Саба?ты? та?ырыбы: Гимнастика саба?ында ?ауіпсіздік ережелерін са?тау, Сапты? жатты?улар. Бір лектен екі лекке,екі лектен бір лекке сапталу
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау,
Саптық жаттығулар. Бір лектен екі лекке,екі лектен бір лекке сапталу
Өткізілетін күні: ____________Сыныбы:
Өткізілетін орны: СпортзалУақыты: 45 мин.
Сабақтын мақсаты:
1. Білімділік: Гимнастика,акробатика сабақтарында қауіпсіздік ережесін айту.
Оқушыларға саптағы гимнастикалық жаттығуларды үйрету.
2. Денсаулық сақтау : Шапшандық, икімділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гимнастикалық төсеніш, секіртпе.
Сабақтағы тапсырмалар Сабақтың мазмұны Шамасы, мөлшері Ұйымдастыру - әдістемелік нұсқау
Ұйымдастыру бөлімі
С/ тақырыбы және тапсырмасымен таныстыру. Сапта тұрғанда дұрыс тұруларына назар аудару. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыртқызу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Оқушылардың дене шынықтырудан денсаулықтарына байланысты анықтама қағазын бақылауға алу.
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру 1-2 мин Әр оқушы ережемен танысқаны жөнінде қол қою.
Дайындық бөлімі
Саптық жаттығулардың орындалу ережелері Жүру. Спорттық жүріске көшу. Жүгіру – теріс қарап жүгіру – оң (сол) қырынан жүгіру - секіріп жүгіру- оң (сол) аяқпен секіру – қос аяқпен секіру – бақа болып секіру аяқтың ұшымен жүгіру - өкшесімен жүгіру – билеп жүгіру – тізені көтеріп жүгіру - үдеумен жүгіру – ақырындау -үйректің жүрісі- ақырын жүріске көшу дем алысты қалпына келтіру. Бір орында тұрып және қозғала жүріп жалпы дамыту жаттығуларын орындау. 6-8мин Жүгіргенде,
әр жаттығудың дұрыс орындалуын талап ету,
дұрыс тыныс алу
Негізгі бөлімі
Оқушыларға саптағы гимнастикалық жаттығуларға үйрету: Бір орында.
- Бір қатардан екі қатарға тұру.
- екі қатардан бір қатарға тұру.
- Бір қатардан үш қатарға тұрып,қайта бір қатарға тұру.
Жүрісте:
- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.
Секіртпемен секірту.
15 -20 мин
Ережелерді есте сақтау
Айту , дұрыс көрсету.
Қателіктерін жою.
Ойын бөлімі
-жеке бұлшық ет топтарын дамытуға
арналған әр түрлі
жаттығулар Ойындар ойнау :
- Жылан.
Ұзын секіртпе жасап, топпен секірту.
Бір топқа күштік жаттығулар: отырып тұру, пресс,қолды бүгіп жазып денені көтеру, кермеде тартылу жаттығулары. 10-15 мин Ойын ережесі сақтау,
ойын дағдысын қалыптастыру
Қорытынды бөлімі
Бір қатарға сапқа тұрғызу.
Сабақ барысын талдап өту,
тәртіпке назар аудару 1-2 мин Үйге тапсырма