Балаба?шада баланы? тілін дамыту ?азіргі та?да мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді ме?герту бірінші жол?а ?ойылды. Мектепке дейінгі мекемеде ?аза? тілін о?ыту ж?мыстары т?рбиешілерді? к?п е?бек етіп,
Балабақшада баланың тілін дамытуҚазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп, ізденіс пен дайындығын қажет етеді. Сондықтан қазақ тілін оқыт мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам, ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып, жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Тіл білген адам-мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді. Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор.