Та?ырыбы: «?лты ?лы?та?ан – ?лы т?л?а». Ма?саты: 1 желто?сан – Т???ыш Президент к?ні мерекесіні? м?нін ашу Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? ?мір жолы, туып — ?скен, о?ып білім ал?ан, ?ызмет еткен жерлері туралы ма?л?мат беру Елбасындай Отанын, хал
Тақырыбы: «Ұлты ұлықтаған – Ұлы тұлға».Мақсаты:
֎ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
֎ Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
֎ Балалардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнектіліктер: Елбасы суреті, рәміздеріміз, слайд.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр.
Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ма?
Тәрбиеші: Алаулаған алабына нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағын желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып, - дей келе
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді Қ.Р.Әнұранымен бастағым келіп отыр.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Сәлем саған Алтын күн!Сәлем саған Жер ана!Сәлем саған достарым!Сендерді көрсем қуанамын.Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Тәрбиеші: 1.Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (күз мезгілі)
2.Күз мезгілінде қанша ай бар? (3 ай Қыркүйек, Қазан, Қараша)
3.Бір аптада қанша күн бар? ( 7 күн Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)
4.Біздің балабақша қалай айтылады? (Бәйтерек)
5.Тобымыз қалай аталады? (Өркен)
6.Біз қандай ауылда тұрамыз? (Шелек)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізде Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол біздің президентіміз!
Ия, балалар, біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлаған күн.
Биыл бұл күн мереке ретінде алғаш тойланбақ. Ал Нұрсұлтан атамыз қандай болған? Оны білу үшін теледидарға назар аударайық. (Теледидардан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзі қойылады).
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Балалар, сендердің аналарың, әкелерің жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болуды қалай түсінесіңдер? Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар: Астанада!
Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада, Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?
Балалар: Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар,ол не? Бәйтерек, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, елтаңба және әнұран.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ту, елтаңба және әнұран. Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық. Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндердің көмегімен туды құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен?
Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы? не белгіленген?
Тәрбиеші: Тақтаға қараңдаршы, мына суретте не бейнеленген?
Балалар: Ту.
Балалар: Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші: Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар: Көк!
Тәрбиеші: Дұрыс! Көк түс. Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар, Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар: Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар: Ат бар!
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат прақ. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу, Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.
Тәрбиеші: Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар: Иә, шаршадық!
Тәрбиеші: Кәне келіңдер сергіту сәтін жасайық.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Қорытынды: Балалар, біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізде кім туралы айттық?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы.
Тәрбиеші: Ол кім?
Балалар: Ол Қазақстан жерінің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші: Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан!
Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені білдіреді? Ту, елтаңба, әнұран.
Тәрбиеші: Ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар.
Тұрлығожа Іңкәр: Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Хамраева Айша: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Отан Жанерке: Гүлдене бер – Бәйтерек!
Нұрлана бер – Бәйтерек!
Барат Анар: Биікке самға – Бәйтерек!
Қазағымның жүрегі сен – Бәйтерек!
Болат Думан: Отан менің – ата-анам,
Отан – досым, бауырым.
Серік Абылай: Отан – өлкем, астанам,
Отан – аудан, ауылым.
Жолдыбек Назым: Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,
Үлкен,-кіші, ағайындар – бәріміз.
Сарсенов Айбек: «Отан оттан да ыстық».
Яруллина Ангелина: «Менің елім - Қазақстан».
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Тәрбиеші: «Отаным» өлеңі. Хормен балалар орындайды.
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз,
Ұрпақтың қамын ойлаған.
Аман сау жүрші Атамыз, - дей келе осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Орнымыздан тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық. Сау болыңыздар!