Разработка на тему Программа педагогической олимпиады Компетентностный учитель 21-века
Құрастырушы: Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы
«ХХІ ғасырдың құзыретті мұғалімі» атты жалпыинституттік педагогикалық олимпиаданы өткізу бағдарламасы/ жоба
Мақсаты: болашақ ұстаздардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығын дамыту; қазіргі заман талабына сай педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
Қатысушылар: Институттың педагогикалық олимпиадасына әр педагогикалық «математика», «физика», «информатика», «кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша 2-курстың 7- 10 студенттен тұратын шығармашыл топтары қатысады. Өтетін уақыты: 05-қараша 2015ж.
І- сайыс
Топты таныстыру. «ХХІ- ғасырдың интербелсенді құзыретті мұғалімі» тақырыбы бойынша үй тапсырмасы немесе «Мамандық портфолиосы»: инфографика түрінде презентация/ қаз.,орыс, ағылшын тілдерінде/
І- сайысты бағалау өлшемдері:
1)Уақытты сақтау
Тақырыптан ауытқымау, «үштілділікке» дайындығы
Кәсіби-педагогикалық бағыттылығы
Шығармашылдығы, жаңашылдығы
ІІ- сайыс
«Педагогикалық шеберлік». Кейс-стади: «Мектептің педпроцесс жағдайында кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу жолдары»
ІІ- сайысты бағалау өлшемдері:
Уақытты сақтау
Тұтас педпроцесс бойынша білімі,құзыреті
Педагогикалық тұрғыдан шешімнің дұрыстылығы
Кейс орындау шеберлігі
ІІІ- сайыс
Топ-менеджерлердің жарысы: «Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы» атты іскерлік ойын.
ІІІ- сайысты бағалау өлшемдері:
Уақытты сақтау
Тақырыптан ауытқымау
Көшбасшылық, менеджерлік қабілеті
Сөйлеу шеберлігі, қарым-қатынас мәдениеті