Доклад на тему А?паратты? педагогикалы? технологияларын ?олдану ар?ылы білім сапасын арттыру жолдары
Оспанова А.Т. –өндірістік оқыту шебер,
арнайы пән технология оқытушысы,
МҚКМ «Құрылыс техникалық колледжі»
Ақпараттық педагогикалық технологияларын қолдану
арқылы білім сапасын арттыру жолдары
Адам байлығының ең тамашасы – білім.
Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді.
Әбу Райхан әл–Бируни.
Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат, жан – жақты білімді өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Бұл ең алдымен оқытушылардың жалпы педагогикалық көзқарастары мен сенімдері, өздерінің жалпы мақсат – оқушылардың белсенді қызметі негізінде ұйымдастыру керек, олар өз қызметінің мақсаты мен маңызын саналықпен түсіне білу, осы мақсатқа жетуге қажетті біліктері мен дағдыларын пайдалана отырып, белгіленген деңгейлеріне жету жолдары болу керек. Бүгінгі жас ұрпақ -біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы деп айта аламын.Қорыта келе технология пәні танымдық жағынан қызықты әрі тез қабылдауға лайықты болу үшін дәстүрлі сабақтармен қатар АКТ пайдалану тиімді болып отыр. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытуды қолданудың бүгінгі таңда маңызы зор, оқушылардың білім сапасын арттырып қоймай,олардың шығармашылық ойлау сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытуды қолданудың бүгінгі таңда маңызы зор, оқушылардың білім сапасын арттырып қоймай,олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал оқытушының негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Ал, білім берудегі интерактивті технология сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір – бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті технологияларды оқып үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді. өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді. Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді. Кез – келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылым да өзгереді. Дербес жағдайларда, интерактивті құралдар индуктивті оқыту әдісінде қолданылуы мүмкін. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді. Интерактивті тақта пайдалану кез – келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді. Интерактивті тақтаны қолдану шартында білімді бақылау келесі формаларда жүзеге асады: оn-line тест; Activote2 тестілеу жүйесі; электронды оқулық
Электронды оқулықта тестің екі түрлі нұсқасын ұсынуға болады: бір дұрыс жауабы бар немесе бірнеше дұрыс жауабы бар.
Тест нәтижесінде оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп, көре алатын жағдай да жасауға болады. Электронды оқулықтармен жұмыс жасау әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып – үйрену ісін жеке дара жүргізуіне мүмкіндік жасайды. Оқытушы үшін де электронды оқулық үнемі дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Сол себептен бұл жүйені әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтырып, ары қарай жетілдіре алады.
Электронды оқулықтың нәтижелілігі: тез арада кері байланыс болуын қамтамасыз етеді, яғни интерактивті қасиеті; қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді; гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады; әрбір жеке тұлғаның, білімін, білігін және іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықтың қолданылу мақсаты: теориялық материалды өз бетімен оқып, үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді; сабақта иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға көмектеседі; сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді; емтиханға дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай бір қатар дидактикалық талаптарды ескеру қажет: белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы; электронды оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәрістік конспектісін қамтитын негізгі, практикалық жұмыстарды орындауға арналған қосымша, материалға байланысты библиографиядан тұратын көмекші, қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалды даярлауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы керек; электронды оқулық кәдімгі оқулықтың мазмұнын сөзбе-сөз қайталамауы керек, тақырып мазмұны нақты әрі қысқа болуы қажет; Мемлекеттік білім беру стандартына аталған пән бойынша сәйкес барлық тақырыптармен қамту; дәрістер мазмұнының ғылымилығы; әрістердің оқушыларға түсініктілігі және нақтылығы; кез келген пайдаланушыға компьютердегі қолданбалы программалармен жұмыс жасаудың алғашқы қадамдарын үйрету (программамен жұмыс жасау барысындағы қандай да бір орындалатын әрекеттердің алгоитмдері нақты ұсынылған);
Қолдану тиімділігі: информатика пәнінен қазақ тілінде колледж оқушыларына арналған оқулықтардың жоқтығы; қолданбалы программалардың топтастырылуы; оқытудың интерактивті әдісін жүзеге асыру; оқытуды жеке тұлғаға бағытталған оқытумен ұштастыру
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электронды оқулықтар даярлау өте маңызды болып отыр. Қазіргі заман талабына сай оқушыларға білім алуына, олардың білім сапасын көтеруге тигізетін әсер мол.
Білім сапасы оқытушының шеберлігіне байланысты. Оқытушы шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде.
Оқытушының педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың бөлгілері туралы біліммен, оқытушының шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді.
Олар: оқытушының оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы; қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы; басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы; жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы; мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті; іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі; өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету; технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушы білуі керек: жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді; жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді; жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін; жаңа технологияда оқытушы қолданатын әдіс-тәсілдерді; студенттердің жұмыс әдісін; студенттерді жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, оқытушы істей алуы керек; қандай да бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды; күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды; әр сабақта сауатты жоспарлауды; оқу моделін құрастыруды; студенттердің өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды; студенттерге арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды; студенттер үшін деңгейлік тапсырмалар жасау; тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау; компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;
Оқытушы дұрыс ұйымдастыруы қажет: жаңа технологияда пайдаланатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды; түрлі типтегі сабақтарды өткізуді; өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды; жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін студенттерге үйретуді; педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру - жаңаша оқытуға жеткізетін жол. Оқу үрдісін «технологиялауда» оқыту субъектілерінің, яғни оқытушы мен студенттердің дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады. Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, оқытушылардың бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады.
Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, оқытушылардың кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін тереңдету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен оқытушы жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады:
өз тәжірибесінде жұмыстың инновациялық түрлерін қолданып жүрген тәжірибелі оқытушылармен жұмыс.
Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу.
Сабақ-ұстаздың көп ізденуден, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы шығарманы алдында отырған оқушыларға игерту де оңай шару емес. Ол үшін оқытушының біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын студент жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой-өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог-ғалымдар, тәжірибелі оқытушылар ойлап тапқан сабақты түрлендіріп өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Осындай технологиялардың бірі (АКТ) акпараттық -коммуникативтік технология.
Оқу үрдісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің оқытушының ғылыми-әдістемелік пен қамтамасыз етілу жүйесі, оқытушының жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үрдісі. Сонымен, білім сапасын арттырудағы колледждің оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек деп тұжырым жасауға болады:
1. Ең алдымен оқу орнының үрдісін технологияландыруда таңдап алынған мәселенің жағдайын тереңдеп зерттеу: бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кәсіби әрекетке дайындық деңгейіне терең талдау; курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу; бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талаптарды зерттеу және талдау; оқу орнының нақты мамандық бойынша білім беру бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сәйкестік тұрғысынан талдау жасау: квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тәжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы; осы талаптардың оқу пәндері мен тәжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кәсіби әрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі); студенттерді кәсіби әрекетке дайындаудың әдістемелік және оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.
2. Ендірілетін технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу: жаңа педагогикалық технологиялар бойынша әдебиеттерді талдау, бұл ұсынынатын әдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді жасауды, әдебиеттерді жинақтауды, түрлі көрмелер ұйымдастырып, оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесінде (әдістемелік сағаттар, озық тәжірибе мектебі, мәселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет етеді; басқа оқу орындарының, салалық құрылымдардың оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру тәжірибесімен танысу (журнал мақалалары, ғылыми еңбектер жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.); ерілген бағыттағы өз тәжірибесін пәндік циклдік комиссиясы (ПЦК) мәжілістерінде талдау және талқылау; жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізуге шешім қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға мақсат-міндеттер қоя отырып, педагогикалық кеңесте жаңашылдықтың мәнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жобалау; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.
3. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамсыз ету. Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына түзетулер, толықтырулар енгізу (теориялық және практикалық сабақтардың ара-қатынасын қайта қарау, мекеме тандау пәні, студенттің таңдау пәндері есебінен әрекетті-бағдарлы пәндер көлемін арттыру).
5. Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану тиімділігін арттыруда осы көрсетілген бағыттардың құрылымдық мазмұнын іске асыру, сапалы жүргізу нәтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады.
Қорыта айтқанда, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістердің қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр оқытушыдан оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Жаңалықтарды меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: оқушының өз бетімен жұмысына; уақытын үнемдеуге; білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде; шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру; қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; экономикалық тиімділігі; іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.); қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін оқытушы. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген оқытушы болуы тиіс.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.
«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Қолданылған әдебиеттер:
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004,
Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж.
Қараев Ж.А. Жетілдірген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары // Ізденіс. – Алматы, 2004. №2
www.zharar.com/kz/referat/647-informatika.html?Like