Презентация по биологии на тему Жор?алаушылар класы. Жалпы сипаттама. Дене ??рылысы ж?не тіршілік ?рекеті. (7 класс)


Сабақтың тақырыбы:Жорғалаушылар класы. Жалпы сипаттама. Дене құрылысы және тіршілік әрекеті.
Сабақтың мақсаты:Нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануардың қағанақтылар (амниоттар) тобына жататын жорғалаушылардың құрылысының, тіршілік әрекетінің ерекшеліктерімен, сан алуан түрлерімен таныстыру; бұл класқа жататын жануарларды суретіне қарап тани білуге үйрету, құрлықта тіршілік етуге бейімділік қасиеттерін нақты түсіндіру. Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы туралы дүние – танымдық көзқарастарды қалыптастыру.
Білімдерін тексеру:Құрлықта қосмекенділер қандай мүшесі арқылы қозғалады? Қосмекенділердің дернәсілдері қандай мүшесі арқылы тыныс алады? Олардың ересектері құрлықта қандай мүшелері арқылы тыныс алады? Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты қанайналым жүйесінде қайдай ерекшеліктері бар?Қосмекенділердің сезім мүшелері қалай дамыған?Қазақстанның Қызыл кітабына қосмекенділердің қандай түрлері тіркелген?



Жаңа сабақЖоспарЖорғалаушылардың құрылысында, тіршілік әрекетінде өздеріне тән белгілері қандай?Жорғалаушылар қаңқасының күрделенуі, қаңқа бөлімдері, әрбір бөлімнің өзіне тән ерекшелігі.Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуіне байланысты тынысалу жүесінің құрылысы қандай?Жорғалаушылар мен қосмекенділердің қанайналым жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?Жорғалаушылардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің бақамен салыстыру.Жорғалаушылардың көбеюі мен даму ерекшеліктері қандай?Жорғалаушылардың жіктелуі.




ЖорғалаушыларғаКесірткелерЖыландарТасбақаларҚұбылғыларКрокодилдер т.б. жатады.


Жорғалаушылардың сан алуандылығыКрокодил (тәмсақ)
тасбақа
кесіртке
жылан
Жорғалаушылар класы (Рептилии)ҚАБЫРШАҚТЫ-ЛАР отрядыКРОКОДИЛДЕР отрядыТАСБАҚАЛАР отрядыӨкілдері КЕСІРТКЕЛЕРӨкілдері ЖЫЛАНДАРӨкілдері Хамелеондар Тұрқы 15-20смДенесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бес саусақты аяқтардан тұрадыБас пен денесін мойын жалғастырып тұрады, сол арқылы басын жан-жаққа басын бұрып қарайдыТүсі сұр немесе жасылСаусағында тырнақтары барКесірткенің ішкі құрылысыСұр кесіртке Күн көзі жақсы қыздыратын ашық далалы, орманды, таулы жерлерде жиі кездесетін ширақ хайуанатТеңізден тауға дейінгі 1500м биіктікке дейін кездеседіКүннің ыстығынан, түнде және жауынан қорғану кезінде басқа жануарлардың інін пайдалану мен бірге өзі де ін қазып, соған жасырынадыТіршілік ортасы Қаңқасының ерекшелігіОмыртқа жотасы 5 бөліктен құралған, олар мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларыАлғашқы екі мойын омыртқа басқаларынан ерекше, оларды атлант және эпистрофия деп атайды, олар кесірткенің басын жақсы қимылдатуға мүмкіндік береді Арқа және бел омыртқаларына қабырғалар жалғасады. Арқа омыртқаның алдыңғы жағында бес жұп қабырға жақсы жетіліп, екінші ұштары шеміршек арқылы төссүйекке жалғасады да кесірткеде кеуде қуысы пайда болады. Сегізкөзді құрайтын екі омыртқаға жамбастың сербек сүйектері жалғасады. Кесіртке денесіндегі басқа сүйектер бақаның қаңқасына ұқсас Жорғалаушылардың денесі
Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады.
Сүйір тұмсықты басы барБасының жанында көзі қозғалмалы қабақты болып келедіҮшінші қабақ пайда болғанКөздің артында құлақ кіреберісі орналасқанҰшы айыр, жіңішке және ұзын тілімен сипап сезедіИіс сезу мүшесі танау қуысында Термин сөздерЖорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласын – герпетология (грекше “герпетон” – “жорғалаушылар” + “логия” - ғылым) деп атайды.

Кесірткенің ішкі құрылысы1-кеңірдек, 2-өкпе, 3-ұйқы безі, 4-клоака, 5-ішек, 6-қарын, 7-бауыр, 8-екі қолқа доғасы, 9-жүрек, 10-қолқа доғаларының қосылған тұсы.

Жорғалаушылар мен қосмекенділердің қанайналым жүйесі.
Жорғалаушылардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелерін бақамен салыстыру.Жорғалаушының миы1-Алдыңғы ми, 2-ортаңғы ми, 3-мишық, 4-сопақша ми, 5-жұлын.Бақаның миы1-Алдыңғы ми, 2-ортаңғы ми, 3-мишық, 4-сопақша ми, 5-аралық ми, 6-жұлын.





гаттерия
Қозғалыс әрекетіқосмекенділержорғалаушылар-Екі өкілдің қаңқасының орналасуында қандай ерекшелік бар?-Қозғалысында ше? Мақал“Жұмыртқадан жылан да, қыран да шығады”.
ЖұмбақАсты тас, үсті тасОртасында тірі жан (тасбақа)

Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінедіТұмсықбастыларҚабыршақтыларТасбақаларКрокодилдер


Дәптермен жұмысҚазақстанда жорғалаушылардың 51 түрі кездеседі. Тасбақаның – 2, кесірткелердің – 30, жыланның – 19 түрі тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) кесірткенің – 6, жыланның – 4 түрі тіркелген.
Санмен тізбектелген белгілердің қай жануарларға тән екенін кестеге толтырыңдар{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Сүйекті балықтарҚосмекенділерЖорғалаушылар РефлексияЕкі жұлдыз, бір тілек Жас достар!Сендер де өлкеміздің және өздерің тұратын жердегі сирек кездесетін жануарларды қорғауға өз үлестеріңді қосыңдар!