4-сынып ?дебиеттік о?у Ф.О??арсынова Оюлар


Сабақтың тақырыбы: Оюлар. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
а) Ф. Оңғарсынова шығармашылығы туралы түсінік беру. Қазақ халқының және басқа ұлттардың ұлттық ою-өрнек түрлерінің мән-мағынасын ашуға, тануға үйрету.
ә) Оқушылардың ұлттық салт-дәстүрді жалғастыруына, құрметтеуіне қызығушылықтарын ояту. Ұлттық құндылықтарды бағалауға, құрметтеуге үйрету.
б) Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре түсу, болжау жасау, талдау, салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, ақынның кітаптарынан көрме, ою- түрлері берілген буклеттер, суреттер
Күтілетін нәтиже: ақын шығармаларын тани білу, өлеңдерін мәнерлеп оқи білу және ою-өрнектердің түрлерін ажыратып, оларды қолдана білу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, назарларын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Д. Қасенов «Адалдық» түсінгендерін сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
І Қызығушылықтарын ояту
-Балалар, біздін ұлтымыз кім немесе біз кімбіз?
-Қазақпыз
-Ал, қазақ халқы қандай халық?
-«Қазақ» дегенде көз алдымызға не елестейді?

38956261705590011880521705590 Азат өнерлі
1624182152995Қазақ
00Қазақ
701040770890
4072255-2540ақылды ақын
107759516510037045901587500
қонақжай батыр
-Ал, айтыңдаршы, қазақ халқы өнерлі, батыр дейміз ақындардан кімдерді білесіңдер?
-Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Ақұштап Бақтыгереева, Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырза Әли т.б
-Осы аттары аталған ақындардың ішінде әйел адамдар көп пе екен?
-Ф. Оңғарсынова туралы не білесіңдер?
-Қандай өлеңімен танысып едік?
-Қазақтың дәстүрлері
ІV Көрмемен жұмыс
1.Ақын өмірімен таныстыру
2. Шығарған кітаптарына шолу жасау.
3. Таныстырып өту
Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 25-желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы педагогикалық институтты бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарып, газеттерде тілші, бас редакторы болған. Ол халық жазушысы, парламент депутаты болды.
Міне, осындай ақын апамызды, халық қамқоршысын сұм ажал биыл арамыздан алып кетті.
Еңбектері: «Сөз сыры», «Дауа» т.б
1327298635420 Кім?
132729873025 туған жылы
132729817653013272981765301327298116881Ф. Оңғарсынова туған жері
қызметі
еңбектері
ІІ Мағынаны тану
V Суреттермен жұмыс
-Бүгінгі сабақта Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» атты өлеңімен танысамыз.
-Ою-өрнек дегеніміз не?
-Оны қайдан кездестіруге болады?
-Киіз үйден, ұлттық киімдерде, туымызда бейнеленген, жиһаздардан т.б.
«Ою-өрнек» сөзі латынның «Орнамент» деген сөзінің баламасы. «Орнамент» сөзі – «сәндеу» немесе «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. Ою-өрнек – бір нәрсені ойып, кесіп алып жапсыру немесе екі затты ойып алып, қиюластыру, не бірдеңенің бетіне оюлап бедер түсіру дегенді білдіреді.
Білетін ою түрлерін атай отырып, олардың басқа түрлерімен таныстыру, олардың шығу тегі мен қандай заттарда пайдаланылатына тоқталу.
VІ Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
-Өлеңнен қандай әсер алдың?
-Көз алдыңа не елестейді?
-Өлеңдегі кейіпкер кім?
VІІ Дәптермен жұмыс
Жаңылтпашты дәптерге көшіріп алып, бірнеше оқи отырып жатқа айту.
Жаңылтпаш
Оюшы ою ойды,
Оюды ойша ойды
Оюшы оюын
Ойынан ойлап ойды.
VІІІ Сергіту сәті
4.Сөздік жұмысы
Сөздермен таныстыру, олардың мағынасын аша отырып, дәптерге сөйлем құрап жазу.
Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы. Бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.
Желбау – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланатын өрнектелген төгілме шашақты бау. Ол шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр.
ІХ Өз бетімен жұмыс
Берілген үлгілер бойынша ою-өрнектерді ақ парақ беттерге бастырып алып, оларды ою.
Х Қорытындылау.
Сабақты бекіту
Ф.Оңғарсынова кім?
а) суретші
ә) жазушы
Өлеңдегі басты кейіпкер кім?
а) атам
ә) әжем
Ою-өрнек дегеніміз –
а) ойып, көркемдеу
ә) жазып, әңгімелеу
-Өлеңдегі басты кейіпкер әжесінің қандай ою-өрнек түрін аңсап, іздеп жүр деп ойлайсыңдар?
-Қазақ халқының ою-өрнек түрлері өзге ұлттардан несімен ерекшеленеді?
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма.
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу, «Оюлар» өлеңін жатқа айту. « Әжеме» атты эссе жазып келу.