«О?ыту мен о?уда а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды (АКТ) пайдалану».


Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
Бекітемін
Колледж әдіскері
________ А.Қ.Мамбетова
Семинар-тренинг жоспары
Тақырыбы: «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану».

Ақсукент -2016 жыл
Жалпы мақсат: АКТ-ды күнделікті сабаққа қолданудың маңыздылығын, осы құралдар көмегімен оқушылар әлемін танып біліп, оқушылардың ойымен ойлай алу қабілетіне ие болуға, олардың ғаламтордағы тіршілігінен хабардар бола білуге және мұғалім жұмысын автоматтандыру үшін арналған тиімді тәсілдерін білдіру, қажеттілігін мойындату.
Қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, маркер, қалам, аудио, видео материалдар, слайдтар, топтардың аттары, сабақтардағы АКТ көмегімен қолданылған әдіс-тәсілдер фрагменттері.
Кіріспе сөз.
Семинар – тренинг қонақтарымен сәлемдесу. Топ құрамын таныстыру:
1. Дандыбаева Ұ.З. – топ лидері
2. Якименко В.В.
3. Ахмедова Р.А.
4. Рахматуллаева С.Т.
5. Мирзаметов Ж.М.
6. Юлдашкулова Д.Х.
7. Абдулхаков М.Ш.
8. Нартаев Ф.М.
Оқытушыларды топқа бөлу. Берілген сурет қиындысы, яғни мозайканы оқытушыларға таратып беріп, құрастыру арқылы топтастырамыз. Топ атауын жариялаймыз. 1 топ – Лидер, 2 топ – Эрудит, 3 топ - Интеллект
Слайд бойынша тақырыпты ашу.

Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) — компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Компьютерлік техниканы сабақта не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады? Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада:1. Жеке басының дамуы• ойлану• эстетикалық тәрбие• экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту• ақпараттық мәдениетін қалыптастыруҚоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:• Білім сапасын арттыру;• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;• Орта білімді ақпараттандыру;• Интернет жүйесін пайдалану;• Электрондық оқулықтар;• Қашықтықтан басқару.
«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»модулінің оқыту нәтижесі:
1.Оқушылардың қабілеттерін жетілдіруде АКТ арқылы ақпараттың негізгісін таңдауға, өңдеуге, түзетуге, бақылау жүйесін жетілдіруге, тестлеуге және психодиагностика жасауда тиімді пайдалана білуді меңгерді.
2.Кең көлемді ақпараттарға оқушының өз күшімен қол жеткізуге мүмкіндік береді.
3. Мұғалімдердің желілік қоғамдастық жүйесін тиімді қолданудың басымдықтарын жетілдіре алды.
4. Қашықтан біліктілікті арттырудың замануи жүйесініндегі мәселелерді бірлесе шешуді меңгерді.
1.Оқытушы: Мирзаметов Жасур Мехманкулович
Электронды бағалау журналы туралы түсіндіріп өтеді және «Ғажайып алаңы» ойынын көрсетеді.
Мақсаты: интерактивті тақта көмегімен уақытты тиімді пайдалана отырып «Ғажайып алаңы» ойынын ойнатып, пәнге деген қызығушылықты арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
«Ғажайып алаңы» ойынының шарты: интерактивті тақтада дөңгелек айналып тұрады, топтағы қатысушылардың тоқтатуымен дөңгелек белгілі бір санға тоқтайды. Сол сан бойынша сұрақ ашылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген топқа ұпай саны қосылады.
2. Оқытушы: Юлдашкулова Динара Хамракуловна
«Коллаж» әдісі.
Мақсаты: «Коллаж» әдісі арқылы аудио материалдарын тыңдата отырып, тапсырма бойынша суреттерді жапсыру арқылы ағылшынша, қазақша, орысшы атауларын жаздырту, фонематикалық есту қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілінде тыңдау қабілетін арттыру.
«Коллаж» әдісін қолдану тәсілі: Топтарға алдын-ала суреттер таратылады.Кейін аудио материал қойылады, қатысушылар тыңдап отырып естіген сөздеріне сәйкес суреттерді қағазға жапсырып, тұсына ағылшынша, қазақша, орысша аудармаларын жазады. Дұрыс толтырған топқа ұпай саны қосыла береді.
3. Оқытушы: Якименко Валентина Владимировна
«Два волка» тақырыбында астарлы әңгіме (притча).
Мақсаты: Өзін-өзі тану пәні бойынша интерактивті тақта көмегімен «Два волка» тақырыбында астарлы әңгімесін (притча) оқыта отырып, қарым-қатынас жасау арқылы, әңгіменің мағынасын сұрап, адам бойындағы оң және теріс қасиеттерді жіктеп шығу, талдау, ойларын жинақтау.
4. Оқытушы: Абдулхаков Махмуд Шавкатович
«Фишбоун» әдісі
Мақсаты: «Фишбоун» әдісі арқылы берілген сұрақ бойынша интернет желісін қолдану арқылы қосымша ақпарат және мәліметті өздеріне іздете отырып, тапсырманы орындату.
30822901327150023583901327150 Себептері, дәлелдемелер
39014406477010528307810500
2358390831850030822908318500184403935560 Шешім
Тапсырма Фактілер5. Оқытушы: Рахматуллаева Севара Торажановна
Бейнебаян. «Т модификациясы» әдісі.
Мақсаты: Интерактивті тақта көмегімен бейнебаянды көрсете отырып, қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық және танымдық белсенділіктерін арттыру.
6. Оқытушы: Ахмедова Ранахан Абдрахмановна
Электрондық оқулық. «Қоршаған орта» пәні
Мақсаты: Сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың тиімділігі мен тақырыпты тереңірек меңгерудегі ролі жайлы мәлімет беру.
7. Оқытушы: Нартаев Фарух Мураджанович
Сергіту сәті.
Мақсаты: АКТ пайдалану барысында көздің шаршап, талуына байланысты демалдыру жаттығуларын орындата отырып, бойды сергіту.
8. Оқытушы: Дандыбаева Ұлдана Заурбековна
Венн диаграммасы.
Мақсаты: Топтарға АКТ-ның тиімді жағы, АКТ-ның тиімсіз, яғни зиян, кедергі келтіретін жағы, келесі топқа осылардың ортақ қасиетін жазу тапсырылады.
АКТ-ның тиімді жағы АКТ-ның тиімсіз, яғни зиян,
2434590158115006057909144000 Ортақ қасиеттері кедергі келтіретін жағы
Оқытушы: Мирзаметов Жасур Мехманкулович
Бағалау нәтижесі.
Мақсаты: Берілген тапсырмалар бойынша топтардың нәтижесін жариялау, марапаттау.