр топ кеспе қағаздарын алып,  барілген тапсырма бойынша ермексазбен жұмыс жасайды)
2-жүргзуші: Асыл тастан,өнер-жастан                       Шығады деп  дарынды,
                       Халық айтса,халық сөзі,
                      Әрқашанда нанымды     Келесі 5-кезең: Өнерлі өрге жүзер…  (әр топ өз өнерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Думан қызық,көрсетті топ өнерін,
                       Жатыр не бір айтылып сөз де керім.
                       Білім бұлағының кайнарынан қанып ішкен,
                       Көрсетшінші әр тобымыз өз өнерін 
                    Сайысымыздың  6-кезеңі: Пантомимо ( әр топ кеспе қағазын алып , тапсырманы іс-қимылмен көрсетеді)
2-жүргізуші: Арулар неткен сымбатты,
                       Ғажайып нұрға бөленген.
                       Алтын күнге үн қатты   Сәнді киім түрімен,деп сайсымыздың
  7-кезеңі: Күзгі сән үлгісі.