Т???ыш Президент к?ніне мерекелік іс-шара Елін с?йген, елі с?йген Елбасы
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы
№30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
мерекелік іс-шара
Педагог-ұйымдастырушы: Даулетова Толқын Қуандыққызы
Құтарыс ауылы 2015 ж
ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын түсіндіру; Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру; ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Көрнекілгі:суреттер,нақыл сөздер.
Барысы:
Жүргізуші: Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәденеиетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы тұлға.
1-оқушы
Армысыздар, аналар мен аталар,
Қадірліде ұлағатты ұстаздар.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
2-оқушы
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалған.
3-оқушы - Ару
Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!
Қайнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айсам Қазақстан!
Қазақстан - бабамнан қалған мұра,
Сенбейсің бе? Даламнан сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә!
4-оқушы - Гүлайым
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Бар қазақ боп өзіңе бас ұрам.
Шарықташы, Әнұраным, шарықта,
Оны айтуға, жас ұлан жалықпа!
Әнұранды орындау.
5 - оқушы:Гүлайым
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай Көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
6-оқушы:Ақнұр
Әр сөздің астарында осы арада,
Ағайын, ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Өмірдің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен.
"Елбасы, Назарбаев"- егіз ұғым,
Жасайды мәңгі өз елімен!
7-оқушы: Ақнұр
Елбасымыз Н. Назарбаев 1940 жылы 6-шілдедеАлматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
8-оқушы: Ердаулет
1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыста Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды.
9-оқушы Жанерке
1991 жылы 1-желтоқсан. Республикамызда бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті.Қазақстан Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.Қазақстан Республикасының тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып,өз басшысын сайлады.
10-оқушы: Гүлайым
1991 жылы 16-желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады.
11-оқушы: Мейіржан
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
12-оқушы: Әсел
Рәміздерім-елдігімнің белгісі.
Білу керек баладағы ең кіші,
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтанба,
Рәміздерді жатқа білген-жөн кісі.
1992 жылы 4-маусымда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы Әнұраны туралы Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
13-оқушы: Ердаулет
Алтын занда парасатым, пайымым,
Алтын занда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
1995 жылғы 30-тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата-заңымыз қабылданды.
15-оқушы Ақбота
Қуан халқым,күшіне енді«Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады
Ел елдегі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы
Әр халықтық тарихта қалуы ана тіліне байланысты.Адамды мұратқа жеткізер-ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді «Тіл туралы» заң қабылданды
1-оқушы: Ару
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрады сурет.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымы енді.
2-оқушы: Мейржан
Ұшқыш батыр ағаның
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
1991 жылы қазан айында тұнғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
3-оқушы:
Ата-бабам арман еткен,
Егеменді қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен,
Құтты болсын, дархан елім.
Ән: "Тәуелсіздік таңы".
4-оқушы: Ақарыс
Н. Назарбаев Президент болған жылдар ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті.ББҰ-ға мүше болдық, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ендік.
5-оқушы:
Көк байрағым аспанымдай зеңгір көк
Желбірейді «Мен тәуелсіз елмін» деп
Елдігімді,ерлігімді танытқан
Көк туымды биіктерден көрдім көп
Ән: «Көк тудың желбірегені».
6-оқушы: Ақнұр
1998 жылы 6-мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп, осы шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына "Бейбітшілік қаласы" атағы беріліп медальмен марапатталды.
7-оқушы:Гүлайым
Астана-қазағымның бас қаласы.
Еркін елдің айбынды астанасы.
Гүлденді қазағымның жас қаласы.
Көреген Нұр ағаның бастамасы.
Астана айбынды орда қазағыма,
Іліккен талай елдін назарына.
Есілдің етегінде бой көтерген
Тамсанып қарайды ел ажарына.
8-оқушы:
Тамсанбай кете алмас сенен ешкім,
"Бәйтерегім" көз таймас бір елессің.
Лондон, Париж, Вашингтон, Мәскеуден де,
Дубайдан да артықсың, кем емессің.
9-оқушы: Жанерке
Шағылысып шырайлы күн көзімен,
Нұрын шашқан Ханшатыр күмбезінен.
Күн сайын көкке өрлеген шаһарымды
Сақта, құдай, жаманның тіл-көзінен
Заман жылжып келеді көшіменен,
Адам айта нанғысыз осы кезең.
14 жылда ғажайып шаһар тұрды
Бүкіл әлем көрмеген бұрын-соңды,
Ғажайыптың төресі осы дер ем
10-оқушы:
Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сінген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкөрген бас бағбаны да, ажарын сәндеткен бас сәулетшісі де мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен Елорда-егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана-тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегіннің кепілі.
11-оқушы:
Бүгінгі күн таныды әлем
Қазағымның кім екенін.
Мақтанышпен мен өзіңді
Ән етемін, жыр етемін.
Ән: "Қазағым менің".
12-оқушы:
Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар-бәріміз.
"Ұлтым, елім" деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердін піріміз де әніміз.
Халқым айтқан"Жер көтерер ел даңқын",
Елім айтқан "Ел көтерер жер даңқын".
Президентім Елбасы, аман болғай,
Мәнгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
13-оқушы: Бекзат
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқан. Кең байтақ Қазақстан - туған өлкеміз. Оны құрметтеу - баршамыздың парызымыз. Елбасымыз-елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға.Ббіз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз.
14-оқушы:
Арманның асқарындай Астанамыз,
Елорда, алтын орда-бас қаламыз.
Жыл сайын жеткен жеміс, асқан асу-
Ерден ерлік үлгісі, дастан-аңыз!
Сананы түйіткІлден тазартайық,
Айтпаған шындық сөзді тартар айып.
Авторы сәулетшісі Астананың-
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.
Топтастыру стратегиясы бойынша: «Біз не білдік?»
Қазақстан халықтары
Асемблеясының төрағасы
Қазақтардың Дүниежүзі қауымдастығы төрағасы
Қарулы Күштер Жоғарғы Басқолбасшысы
Экономика ғылымының докторы, академик
Алымды да алғыр басшы
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнұранның авторы, жазушы
Бейбітшілік пен қауіпсіздік жаршысы
«Ғасыр адамы»
Қазақстанның тұңғыш Президенті
Көреген саясаткер
15-оқушы: Әсел
Бар еді үш арманым депті Абылай:
«Әттең-ай дегеніме жетпедім-ай!»
Үш жүздін басын қосып, қала салып,
Ел қылып өз алдына кетпедім-ай?!"
Абылайдың осы арманын Елбасы орындады. Мықты мемлекет болдық. Экономикамызда, саясатымызда, көптеген басқа салаларда айтары жоқ табыстарға жеттік.
Бұрынғы тарихта мұндай болып па еді, бұрынғы қазақ мұнайды көріп пе еді?!
Бүгінде дүниежүзілік қоғамдастықта Нұрсұлтан Назарбаев аты Қазақстанның баламасындай болып, Нұрсұлтан есімі Астананың егізіндей жарастық табуы халқымыздың, еліміздің алдағы көрер барша жақсылықтарының бастауындай болып елестейді.
Елдік жолында ерлік жасаған Елбасы еңбегінің қызығын халқы көрсін!