Ты?айт?ыштар жайлы ?ыс?аша м?лімет. Азот, фосфор ж?не калий ты?айт?ыштары


ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №10 «Қарабұлақ» ЖОМ.
Химия пәнінің мұғалімі Аликулова Мухаббат Салимовна
Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет. Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары
Сабақтың мақсаты:
Білімді қалыптастыру: Оқушыларды минералды тыңайтқыштардың түрі, құрамы, өсімдіктердің өсіп-дамуына тигізетін әсерімен таныстыру.
Дамытушылық  мақсаты:   Оқушылардың ойлау қабілетін кеңейту. Бақылауға, эксперимент жасауға үйрету, өз беттерімен қосымша материалдар іздеу және деңгейлі тапсырмалар беру арқылы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:  Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлықтарын үнемдеуге тәрбиелеу және қауіпсіздік техникасының ережесін жетік білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Өсімдікке қажетті қоректік элементі бар қосылыстар - тыңайтқыштар және олардың түрлері жайлы түсінеді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың салыстыру, негізгісін бөліп алу біліктері дамиды. Тыңайтқыштардың биологиялық маңызы туралы дағдысы қалыптасады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер : интерактивті тақта, «Минералды тыңайтқыштар» топтамасы, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: Биология
Жоспары :І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа материалды игеру.
ІV. Бекіту.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ой қозғау. Интерактивті тақтамен жұмыс.
а) Периодтық жүйедегі орны бойынша фосфорға сипаттама беріңдер.
ә) Фосфордың табиғатта кездесуі.
б) Физикалық және химиялық қасиеттері
в) Фосфордың оттекті қосылыстары мен фосфор қышқылының химиялық қасиеттері. Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер:
H3PO4 + Zn =
H3PO4 + NaOH =
H3PO4 + MgO =
H3PO4 + NaCI =
г) Массасы 34,5 г бертолле тұзы фосфордың қанша зат мөлшерімен әрекеттсесе алады?
ғ) фосфордың маңызы, қолданылуы
фосфор
ІІІ. Жаңа материалды игеру:
Сонымен, біз VА тобында орналасқан азот және фосфор элементтерімен, олардың маңызды қосылыстарымен таныстық. Олардың тірі ағзалар үшін маңызы зор. Азот ақуыз, көмірсулардың құрамына кіреді, ал фосфор адам қаңқасында 600г, бұлшық еттерінде – 56г, ми мен жүйкелерінде 5г болады. Ағзада фосфор мен азот жетіспесе ағза сүйектері сынғыш болады.
Азот пен фосфордың тірі табиғаттағы да маңызы өте зор. Өсімдіктер толық өсіп-жетілуіне қажетті элементті қоректік элемент дейді. Құрамында қоректік элемент болатын заттарды тыңайтқыштар деп атайды. Ал біз тыңайтқыштар туралы не білеміз ?

Тыңайтқыштардың жіктелуі

шығу тегіне қоректік элементіне агрегаттық күйіне орай

орг-қ бейорг-қ. азотты фосфорлы калийлі қатты сұйық

Азот тыңайтқыштары
CO(NH2)2 - карбамид
NH3∙H2O - аммиак суы
Ca(NO3)2 - әк суы
Ca(CN)2 – кальций цианиді
Фосфор тыңайтқыштары
Са3(РО4)2 – фосфорит ұны
Са(Н2РО4)2 – жай суперфосфат
Са(Н2РО4)2∙Н2О – қос суперфосфат
СаНРО4∙2Н2О - преципитат
NH4H2PO4 - аммофос
(NH4)2HPO4 – диаммофос
Балалар, білесіңдер, ауаның құрамында 78% азот бар, бірақ сонда да өсімдіктерге азот жетіспей, аз өнім беріп жатады. Бұл неге байланысты ? Өсімдіктер азотты ауадан сіңіре алмайды екен, олар оны тек нитрат, аммоний иондары түрінде ғана сіңіре алады екен. Оларға азотты ионға айналдыруға асбұршақтылардың түйнектерінде болатын түйнекті бактериялар көмектеседі екен. Олар ауадағы азотты сіңіріп, ионға айналдырып, оны өсімдіктерге береді, өсімдіктерден органикалық заттар алады да, өсімдіктермен селбесіп симбиозды тіршілік етеді.
Сен білесің бе?
         Массасы 1т жүгері топырақтан 14кг азот; 2,5кг фосфор; 3,5кг калий; 1,5кг күкірт әкетіп отырады. Сөйтіп топырақтың құнарлылығы кеміп, тыңайтқыш қолдану қажеттілігі туады.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді: азот, фосфор және калий.
Азот тыңайтқыштары
жетіспесе мол болса
өсімдіктердің бойы өспей, жапырақ- тары бозғылт сары, жұқа, шырыны аз, гүлі майда болады, жасыл массаның түзілуі баяулайды. өсімдіктердің өсуі мен дамуы жақ-сарып, өнімі мол болады. Азот тыңайтқыштары өсімдіктерге, әсіресе, көктемде қажет.
Фосфор тыңайтқыштары
жетіспесе мол болса
жапырақтары қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды, хлорофилл түзілмейді. жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор, әсіресе, ұдайы жетілетін мүшелер (гүлі, жемісі) өскенде және дамығанда қажет.

Калий тыңайтқыштары

жетіспесе мол болса
фотосинтез қарқыны төмендейді өсімдікте крахмал, қант, май түзілуі жоғарылайды. Ол астық тұқымдас тардың сабағын қатайтып, оларды
Тыңайтқыштар экологиясы. Тыңайтқыштарды арнаулы қоймаларда сақтау керек және мөлшерден тыс пайдаланбау керек, өйткені олар қоршаған ортаны ластауы мүмкін. Минералды тыңайтқыштарды қайсысын болсын тиімді пайдаланса ғана жоғары өнім алуға болады. Егер тыңайтқышты өсімдікке шамадан тыс көп берсе, онда артық мөлшердегі сіңірілмеген тұз өнімге жиналып қалады да, өнім жеуге жарамсыз болады, денсаулығымызға зиян тигізеді. Артық нитраттар, әсіресе ерте пісетін құлпынай, қарбыз, т.б. құрамында болады.
ІV  Жаңа сабақты бекіту
Минералды тыңайтқыштар топтамасы беріледі.
Химиялық эксперимент:  Минералдық тыңайтқыштарды зерттеу.
1. Келесі тыңайтқыштардың ерітінділері  берілген: Аммоний сульфаты (NH4)2SO4.   Осы заттың сапалық құрамын анықтаңдар.
2. Фосфорлық тыңайтқыштқыштарды айырып тану
3. Калий тыңайтқышының құрамын қалай айырып тануға болады?
1. Тапсырма:
І топ:
Аммоний нитратындағы азоттың массасылық үлесін есептеңіз.
ІІ топ:
Құрамы келесідей заттың молекулалық массасын табыңыздар: Азот-12,2, сутек 5,5, фосфор-27,0, оттек-55,6.
ІІІ топ:
Карбамидтің молекулалық формуласын жазып, ондағы азоттың массалық үлесін есептеңіз.
Сәйкесін тап.
І топ:
1. Қайсысы макроэлементке жатады? 1. Са(H2РО4)2
2. К
3. N
2. Қайсысы микроэлементке жатады?
3. Барий хлориді арқылы анықтауға болады (ақ түсті тұнба түзіледі) 4. P
5. Fe6. K2SO4
7. NH4NO3
ІІ топ:
  1.Са(Н2РО4)2
4. Фотосинтез процессін жылдамдатады2. NH4NO3
5. Өсімдіктердің жап-жасыл болып өсуіне көмектеседі3. N
6. Хлорофил синтезіне қатысады4. P
7. Сілті ерітіндісін қосып қыздырғанда (аммиактың иісі сезіледі) 5. Fe  6. K2SO4
ІІІ топ:
8. Ag+ ионы арқылы анықтауға болады (Сары тұнба түзіледі) 1.Са(Н2РО4)2
2. К
3. N
9. Дәнді өсімдіктердің сабақтарын нығайтуына жағдай жасайды 4. P
5. Fe10. Өсімдіктердің гүлденуі мен тұқымына қажет заттар6. Cu7. К
3. Тест тапсырмасы
1. Тыңайтқыштардың шығу тегіне қарай жіктелуі: органикалық және бейорганикалық
а) иә б) жоқ
2. Азотты тыңайтқыштардың ішінде карбамидтің құрамында азоттың массалық үлесі жоғары
а) иә б) жоқ
3. Фосфорсыз хлорофил түзілмейді
а) иә б) жоқ
4. Өсімдік топырақ арқылы азотты аммоний ионы NH4+ және NO3- ионы түрінде сіңіреді
а) иә б) жоқ
5. Калий тыңайтқыштарына тек қана KNO3 жатады
а) иә б) жоқ
2. Минералды тыңайтқыштардың пайдасы мен зияны
пайдасы зияны

+



Сабақты қорытындылау
Минералды тыңайтқыштар – өзіне сақтықты қажет ететін химиялық заттар.   Минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдаланса ғана, жоғары өнім алуға болады.
V Сабақ соңында барлық жұмыстар бойынша қорытынды баға қойылады.
   Бағалау парағы
№ Оқушылардың
аты-жөні
Тапсырмалар
2 балл- «5», 1,5 балл- «4», 1 балл- «3» Жиынтық баға
І
Миға шабуыл (2 балл)
ІІ
топтық жұмыс (2 балл) ІІІ
салыстыру кестесі
(2 балл) IV
тест сынағы
(2 балл)
7-8 балл- «5»
6,5-5 балл- «4»
4,5-3 балл- «3»
1 2 3 4 5 6 7 8 9 VІ ІІ Үйге тапсырма: §21,  № 5, 6 есеп.