План урока по информатике на тему Компьютерлік желілерде а?паратты? ?ауіпсіздік, а?паратты ?ор?ау саласында?ы ?аза?стан Республикасыны? за?намасы.(9 класс)


Пәні Информатика
Сыныбы 9 «А»,«Б»
Күні Сабақтың тақырыбы Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
Сілтеме Оқулық «Информатика» 9-сынып, «Арман – ПВ»
Оқып – үйренудің негізгі мақсаттары: Барлық оқушылар:
1.Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы мағұлмат беру.
Оқушылардың басым бөлігі:
2.ҚР заңнамасының қызметін түсіндіру.
Кейбір оқушылар:
3.Компьютерлік желілердегі ақпараттық қауіпсіздікпен жұмыс жасауға үйрету.
Оқып – үйренудің нәтижесі: 1.Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы мағұлмат беру.
2.ҚР заңнамасының қызметін түсіндіру.
3.Компьютерлік желілердегі ақпараттық қауіпсіздікпен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақ барысы: Уақыты: Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушының іс - әрекеті:
3-мин Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу
1-топ қызыл
2-топ жасыл Оқушылар стикерлерді таңдау арқылы 2 топқа топтасады.
1-топ қызыл
2-топ жасыл
5-мин Үй жұмысын тексеру.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы жүргізіледі.
Оқушылар допты басқа топтағы оқушыларға лақтыру арқылы сұрақтар қойып жауап береді.Жауап бере алмаған жағдайда өзінің тобынан көмек сұрайды. Содан кейін допты келесі топқа лақтырады.
Смайлктер арқылы бағалау жүргізіледі. Бір топ келесі топқа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
1.Компьютер алдында қалай отырамыз?
2.Мониторға дейінгі арақашықтық қанша см?
3.Компьютерде қанша уақыт отыру керек?
4.Қандай көз жаттығуларын білесің?
5.Ақпаратты сақтау қауіпсіздігі дегеніміз не?
Смайлктер арқылы бағалайды
3-мин
Жаңа сабақ
(тұсаукесер)
Жаңа сабақ Паракшадағы сөздерді құрастыру арқылы тақырыпты ашады.
4-мин
4-мин
5-мин
5-мин
5-мин
5-мин Топтық жұмыс Жаңа тақырып талдауға беріледі.
Бақылаушылар тағайындалып, бақылау парақшалары таратылады.
1.Жеке жұмыс
2.Жұптық жұмыс
3.Топтық жұмыс
4.Постерге салу
5.Постерді қорғау
Екі жұлдыз,бір тілек
1-топ Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.
2-топ.Ақпараттық қауіпсіздік саясаты 
Қауіпсіздік саясаты -  мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны.
Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.
Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.
Сенімді есептеу базасы (СЕБ)  - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау.
Қауіпсіздік өзегі -  қатынасым мониторының жүзеге асырылуы. Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.
Қауіпсіздік периметрі - сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп саналады.
Топтар бір – біріне екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау жүргізеді.
3-мин Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.

Рефлексия
Не білдім? Не үйрендім? Маған қиын болды
3-мин Кейінгі тапсырма
Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап жазу.