Бейорганикалы? ?осылыстарды? негiзгi кластары арасында?ы генетикалы? байланыс (8 сынып)


«Мортық орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негiзгi кластарыарасындағы генетикалық байланысЕслямова У.Б
Химия пәні мұғалімі
2015-2016 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері.
Мақсаты:1. Химиялық реакция теңдеулерін жаза отырып, реакция типтерін анықтауға үйрету.
2. Химиялық формула, химиялық теңдеу құру дағдыларын дамыта отырып, рекция типтерінің бір- брінен айырмашылығын көре білуге үйрету.
3.Топпен жұмыс жасай білуге, бірін-бірі сыйлауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: Спиртшам,мыс сым, темір шеге, мыс хлориді, малахит, темір хлориді,натрий гидроксді,интерактивті тақта, А-3 қағаздар, маркерлер, кеспелер.
Сабақт типі: топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тәжірибелер, тест жұмыстары.
Сабақ барысы: Сыныпты 2 топқа бөліп отырғызамыз.
І. Ой қозғау.
Үй тапсырмасын тексеру және қайталау мақсатында, 2 – топқа мынадай тапсырмалар береміз.
2Cu + O2 = 2CuO
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2
CuO+ 2HCl = CuCl2 + H2O
2H2O = 2H2 + O2
N2 + 3H2 =2NH3
Fe + CuCl2 =Cu + FeCl2
3NaOH + FeCl3 = Fe(OH)3 + 3NaCl
(CuOH)2CO3 = 2CuO + H2O + CO2
Осы жазылған реакция теңдеулердін ұқсастықтары бойынша біріктіріңдер.
1-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде қосылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма? Осы реакция теңдеулерінің ішінде орынбасу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?
2-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде айырылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма? Осы реакция теңдеулерінің ішінде алмасу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?
Оқушылар өз білгендерімен барлық реакция түрлерін ұқсас топтарға жіктейді.
Тақтаға шығып қорғайды.
II.Мағынаны тану.
Қосылу реакциясы
- Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы+=Zn + O2 → ZnO22
Айырылу реакциясы
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы+=Al(OH)3 → Al2O3 + H2O23
Орынбасу реакциясы
күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция
++=
Zn + HCl – ZnCl2 + H2
Алмасу реакциясы
Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы
арқылы жүретін реакция
++=
CuO + HCl – CuCl2 + H2O
Тәжірибе
Мыс сымды қысқаш арқылы ұстап спиртшамда қыздырамыз. Мыс ауадағы оттегімен әрекеттесіп, мыс оксидін (CuO) түзеді. Реакция теңдеуін жаз.
Тәжірибе
Малахитті (CuOH)2CO3 қыздырамыз. Малахит айырылғанда мыс оксиді CuO, су H2O және көмір қышқыл газы СO2 түзіледі. Реакция теңдеуін жаз.
Оқушылар тәжірибелерді жасап, тақтаға реакция теңдеулерін жазады.
ІІІ. Мағынаны ажырату.
Сабақ басында берілген тапсырманы қайтадан алып, топтарға жіктейді. Бір- бірлерінің қателерін түзейді.
Сабақты бекіту мақсатында екі нұсқада тест жұмыстарын орындайды.Көршілерімен алмасып, дұрыс жауаптарын тексереді. Бағалайды.
IV. Бағалау.
V.Үй тапсырмасы
§18. 6,7 жаттығулар, 53-54 бет