Жа?а а?паратты? – коммуникациялы? технологияны ауылды? мектепте ?олдану
Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияны ауылдық мектепте қолдануСолтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Златогорская орта мектебіИнформатика пәнінің мұғалімі: Мағзұм Нұрланбек
«Қазiргi заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдiк стандартқа сай мүдделi жаңа бiлiм беру өте қажет» Н.Ә.Назарбаев
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлауын қабілеттіліктерін дамытады. Ал, оқушылар үшін ашық әдістемелік жүйе, өзінің іс-тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
Шалғайдағы ауыл мектептері үшін бұл оқулықтар тек оқулық күйінде қалуда. Электронды оқулық пен кәдімгі оқулықтың айырмашылығы көбінесе аздау болып жатады. Өйткені: 1) ауыл мектептерінде Интернет жүйесіне шыға алмай қалған жағдайда, оқушылардың дербес шығармашылық жұмыстарына қажетті материалдарын оқи алатындай жағдайдағы электронды оқулықтар болса дейміз. Яғни, электронды оқулықтарға тереңдетілген, іздестірілген, зерттелген материалдар, үлестірмелі тапсырмалар т.с.с берілсе ұтымды болар еді. 2) Бүгінгі таңдағы ауыл мектептеріне жеткізілген электрондық оқулықтар ашылмай қалады; 3) Жекелеген негізгі пәндерге арналған оқулықтар болмаса, кейбір пәндер бойынша оқулықтар жоқ .
Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, мектептегі информатиканы оқытуды жетілдіре отырып, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттыру мақсатында электрондық оқулық жасадым .