Доклад на тему: А?ПАРАТТЫ ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ БІЛІМ САПАСЫНЫ? КЕПІЛІ


АҚПАРАТТЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ
40830510414000
Абаева К.М.Қарағанды облысы
Нұра ауданы
Киров орта мектебінің
Математика және информатика
мұғалімі

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұзтазға жүктелетін міндет ауыр»
Нұрсұлтан Назарбаев.
Білім беру-оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат -жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейін, өзіндін ой-талғамы бар, бәсекеге қабілетті дарынды тұлғаны қалыптастыру. Оқушының дүние танымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлауын кеңейтіп, ой еркіндігіне жол алу-бұл білім берушінің басты мақсаты.
Ендеше қазіргі заманда мұғалімге тек қана өз пәнін біліп қана қоймай, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесінде ақпараттандырудың негізі мақсаты-оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет- Интернеттен жұмыс істей білу, алынған мәліметті ойелегінен өткізіп , талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдай өз еркіндігіңді шектей білу (яғни интернеттен алынатын теріс нәрселерге жол бермеу). ХХІ ғасыр жаңа технологияның енген ғасыры , сондықтан адамға компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Білімді ақпараттандыру үрдісі уақыттың табанды құбылысы және Қазақстандағы ақпараттандыру бағыттының ең маңызды әлеуметтік-экономикалық, жалпы мемлекеттің мәселесінің бірі болып табылады. Болашақ мамандардың білімі, біліктілігі және дағдысын көбінесе келешектегі қоғам жолдары анықтайды. Орта жалпы білім беретін және жоғары мектептерді компьютерлендірудің бастапқы бағыттары мен мәселерінің бірі- оқытуда ақпараттық технология енгізу. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білімі, білік дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиім тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу үрдісінде компьютерді оқып үйрену ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құрамы реті де әрекет етеді. Ақпараттық оқытудың тиімділігін төмендегі бағыттарға бөлуге болады:
бірінші бағыт білім, білік дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды,
екінші бағыт тұрғысында ақпараттың технология оқу-тәрбие үрдісін-ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүкіл әлемдік беталыстан шеттеп қалмау мақсатында қолданылып жатқан компьютерлік технологияның біздің елімізде өркендеуі, әсіресе, білім беру саласында көзге түсуі. Ақпараттың технологияның оқу үрдістерінде қолдану мүмкіндіктерін толықтай пайдалануда. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Осындай жұмыстарды іске асыру барысында мектепте ақпараттандыру енгізіліп ұстаз қызметі жаңа құндылықтарды, кәсіби құзырлықты арттыруда негізгі мәселелерді шешіп отыр. Қазіргі таңда біздің мектеп компьютерден интерактивті тақтаға дейін қол жеткізіп, оқушылар «мегалаин» арқылы интернетке шығып білімдерін жетілдіруде. Оқушыларға мультимедия сыныбында электронды оқулықтармен дәріс алуға мүмкіндіктер бар, жаңа буынды биология, физика кабинеттері жабдықталған. Қазіргі заманда білім беру технологиялары іске асырудағы механизм жаңа түрі ол интерактивті тақта. Оқушының пәнге деген қызығушылығы оянып, интелектуалды, шығармашылық, белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, ұстаз үшін кәсіби шеберлік пен жаңа идеяларды игере отыру, даму бағытына сәйкес іздемпаздыққа үйрету құралы боп табылады. Ұстаздың шеберлігі арқасында жабдықталған кабинеттің оқытуға арналған барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Электронды оқулықтарымен жұмыс істеу, мұның бәрі ұстаздың компьютерлік сауаттылығы. Осындай орындалған істердің барлығы бір мақсатта, яғни білім сапасын арттыру және жаңа заманға сай ұстазды қалыптастырады, сонымен қатар мектептің жаңа бағытқа қарай беталысын жақсартады. Қазіргі заман талабына сай жабдықталынған осындай технологиялар арқылы біздің мектеп оқушылары интернет олимпиадаларға қатысуға қол жеткізіп отыр, яғни мектеп оқушыларының әрбір мүшесі мәлімет алып, білім алады, жеке тұлғаның интелектуалдық және шығармашылық қабілеттері дамыды, білім алуы жеделдетілді, білім беру мен оқыту қорқынды дамиды.
Қорыта айтқанда осындай үлкен, ізденіс арқасында оқушы да мұғалім де шығармашылыққа бағыт алады, яғни компьютермен жұмыс толықтай білім сапасына ықпалын тигізеді электронды пошта арқылы ақпарат алмасу, іздемпаздық қабілеті артады, ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы, интелектуалды даму, қазіргі заманның түбегейлі өзгеруіне лайық бейімделуі, зерттеулі дағдыларының дамуы қалыптасып, үлкен белестерге қол жеткіздік.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Концепция развития системы оброзования в РК до 2015г.
2. ҚР білім берудің даму бағдарламасы.
3. Бычков В.А «Програмирование-новая грамотность»
4. «12 жылдық білім беру» - 2012жыл
Түйін:
Білім беру процесін ақпараттандыру мазмұнының, әдістерінің және ұйымдастыру түрлерінің өзгеруіне ақпаратты мәдениетің қалыптасуы туралы айтылған. Бәсекеге қабілетті жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеуде жаңа технологиялық пайдасы. Мектептің ақпарат құралдарымен қамтамасыз етуінің көзі екендігі баяндалған. Мектебіміздің жаңа технологияларды білімде қолданудың тиімді тәсілдерін оқып үйренуден тыс қолмағол туралы айтылған.
Резюме:
Применение новых иновационных технологий в учебном процессе. Внедрение новых технологий и методы интерактивных обучений в школе. Рассматриваются возможности применение новых информационных технологий в процессе обучение учеников, возможности использвания инновации в оброзовательном процессе с целью активации и повышения качества знании.
Summary
Application new innovation technologies in educational process. Introduction of new technologies and methods interactive Training at school. Possibilities application of new information technology in process training of pupils, possibilities of use of an innovation in The educational process for the purpose of activation and improvement of quality knowledge are considered.
Автор туралы мәлімет:
Абаева К.М.
Қарағанды облысы Нұра ауданы Киров орта мектебінің
математика және информатика мұғалімі,
жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман.
Телефон: үй: 87214437226
Ұялы: 87774162194
Электронды адрес: Gulshat.abaeva.1972@mail.ruТақырыбы:
Ақпаратты жаңа инновациялық технологияны қолдану білім сапасының кепілі.
Тема:
Применение новых инновационных технологии -основа качества знаний.