А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ? ПАЙДАЛАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? БІЛІМ ДЕ?ГЕЙІН «МАСТЕР-ТЕСТ» ПРОГРАММАСЫ БОЙЫНША АНЫ?ТАУ
ӘОЖ-004.04
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН «МАСТЕР-ТЕСТ» ПРОГРАММАСЫ БОЙЫНША АНЫҚТАУ
Бекшеев Нурлан Сапарғалиұлы
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының
информатика пәні мұғалімі, Тараз қ.
Ақпараттық оқыту технологияларының және модульдік оқыту тәсілінің оқу үрдісіне кеңінен ене бастауына сәйкес оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тестік форма қолданылуда. Қазіргі кезде жоғары және орта оқу орындарында ағымды емтихан негізінен тест әдісімен өткізілуде және де бұл процесте негізінен тестілеудің жабық формасы пайдаланылады. Мұндай біржақты пайдаланудан барып тестілеу мүмкіндігіне күмәндану туа бастайды. Ақпараттық оқыту технологияларын пайдалануда оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тесттік форма, тестілеу әдісі оқыту және білім алу сапасына қандай жағдайда тиімді оң әсерін тигізе алады. Осы мәселеге тікелей көшердің алдында әрі қарай түсінікті болуы үшін тест және компьютерлік тестілеуге байланысты басты ұғымдардың мазмұнына тоқталуға болады.
Тестілеу – өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау. Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тесттер көмегімен жүргізіледі. Тесттік тапсырма деп – нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты (түсінікті) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырманы айтады. Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тесттік тапсырмалар жинағы. Тесттің эквиваленттік класы деп оқушының тест тапсырмаларының ішінен бір нұсқасын (вариантын) орындаса алғашқыларын (немесе кейінгілерін) орындауына да мүмкіндік беретін тесттік тапсырмалар жинағын айтады. Білім моделінің барлық модульдері бойынша әртүрлі тесттік тапсырмалар жинағы тесттік кеңістікті құрады. Өзіндік және эксперттік білім модельдері арасындағы сәйкестікті обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тесттік кеңістіктің ішкі жиынын толық тест деп атайды. Көлемі және уақыты бойынша оптимальді тест тиімді тест болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырушының және жүргізушінің негізгі міндеті осы тиімді тестті дайындау.
Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.
Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыру керектігі жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі.
Сонымен, қазіргі кезде тесттік тапсырмаларды интернет арқылы тапсырып біршама нәтижелерге қол жеткізуге болатынын айтуға болады. Әсіресе оқушылардың және білімгерлердің өзіндік бақылау тапсырмаларын алуға мүмкіндік беретін, арнайы тест құрып және тапсырмаларын электронды сайттар арқылы жүргізу өте тиімді. Себебі,
пән мұғалімі тест тапсырмаларын балама түрде алуда жаңа технологияларды игеру оның басты мақсаты болып табылады. Осы орайда тесттік кеңістік деп отырғаным мұғалім бір тесттік тапсырмамен оқушының білім деңгейін тексеруде, электронды тесттік сайттарды барынша қолданып оқушыларға үй тапсырмасы және өзіндік бақылау жұмысы ретінде қалыптастырып отырса оқушылар үшін де өзінің білімін тексеріп онлайн режімде мұғаліміне нәтижесін көрсетіп отырады. Бұл орайда мұғалім, оқушылармен және оларды атаналарымен тығыз байланыс орнату электронды пошта және оқушының тесттік контентінде жүргізіледі.
635129095500 Жоғарыда айтылып кеткен мәселелерді шешуде ұсынылып отырған онлайн тестік электронды сайттардың бірі Мастер-тест сайты болып табылады. Бұл Мастер-сайт мұғалімдер және оқушылар үшін тест тапсырмаларын автоматты түрде үйлестіре алады. Бұл электронды сайттың бір ерекшелігі үй тапсырмасы немесе бақылау жұмысы ретінде тест тапсырмаларын берсе, оны оқушылар үй жайларында отырып тапсырып, бір мезгілде оқушы өз білім нәтижесінің бағасын алып, ал мұғалім сол оқушының нәтижесін онлайын режімде көре алады.
Сурет-1 Мастер-тест сайтының парақшасы
Мастер-тест автоматтандырылған тестілеу жүйесі келесі мүмкіндік береді:
— сабақ уақытын үнемді пайдалануға;
— оқушылардың білімін сапалы түрде бағалауға;
— оқытушыларды жазбаша түрдегі тексеруден босату;
— оқушылардың алған жаңа сапалы білімдері арқылы біліктілік пен дағдыны
қалыптастырудағы қызығушылығын арттыруға;
— ағымды бақылау жүргізуде негізгі тексеруші құрал ретінде қолдануға;
— оқытудың мотивациялық бағытын арттыруға;
— бағалаудың объективтілігіне.
Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушылардың бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып, оқушыларды тоқсан ішінде бірнеше рет тестілеу – олардың ағымдық білімін бағалаудың негізгі әдістерінің бірі. Өзіндік жұмыстар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардың білім деңгейін көтеретіні сөзсіз.
Сурет-2 Мастер-сайт парақшасының мұғалім контенті
Сонымен, тестік тапсырмаларды жоғарыдағы атаған талаптарға және формаларға сай дайындайтын болсақ, онда тестілеудің негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту және жүйелеудің тиімді құралына айналадыруға болатындығын көреміз.
Оқу жетістіктерін бақылау әрқашанда өзекті мәселе болып табылады әсіресе информатика сияқты пәндер үшін. Сондықтан да тестілеуді өткізу бағытында оқушылардың негізгі пәндері бойынша білімді сапалы бағалау және бақылауға арналған автоматтандырылған тестілеу жүйесі (тестілер генераторы, тестілік қабықша) жасалды.
Мұндай жүйелендірілген тестілеулер келесі жаңа тақырыптарды бастау үшін оқушылардың өтілген материалды қайталауларына мүмкіндік береді, яғни оқушы бойында, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастырады. Тестілік бақылауды қолдану оқушылардың оқу процесінде бір деңгейден келесі деңгейдің матералдарын игеруге жағдай жасайды.
Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда оқушылардың қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті және ауқымды түрде анықтауға жол ашады, білімге деген талабының жоғарылауына мүмкіндік береді деуге болады.
Оқушы білімін бағалауда тестілік тапсырмаларды қолдану тәжірибемнен.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Жалпы Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. Алматы, 2002 ж 2. Р.М.Жұмабаева, Ж.Г.Нұрмұхаметова, Г.А.Саймасаева, Ә.О.Алмабаев «Бастауыш мектепке арналған тестілер жинағы» 3.К.Сарманова «Тест дайындау тәсілдері» «Қазақстан мектебі» 1999 ж №9 4. К.Мұқашева «Тест әдісінің тиімділігі», «Ауыл мектебі» 2004 ж№6 5.А.Боранбаева «Ұлттық біріңғай тестілеу – заман талабы», «Білімдегі жаңалықтар» 2004ж№2