Ашы? саба?. Бейорганикалы? ?осылыстарды? негізгі кластары арасында?ы генетикалы? байланыс.


Сабақтың тақырыбы.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы
Генетикалық байланыс.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын,білімдерін тереңдету,шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын.Сабақ өтуде жаңа технология элементтерін жиі пайдаланамын.8-сыныпта өткізген ‘’ Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Сабақтың мақсаты; Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары (осидтер, қышқылдар, негіздер,тұздар жөніндегі) білімдерін тереңдету.Генетикалық байланыс жөнінде түсінік беру.
Оқушылардың өз бетінше еркін жұмыс жасауын,өзінің және өзгенің білім деңгейін бағалауға жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер;Д.И. Менделеевтің периодтық кестесі,оқулық, үлестірмелі материалдар,сызба –нұсқалар,дидактикалық материалдар,кесте.
1. Ұйымдастыру.Сынып 3 топқа бөлінеді.
2. Үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс.
1 топпен, 2—3 топ оқушылармен үлестірмелі материалдар бойынша тапсырмалар берілді.
1-нұсқа.
1. Na2SO45. MgSO49. H3 PO4
2. HNO36. Cr(OH)310. CaO
3. Li OH7. SO311. Ba(OH)2
4. MgO 8. FeCI3
2- нұсқа
1. K 3PO45. NaCI9. AI(OH)3
2. NO6. KOH10. CuO
3. H3 PO47 . H2 SO311. CaCO3
4. CO28. BaO
1—тапсырма. Рет сандарымен берілген заттардың формуласының аттарын ата.
2—тапсырма .Берілген формулалардан оксидтерді,негіздерді, қышқылдарды,тұздарды жіктеп жаз.
3—тапсырма. 1—нұсқа. Мына қышқылдарға сәйкес оксид формулаларын жаз.
HNO3 , H 2CO3, H3 PO4 , H2 SiO3 , H2 SO4 , H2 SO3 , HMnO4.
2—нұсқа. Мына негіздерге сәйкес оксид формулаларын жаз.
NaOH KOH Ca(OH) Ba(OH) Mg(OH) Zn(OH) AI(OH)
Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу.
1—топ деңгейлік тапсырма орындайды.
Әр класты жіктеп,бірнеше мысалдар келтір.
2908301663702825001403350038100131520004101465122592004334547113628004334473122480264918314052200295398314052200center1492251698924122592001367230131557001698924140522Оксидтер Негіздер Қышқылдар Тұздар
299645123190008438012319000294501815060600263125314164200

Оксидтердің,негіздердің, қышқылдардың, тұздардың химиялық қасиеттерін жаз.
2-және 3-топ оқушылары тақтаға мысалдар жазады.
4. Бейорганилалық қосылыстардың генетикалық қатары.
1) Кітаппен жұмыс.Есептер жинағынан 4-150 тапсырма орындау.Әр топқа жеке тапсырма берілді.
1—топқа; C------->CO2------>H2 CO3--------> NaCO3
2—топқа; Ca------> CaО -------> Ca(OH)2--------CaСI2
Түзілген заттардың атын ата.
2) Жүзеге асатын реакция теңдеуін жаз және алынған өнімдерді ата.
3—топқа
А) Mg + H2 SO4----->В) H 2 SO4 + HPO ------>
Ә) HCI + Hp------->Г) Н 2СО3 + СаО -------->
Б) Н 3PO4 + CO2 -------------->
5. Топпен жұмыс. Оқушыларға тақырып ауқымында сұрақтар қою.
1.Бейорганикалық қосылыстар неше классқа бөлінеді?
2. Оксид дегеніміз не? 3. Негіз дегеніміз не?
4. Қышқыл дегеніміз не ?
5.Тұздар дегеніміз не ?
6.Индикатор дегеніміз не ?
7.Қышқыл ерітінділері индикаторларды қандай түске бояиды.?
8. Қышқыл ерітінділері индикаторларды қандай түске бояйды ?
9. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не ?
10. Химиялық реакцияның типтерін ата ?
11. Қышқылдардың жіктелуін айтып бер ?
12. Негіздер қалай жіктеледі ?
13. Тұздардың жіктелуін айтып бер?
Оқушылар білімін бағалау. Үйге тапсырма беру. «Оксидтер,негіздер, қышқылдар, тұздар, бойынша мәтін құрастырып келу.