«О?у процесін тиімді ?йымдастыру ар?ылы н?тижеге ба?ыттал?ан білім беру»
«Оқу процесін тиімді ұйымдастыру арқылы нәтижеге бағытталған білім беру»
Базаева Гульмира Бакытхановна
Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.
КММ «Ақсу орта мектебі»
қызметтік телефоны: 8-723-42-20-7-78
үй телефоны: 8-723-42-20-6-39
Информатика пәнінің мұғалімі
e-mail: bazaeva-gulmira@mail.ruТәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Бізге экономикалық қоғамдық жаңару талаптарына сәйкес жаңа білім жүйесі қажет» деген болатын.
Осы орайда еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін білім саласындағы өзгерістер: оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, жан – жақты дамыған барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің маңызын, мазмұны мен технологиясын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Бүгінгі таңда еліміз нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім дегеніміз - баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс-әрекеттер жиынтығы.
Бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті мақсаты – рухани бай, жан – жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр педагогтің сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «Менін» ашу, сол «Менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу.
Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне қарай білім берілуі тиіс. Жаңа парадигмаға сай оқу процесінің орталығында оқушының қажеттіліктері, қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады. Оқушы мұғаліммен қатар оқу әрекетінің субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім – ұйымдастырушы, кеңесші, әріптес болып табылады, яғни оқушы іс-әрекетінің педагогикалық көмекшісі болып табылады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі, инновацияны жан-жақты меңгеру, инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру, инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары, инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.Үйреншікті әдіс - тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек,оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз.
Әрбір технология өзіндік жаңа инновацияларымен ерекшеленеді. Инновация әрқашан ізденістің нәтижесі болып табылады. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданынуымыз қажет.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
.