Математика п?нінен саба? жоспары.?шінші белгісіз ?осыл?ышты табу?а берілген есептер.


Рахишева Гульжанат ЕрталаповнаБатыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер.
Сабақтың мақсаты: үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептің жаңа түрімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдері туралы алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
Амандасу.
Психологиялық сәт.
Үй жұмысын тексеру.
ІІ.Мағынаны тану.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша жаттығулар:
Сыныпта 15 қыз бала және 13 ұл бала бар. Сыныпта неше бала бар?
· сыныпта 28 бала бар. Оның 15 – і қыз бала. Сыныпта неше ұл бала бар ?
· Белгісіз қосылғышты қалай табу керек? 34 +  = 40.
34 +  = 54
· Бумада 8 көк, 9 сары, 2 қызыл шар бар. Барлығы неше шар? Қалай тиімді есептеуге болады? ( 8 +2 + 9 )
· 15 + 13 + 17 өрнегі және суреті бойынша есер құрастыр.
· Тиімді септе : 17 + 25 +3 29 – ( 3+9) 54+27+3 .
Оқулықпен жұмыс .
2 ( а, ә) – есептерді оқулықта берілген суреттерге сүйене отырып, ретімен шығарады.
а)І-бөлік-7м Шешуі:7+4+8=19 7м 4м 8м
ІІ-бөлік-4м ?м
ІІІ-бөлік-8м Жауабы:19м ?
ә)І-бөлік-7м Шешуі:1.19-(7+4)=8
ІІ-бөлік-4м 19м 7м 4м ?
ІІІ-бөлік-?
Жауабы :ІІІ бөлік 8м 19м
Оқушыларға 2 (ә) – есептің шығару жоспарын түсіндіруге мүмкіндік беру керек. Берілген есептің түрінің атауын оқушыларға хабарлаудың керегі жоқ. Егер оқушылардың бірі бұл есептің кері есептер болатынын анықтап жатса, оны мадақтап, өз қорытындысын жасауды сұраңыз. Есептің берілген түрін шығару тәсілін оқушылар сызба арқылы оңай меңгеркді.
Есепті 3 түрлі тәсілмен шығаруды көрсету керек: 1 –тәсіл. 19 –( 7+4) 2–тәсіл: 19 – 7-4 3 –тәсіл: 19-4-7
Белгісіз үшінші қосылғышты табу үшін,қосындыдан белгілі қосылғыштарды азайту керек.
Берілген жағдайда септің сандық деректері тиімді тәсілді таңдап алуға мүмкіндік бермейді. Бірақ басқа есептерде тиімді есептеуді таңдауға болады. Мына пішіндерді атап есімізге түсірейік.Неге төртбұрыш, төрт қабырғасы бар,төртбұрышы бар,төрт төбесі бар ттс.Ал периметрі деген не?-Фигуралардың барлық қабырғаларының қосындысына тең.
3 – есепте периметрі мен екі қабырғасы белгілі болса, үшбұрыштың үшінші қабырғасы қалай табуға болатынын ойланады. Периметрдің фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы екені еске түсіріледі.
4 –есеп 29 42 ?
а)Семсерқұйрық-29 шешуі:1. 97-(29+42)=26
Неон-42 97балық 2. 97-42-29= 26 97
Гуппи-? 3. 97-29-42=26 25 20 ?
Б) І-тарау-25бет Шешуі: 90-(25+20)=45
ІІ-тарау-20бет 90бет 90-25-20=45 90
ІІІ-тарау-? 90-20-25=45
№5.
А.Шіл-12
Саңырауқұр-15 34 Ш: 34-(12+15)=7
Бөдене-? Ж: 7 бөдене
Б.Шіл-12
Саңырауқұр-15 Ш: 12+15=27
Бөдене-? сонша Ж:27 бөдене
Д.Шіл-12
Саңырауқұр-? 6а Ш: 12+6=17 17+7=21
Бөдене-? 7а Ж: 21 бөдене
6-тапсырма.
56+32=88 67+19=86 100-45=55 56+28=84
98-34=64 45-19=26 50-19=31 44+26=70
6,7 – тапсырма үйге орындауға беріледі.
ІІІ.Қорытынды.
Бағалау.