Шалкиіз жырау тол?аулары (9-сынып, ?дебиет)


Сабақ жоспары
Күні:
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Шалкиіз жырау толғаулары.
Мақсаты: Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орнын түсіндіру. Шалкиіз батырлығы мен жырларындағы ерлік сарынды сезіндіру; Жеке, топтық шығармашылық тапсырмалар орындату, салыстыра отырыпой түю, балаларға еркіндік беру; Шалкиіз поэзиясын оқыта отырып, Отансүйгіштікке, өзгелерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: таратпа қағаздар , суреттер.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: ойын
БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасамын. Сабаққа дайындықтарын, көңіл-күйлерін бақылаймын. Оқушыларды екі топқа бөлемін.
Үй тапсырмасы.
Қазтуған жыраудың «Мадақ» жырын оқушылар жатқа оқиды.
Өткенге шолу.
Оқушылардың білімін сұрақ арқылы тексеремін. Әр топқа бір-бірден сұрақ қоямын. Дұрыс жауап берген топқа суреттің бір бөлігін беремін. Барлық сұрақтарға толық жауап берген топ бірнеше бөліктерден сурет шығарады. Ол сурет әдебиет пәнінен өткен тақырыпқа байланысты.
Сұрақтар:
Әдебиет сөзін араб тілінен аударғандағы мағынасы? (асыл сөз)
Әдебиеттің неше саласы бар? (2)
ХАӘ түрлерін атаңыздар?
Тұрмыс-салт жырларының негізгі түрлерін атаңыздар?
Қой атасы, сиыр атасы, түйе атасы қалай аталады?
Жылқы атасы, ешкі атасы ше?
Ертегі неше түрге бөлінеді? Атап айтыңыздар (3)
Қартқожақ қай шығарманың кейіпкері? (Ер Тарғын)
Ер Тарғынның жары кім? (Ақжүніс)
Төлегеннің әкесінің есімі? (Базарбай)
Қыз Жібек пен Төлегенді қауыштырған? (Қаршыға)
Төлегеннің інісінің есімі? (Сансызбай)
Жібекті Сансызбайға қосуға себепкер болған кім? (Шеге ақын)
Шешендік сөздер нешеге бөлінеді?Атаныздар (3)
Тәуке ханның тұсында өмір сүрген би (Әйтеке би)
«Мен – 27 ата Кіші жүзбін, әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін...» деген биді атаңыздар? (Әйтеке)
«Қарлығаш әулие» атанған би кім? (Төле би)
«Ақыл – дұшпан, ақыл – дос , ақылына ақыл қос»,- деген бұл бидің сөзі қазірде мақалға айналған. Ол би кім? (Қазыбек би)
Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңнен тұрады? (3 – Тәңірлік дәуір, Ислам дәуіріндегі әдебиет, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет)
Түркі қағанатының жорықтары мен соғыстары қайда суреттелген? (Орхон – Енисей ескерткіштерінде)
Қорқыт ата қай тайпадан? (Оғыз тайпасынан)
«Даналық кітабы» еңбегінің авторы? (Ахмет Йасауи)
«Ескі ақындық» өлеңінде жыраулар поэзиясын аса бағалаған ақын? (Шәкәрім)
«Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауының авторы кім? (Асанқайғы)
Қай жырау өзін «Айдаса қойдың көсемі, Сөйлесе қызыл тілдің шешені» деп таныстырды? (Қазтуған)
Қай жыраудың Жәнібек ханға «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» деген толғауы бар?
Сұрақтарға жауап бере алмаған топтың сұрағына қарсылас топ жауап береді де сол суреттің бөлігін өздері алады. Ол суретті қайтарып алу үшін келесі топ қарсылас тобының тапсырмасын орындайды.
Жаңа сабақ.
Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуға 3 минут беріледі. Олар осы үш минутты тиімді пайдаланып кітаптағы Шалкиіз жырау туралы айтылғанды оқиды.
Екі топ кезек-кезек ортаға шығып, кубикті лақтырады. Кубикте түскен сан ұпай саны болып есептеледі. Үстелдегі бір сұрақ парақшасын алып, оған жауап бере алса, кубиктегі сан ұпай болып есептеледі.
Сұрақтар:
Шалкиіздің өмір сүрген жылдары (1465-1560)
Жырау шығармашылығында қандай толғаныстар көп? (адамгершілік жайындағы)
Шалкиіз жырының басты тақырыптары қандай? (ел бірлігі, ынтымағы)
Шалкиіздің «Қоғалы көлдер..» ары қарай? (құм сулар)

Бекіту.
Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.
Қорытынды:
Үйге тапсырма: Шалкиіздің Би Темірге толғауын жаттау
Бағалау.