«Байкал – жемчужина Сибири».


Сабақтың тақырыбы: Жаз деген … . Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өтілген материалдарды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін тексеру; 2. Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу дағдысын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденіске баулу. 3.Тәрбиелік: Отан табиғатын сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ, қайталау сабағы. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздендіру, көрнекілік әдістері. Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер, жинағы. Сабақтың барысы:
 1. Ұйымдастыру кезеңі:
1) сәлемдесу, түгелдеу; 2) Балалар, сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Мен де сендерге бүгінгі сабақта көп табысқа жетуді, әрқашан осындай әдемі, көңілді болуларыңды тілеймін.
2) Үй жұмысын тексеру:
3) Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «жаз деген …», сонымен қатар жыл бойы өткен граматикалық тақырыптарды қайталау.
Сабағымызды Қ. Ыдырысов жаз деген өлеңімен бастағым келеді.
       Өлеңді оқыған кезде балалардың назарын тақтада ілулі тұрған суреттерге аудару.
Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.
 І сайыс. «Бәйге».
 Бұл сайыстың ерекшелігі - әр топқа жеті сұрақтан қойылады.Топ мүшелері сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берулері керек.
                            Сұрақтарға жауап бер.
                                      І – топ .
1. Жаз айларын атаңдар.
2. Жаздан кейін қандай мезгіл келеді?    
3. Фонетика нені зерттейді?
4.Оқушылар кітапханаға не үшін барады?
5. Білім күні қашан?
6. Қай айдан жаз басталады?
7. Жазда ауа райы қандай болады?
 
                                         ІІ – топ.
1.Сөз неден тұрады?
2. Жаздың соңғы айын атаңдар.
3. Жазда балалр не істейді?.
4.Сөйлем неден тұрады?
5. Қазақ тілінде неше септік бар?
6.Мектеп кітапханасы нешінші қабатта орналасқан ?
7. Барыс септіктің сұрақтары.
2- сайыс  «сөйлем құрастыру»
 Екі топқа да «Жаз» сөзіне ассоциация жазу. Жазға қатысты сөздер және сөзтіркестерін жазу. Мысалы: ыстық, жаз айлары, жазғы демалыс, балық аулау, жылы жаңбыр, жасыл шөп, түрлі гүлдер, жасыл ағаштар, шомылу ... . Жаз туралы шағын әңгіме жазу.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін қайталап, сөйлем  құрастыру.
Оқушылардың алдына карточкалар беріледі. Тапсырма: сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
1. Мезгілі - өте, жаз, ыстық, жыл.
2. Демалады, балалар, жазда.  
3. Барады, үлкен, олар ауылға, қалаларға, лагерьге.
4. Тоғайларға, тереді,жидек, орман, саңыраулқұлақ, барып.
5. Балалар, көреді, жазды, жақсы, өте.
       
      Жаз - өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді.  Орман тоғайларға барып,жидек, саңыраулқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді.
 
2- сайыс  «әріптер және дыбыстар әлемінде»  фонетиканы қайталау.  Жаз сөзін ауызша талдау. Әріптерді көрсету, оқушылар әріптерге фонетикалық талдау жасайды. Тақтада берілген
Д е м а л ы с    сөзіне фонетиклық талдау жасау.
Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі.
4.  Сергіту сәті. «Тақырыптық сөздер». Лексикалық тақырыптарды пысықтау ойыны. Бір тақырыпты айтсам, сол тақырыпқа байланысты сөздерді айтады. Отбасы, мектеп, күз, уақыт, аңдар, үй жануарлары, мерекелер, жаз.
 
3-сайыс «Септік жаз» септіктерді қайталап жаз сөзін септеу.  Дәптерлеріңе жаз сөзіне  3 септіктің жалғауын жазып сөйлем құрастырып жазу.
 
4-сайыс «Адасқан жіктік жалғаулар»
Сөздерге адасқан жалғауларды орнына қойып жазу.
Мен баладі.
Мен үйге барамыз.
Мен дәрігермын.
Сен дәріханадан дәрі сатып аламін.
Сендер сабаққа бармайсың.
 Сен 6-сынып оқушымыз.     
Біз мектепте оқиды.
Ол тақтаны сүртемін.
  Мәтіннен сын есімдерді теріп жазу. Қай топ ең көп табады сол ұпай алады.
Жаз келді деген етісткті 3 шақта жазу.
 5. Сабақты қорыту
Жеңімпаздарды белгілеу.
6. Үйге тпсырма.