?дебиеттік о?удан ашы? саба? жоспары А?ылды бала О. Ас?ар


Астана қаласы
№63 мектеп-гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі
Асанова Жанат Нуртаевна
Пән: әдебиеттік оқу Сынып: 4 «А» Мерзімі: 21.04.2016ж.
Тақырыбы: О. Асқар «Ақылды бала»
Мақсаты: О. Асқардың шығармашылығы туралы мағлұматтарды кеңейту.Әңгіменің басты кейіпкеріне мінездеме беру арқылы идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Шығармашылық белсенділіктерін шыңдай отырып, өз бетінше ізденуге, ойын тұжырымдай білу дағдыларын дамыту.
Мәтіннің мазмұнын ұғыну арқылы адал болуға, ұрлық жасамауға, ақылдылыққа баулу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Стоп, кадр», «Оқиға картасы», сұрақ-жауап, «Тұлғаны сипаттау», «Болжау стратегиялары»
Көрнекі құралдар: Презентация, сурет, кесте, бейне баян, әңгіменің аудиожазбасы
Сабақтың барысы:
Қызығу-
шылығын ояту
-Психологиялық көңіл-күй
1) Топқа бөліну
2) Балаларға арналған ән орындау (топпен)
Үй тапсырмасын тексеру «Достық өлкесінің заңы»
М. Шаханов туралы мәлімет сұрау
Мәнерлеп оқыту
Кластер бойынша «достық» сөзіне тоқталу
Жаңа материалды меңгеру және зерттеу, жүйелеу -Автор туралы мәлімет беру.
- аудиоәңгімені тыңдату, бөлімдерге бөлу арқылы, «Болжау» стратегиясын қолдану.
Сөздік жұмысы
Имену – қорқу, жасқану.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту, сұрақ дайындату.
Сергіту сәті «Кел, билейік!!!»
Бекіту
Дәптермен жұмыс
1.«Ұрлық»сөзін сипаттайтын 2-3 сөз жаз.
Ұрлық жақсы көретін 2-3 затты жаз.
Ұрлыққорқатын 2-3 сөз
Баланыңбасынан өткізгенсезімдерін ата
Мағынасы қарама-қарсы сөздер жаз:
Арамдық-
Арам-
Қадақ кем-
Сөзге түсіндірме жаз:
Сөзіме құлақ сал-
Қорытынды ОҚИҒА КАРТАСЫ
Атауы Кейіпкер Ахуал, жағдай
Шешім Проблема
Оқиға
Мақал-мәтелдерді түсіндіру, талдау.
Ақыл – жастан, асыл –тастан.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Айла алтау, ақыл жетеу.
Үйге тапсырма беру 126-127-бет мазмұндау
Бағалау -Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Сабақтың өзіндік талдау парағы
Мұғалімнің аты-жөні:Асанова Жанат Нуртаевна
Пәні:әдебиеттік оқуСынып: 4 «А»Мерзімі: 22.04.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: О. Асқар «Ақылды бала»
Сабаққа қойылатын мақсат, міндеттер, шешімі:
О. Асқардың шығармашылығы туралы мағлұматтарды кеңейту.Әңгіменің басты кейіпкеріне мінездеме беру арқылы идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Шығармашылық белсенділіктерін шыңдай отырып, өз бетінше ізденуге, ойын тұжырымдай білу дағдыларын дамыту.
Мәтіннің мазмұнын ұғыну арқылы адал болуға, ұрлық жасамауға, ақылдылыққа баулу.
Өткен тақырыппен байланысы:
М. Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңін мәнерлеп оқыту, талдау, «Достық» сөзінің мағынасына тоқталынды.
Танымдық, шығармашылық, ізденіс жұмыстарының іске асырылуы:
«Болжау» стратегиясы, «Оқиға артасын» толтыру. Топпен жұмыс, талдау, мақалдардың мәнін ашып, түсініктерін ортаға салу.
Сабақты өту барысында жоспарға өзгерістер енгізілді ме, неліктен, нәтижесі қандай?
Өзгерістер енгізілген жоқ, жоспарға сәйкес өтті.
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерінің себептері неде?
Сабақ мақсатына жетті. Сабақ кезеңдері сақталды. Оқушылар ойларын ортаға сала білді. Тақырып ашылды, мәтін мазмұнын талдау барысында оқушылар өз пікірін автор пікірімен салыстыра отырып баяндады. Топпен жұмыста оқушылардың басым бөлігі белсенділік танытты.
Бастауыш сынып мұғалімі Ж. Асанова
Астана қаласы
№63 мектеп-гимназия
Сабақтың тақырыбы:
Оразақын Асқар «Ақылды бала»
Пәні: әдебиеттік оқу
4«А» сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Ж. Асанова
2015-2016 оқу жылы