Физика п?нін о?ыту мен о?уда а?паратты? — коммуникативтік технологияларды пайдалану


«ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ –
КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ»
Рахимбаева Жұлдыз Сархытхановна,
Физика және электротехника пәнінің оқытушысы,
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Евразиялық технико – гуманитарлық колледжіОқыту мен оқуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану - білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы жан-жакты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны калыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.
Сондықтан білім беру саласында көзделген мақсатқа жету үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық коммуникативтік
технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Бүгінгі ұрпақ сандық сауатты, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. Сондықтан да әрбір пән мұғалімі алдымен өздері ақпараттық - коммуникативтік технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдірулері қажет. Содан кейін оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтап, сабақ жоспарларын құру, оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау, оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету.
Ақпартты беру және алмасу мақсатында ақпараттық коммуникативтік
технологияларды түрлі үлгілерде, түрлі құралдар арқылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал — компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды
пайдалану көзделеді.
Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын
әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу
ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты
толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға
көмектеседі;
гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с.
(мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);
әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп,
олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты – дәріс сабақтарында
интерактивті тақталарды қолдану болып табылады. ActivBoard интерактивті
тақтасы мен ActivStudio программалық қамтуын оқу үрдісінде пайдалануда. Бұл бағдарламалық-техникалық кешеннің өзіне тән ерекшелігі, әмбебаптығы,
интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығы және қолданушыға пайдалануға
түсініктілігі мен интерфейсінің қарапайымдылығы. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi. Интерактивті тақта-барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушылар
матеиалдарды жақсы түсінеді және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, сызбаларды беруде өте ыңғайлы. Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Интерактивті тақтаның мұғалім сабақ барысында қолдана алатын анықталған құралдар жинағы бар. Олар оқушылардың сабақ тақырыбына орай шығармашылықпен әрекет етуін қаматамасыз етеді.
Оқу үрдісінің ақпараттық-техникалық қамтамасыз етілуін жүйелі түрде іске асыру, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды тиімді де сапалы қолдану мақсатында – интернетке шығу. Интернет-ресурстарды пайдалануға бағытталған белгілі бір білімдердің жиынтығы, бұл бұдан басқа да күрделі білімдерді игеруге көмектеседі, бұл үшін білім беру сайттары мен порталдарын білуі. Мотивациялық саласының көрсеткіштеріне ғаламдық Интернет желісіндегі ақпараттық-білім беру кеңістігіне қызығуы; ғаламдық және жергілікті желілермен жұмыс жасауға ынталануы; отандық және шетелдік Интернет-ресурстарды табуға қызығуы; порталдар мен іздеу жүйелерінде жұмыс жасау әдістемесін меңгеруге ұмтылуы; Интернет-ресурстарды өздерінің сабақтарында пайдалануға ұмтылуы жатады. Мұғалiм - ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты,
ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi
өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту
бағыттарын талап етедi.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу
материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар
бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң
жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен
тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен
шектеледi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.
Ақпараттық коммуникативті технолгияны қолдану арқылы оқыту:
жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу;
елiмiзде және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру мүмкіндіктерін береді.