Буна?денелілерді? ш?п?оректі, жырт?ышты?, паразиттік ж?не аса паразиттік ?кілдері Буна?денеліледі? ш?п?оректі, жырт?ышты?, паразиттік ж?не аса паразиттік ?кілдері


Бекітемін: ______________ Күні: 28.01.2016ж Сыныбы: 7
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыштық, паразиттік және аса
паразиттік өкілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыштық, паразиттік және аса
паразиттік өкілдері туралы мағұлмат беру
Тәрбиелілік: Оқушыларды бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыштық, паразиттік және аса
паразиттік өкілдері туралы білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыштық, паразиттік және
аса паразиттік өкілдері туралы ой - өрісін дамыту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: плакат
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеруII. Үй тапсырмасын тесеру
1. Қазіргі кезде буынаяқтылардың қанша түрлері бар?2. Буынаяқтылардың типтерінің неше класы бар?3. Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі не?4. Буынаяқты жәндіктерінің буылтық құрттардан айырмашылығы неде?5. Хитин дегеніміз не?III.Жаңа сабақ
Азиялық шегіртке - өте қауіпті ,зиянкес жәндік.Көкқасқа шегірткенің аналығының бір жазда Өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғырлары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген,тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.Шегірткелер дернәсілдерінің топтасуын - жаушоғыл, ересектерінің жинақталуын - Үйір түзеді.Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. Колорадо қоңызы – картоп және т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ұзындығы 9 – 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары (әр жағында 5-тен) бар. Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтүстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған.Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді. Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу. Тарақан - үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары, Бит — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттіңжануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.Бит денені қышытып мазасыздандыруымен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе, сүзек,оба, туляремия) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді (педикулез) болдырмау үшін тазалық сақтау қажетБүрге –буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Олардың дүние жүзінде2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр-қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас-көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 — 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б-лер 3 жылдай тіршілік етеді. Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans)адамның және жылқының, мысықтың, т.б. жануарлардың қанын сорады, сондай-ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора-жай таза ұсталуы тиіс.
IV. Бекіту
1. Қазіргі кезде буынаяқтылардың қанша түрлері бар?2. Буынаяқтылардың типтерінің неше класы бар?3. Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі не?4. Буынаяқты жәндіктерінің буылтық құрттардан айырмашылығы неде?5. Хитин дегеніміз не?V. Қорытынды
Азиялық шегіртке - өте қауіпті ,зиянкес жәндік.Көкқасқа шегірткенің аналығының бір жазда Өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғырлары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген,тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.Шегірткелер дернәсілдерінің топтасуын - жаушоғыл, ересектерінің жинақталуын - Үйір түзеді.Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. VI.Үйге тапсырма
§47 Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыштық, паразиттік және аса паразиттік өкілдері
VІІ.Бағалау
Сабақ айтқан оқушыларды бағалау