Коучинг. О?ыту мен о?уда а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды пайдалану. Презентация
Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Тарихи шолу Бекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталайжақсарғандығын байқаған. Соған қарамастан, зерттеу нәтижелері жалпы әсердің әртүрліекендігін, әрі АКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенінкөрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатарсипаттамалары анықталды (Kennewell and et al., 2008), алайда сонымен бірге АКТ көпжағдайларда оқуға кедергі келтіретіні анықталды (Birnbaum, 1990). АКТ оқушыларды танымдықжәне метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығыныңдәлелдері жеткілікті (Сох, 1997). Дегенмен бұл ынталандыру барлық пәндер бойыншаүлгерімді жақсартуға әкелмеуі де мүмкін. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, АКТ ықпалымұғалімнің пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне,сондай-ақ олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына бай-ланысты. АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресепроекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердіңөзі неге тұрады (Kennewell and Beauchamp, 2007). Алайда техникалық құралдардың болуфактісі оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге бо-латын аспектілер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмай-ды (Beauchamp, 2006). Сондықтан АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдерақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалықбілімдерін дамытуға тиісті (Mishra and Koehler, 2006) және мұғалімдердің осы технология-ны пайдаланудағы құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (Kennewell andBeauchamp, 2007). Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісінтүрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту техно-логиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Бұдан басқа Мишра мен Келер мұғалім білімніңбарлық үш саласын байланыстыруға қабілетті, олар шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесінеие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан әрі зерттеушілер осындай мұғалімдерзертханада жұмыс істейтін практик ғалымдармен, бағдарламашы сияқты технологиялық са-рапшылармен немесе жаңа технологияларды қолдану саласындағы білімі кемшін түсіп жа-татын тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда асқанептілік танытады деп қорытады. Пәндік білімдер (ПБ) Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық, химия пәнініңбілікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталғансапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгібілім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқадейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұныоқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химияпәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеу жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. Алайда пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білімдер (ПедБ) Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерінбілуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалықбілімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады. Оқушыны бүкіл өміріне жеткілікті біліммен жабдықтайды Білімді арттырады Алдыңғы білім мен тәжірибеге негізделеді Мұғалім оқуға қолдау көрсетеді Оқу үшін бағалаумен оқуды бағалауды қолданады Мұғалім біліміне байланысты Бейрести (неформалды)оқу жүзеге асады Оқушының белсенді қатысуына ықпал етеді Әлеуметтік және жеке үдеріске ықпал етеді Оқытудың тоғыз қағидаты Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар,сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдероперациялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардыңстандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді. Технологиялық білімдер (ТБ) Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал-дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердіңбіртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағыбілім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамалардыбілікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамасбайланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғаліміабстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өзбетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктергебөле алуы тиіс.БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру жәнекөрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлыформалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолменкөрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалықаспектісі мұғалімнің оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруініңсебептерін түсіндірумен қамтамасыз етеді. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардыңғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрліоқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігіментүсіндіріледі. Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА) Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің(ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымдыикемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген модельдеулер (симуляциялар) бар. Модельдеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжам ды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқболғанда қолданылады. Білімнің технологиялық аспектісі (БТА) Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оныңүстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар сияқты технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады. Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) 1. КөрсетілімАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай өлшеуге болады және т.б.);• идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)• зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру (мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);• оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер). Оқытудың бес аспектісі 2. МодельдеуАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мысалы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);• оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету (мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);• тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде кестені пайдалану – «егер... болса, не болады...?). 3. Бағалау мен талдауАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен,DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, символдар, басқа тілдер);• оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша ақпарат іздеу);• оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми-танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалануын талдау және т.б.);• балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс немесе математикадағы сандар және т.б.). 4. Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынасАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен технология саласында әзірлеген жобалары);• ақпарат алмасу (мысалы, PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған байланыс құралдары);• балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, көркем жазу бойынша мәтінді редакциялау және т.б.);• пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта арқылы басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат жаза алады, математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу). 5. Тестілеу және құптауАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• «Егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін мәліметтерді жинау (бір факторды өзгертудің әсерін салыстыру үшін ғылыми деректерді тіркеуге арналған құрал –жабдықтарды пайдалану және т.б. )• дерекқорды зерделеу (мәселен, бірқатар АКТ-ресурстарын пайдалана отырып,географиядағы өзгерістердің қоршаған ортаға әсерін зерделеу, суреттердің көмегімен өзгерістердің әсерін қадағалау);• интерактивті оқу бағдарламасын пайдалану (мәселен, болашақта тексеруге болатын жалпы қорытынды шығаруға көмектесетін математика саласындағы сандарды, нысандар мен модельдерді жасау және т.б.).