Д дыбысы мен ?рпі (0 класс)


Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Д дыбысы мен әрпімен таныстыру. Сөз ішінен танып білуге,
дыбыстық талдау жасауга үйрету.
Сөз ойлап табуға, буынға бөліп бөлуге, сөйлем құрап айтуға,жұмбақ,
сөз жұмбақ шешу арқылы ойлау қаблетін дамыту.
Жазуға жаттықтыра отырып тапқырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тусіндіру,?-жауап, ойын, көрнекілік, жұмбақ, сөз жұмбақ
шешу,т/б.
Сабақтың көрнекіліктері: Доп, домбыра, бидай, велосипед, доп ойнаған бала, Д ара, Дд
дыбысының баспа ж/е жазба түрі текше, кесте, кеспе
әріптер.
Пән аралық байланыс: Музыка, математика, коршаған орта
Сабақтың жүрісі:1 Ұйымдастыру.
Психологиялық сәт: балалар дөңгеленіп тұрады.
Барі бірге: Дөңгеленіп тұрайық,
Достық қолын созайық,
Дән риза болсын ел,
Досқа құшақ ашайық,
Дос боп бірге жүрейік.
Мұғалім: Балалар бугін нешінші күн?
Апта кундерін атау? 3-4 оқушы.
Қазір бізге сауат ашу сабағы. Біз бұл сабақтан дыбыстармен ж/е оның әріп таңбасымен танысамыз.
Дыбыс дегеніміз не?, Біз оны қайтеміз?
Әріп дегеніміз не?, Біз оны қайтеміз?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбыстардан не құралады?
Сөздер неге бөлінеді?
Сөздерден не құралады?
Сөйлем дегеніміз нені білдіреді?
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Біздің ұлтымыз кім?
Біз қай тілде сөйлейміз?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазақстан, қазақ, қыс қандай әріптен басталып тұр. Қ қандай дыбысқа жатады? Қ дыбысынан басталатын кім сөз айтады?
Өте жақсы балалар биыл біздің тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Еліміз оны куанышпен тойлауда.Бізде осы тойға қосқан үлесіміз ретінде сабағымызға жақсы қатысып биіктен көрінейік.
2. Негізгі бөлім: Олай болса балалар мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын.
1 Тиіп кетсе ән салған,
Дауысына ел тамсанған (ДОМБЫРА)
2 Ұзын мұртты сарылар
Қойынында дәні бар (БИДАЙ)
3 Өздігінен журмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,
Сағатта талай жерді қарыштайды. (ВЕЛОСИПЕД)
Тақтаға суреттер ілінеді. Сұрақтар қойылып, жалпы түсінік беріледі.
Домбыра деген не? Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы; Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра. Делінген
Бидай деген не? Азық-тулік, ұн мен нан жасалатын, дәнді-дақыл.
Велосипед деген не? Адам күшімен қозғалатын көлік.
Балалар домбыра деген сөзде бізге 1-інші қандай дыбыс естіліп тұр.
Балалар: Д
Мұғалім: олай болса біз бугін Дд дыбысымен және оның әріп таңбасымен танысамыз.
Д баспа ж-е жазба түрін, бас ж/е кіші әрпін, д кестеге салу, кеспе әрпі көрсетіледі. Д айтылуына қарай қандай дыбысқа жатады деп ойлайсындар. Айтылғанда тіліміз үстінгі тісіміздің артына тиіп тұр.
Балалар: Д -дауыссыз дыбыска жатады.
Мұғалім: Қандай текшемен белгілейміз?
Балалар: Көк текшемен. (текшесі көрсетіледі)
Дәптермен жұмыс: дыбыстық талдау жасау.
00Д00; 00000000Д; Д000000; ( ортасы ,басы, аяғы) , сөз аяғында ыд болып оқылады.
Буын, сөз оқу: д—а да да да да—ла да—ра
д—о до до до до—ға до—да
да—на Да—на Ай—да—на
Жазу жұмысы: 1. а) ауада жазып үйрену
Ә) дәптерге жазу
д д
Д Д
Дд Дд
Сергіту сәті: «Домбырасыз ән қайда» әні орындалады.
2. Бос тор көзді толтыру:
Д Д Д Сурет бойынша жұмыс: сөйлем құрау. ----- ----- ----- .
а) қатар; балаға Қ дан басталатын ат қою.
ә) қатар; балаға Д дан басталатын ат қою.
Деңгейлік тапсырма: «Сөз жұмбақ шешу»; 2 топқа бөлемін; Улестірмелі мат жұмыс;
1 топ: әріптер ішінен Д-ны тауып коршау; Т П А О Д М Л Ғ Қ
2топ: кестеге сөз жұмбақты шешіп жазу; Д (ара суреті)
д а р а
3.Қортынды: Аяқталған жұмысты қатысқан апайларға тексерту. Қандай дыбыспен таныстық айту. Д дыбысынан басталатын сөз айту, адам атын айту.
Мақтау-мадақтау, сабақты аяқтау, қатысқан қонақтарға рахмет айту.
Бари бірге: Рахмет, сау болыңыздар:
Қаратөбе орта мектебі
Көркем әдебиет
Тақырыбы:
Шынықсын денеміз
Кеукенова Райхан
Мектепалды дайындық сыныбы
Қаратөбе орта мектебі
Сауат ашу
Тақырыбы:
Қ дыбысы мен әрпі
Кеукенова Райхан
Мектепалды дайындық сыныбы