Біз Т?уелсіздік т??ырын к?кке к?тереміз
Мақсаты:
Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу, оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне арналған «Біз Тәуелсіздік тұғырын көкке көтереміз » атты әдеби-сазды кешімізге қош келдініздер!
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
2-жүргізуші:
Дербестігін аңсаған ел ақ, адал
Қанын төкті қанша батыр бабалар.
Осы жолдар құрбан болды емес пе?
Халық жауы атанған көп ағалар.
Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құбандары жеткілік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн
Күй ______________________орындайтындар Мөлдір, Дария,Гүлназия.
1-жүргізуші:
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
2-жүргізуші:
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Ортаға Тәуелсіздікке құттықтауларын арнауға оқушыларды шақырамыз_________________________________________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші: Мерейім-нұрлана бер,азат Күнім!
Көрейін бақытымның азаттығын,
Таңымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін!
Алдарыңызда Аманғос Аружан. Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Қазақстаным менің –
Байтағым!
Аз емес саған айтарым!
Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,
Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Мәртебем!
1 - жүргізуші
Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!
Қазақстаным менің –
Ырысым!
Ортаға Тәуелсіздікке құттықтауларын арнауға оқушыларды шақырамыз
2-жүргізуші
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
1 - жүргізуші
Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім!Қазақстан, о, менің құт тұрағымЖер шарына қазақтың халық атын.Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
Тәуелсіздікке арнау (Жанель, Әдемі)
2-жүргізуші Тәуелсіздік! Дүниеде бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ. арыстарымыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздігімізді алып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесеп, керегеміз кеңейді.
Ән: «Қазақстаным» (хор)
Мұғалім сөзі
- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Біз Тәуелсіздік тұғырын көкке көтереміз» атты іс-шарамызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.
18 орта мектеп
тәрбие сағаты
5 «А » класс жетекшісі
Икласова Н.Қ
2014 жыл
Парад
Қазақ
Орыс
Грузин
Қырғыз
Латвия
Литван
Молдаван
Тәжік
Түркімен
Өзбек
Украин
Эстон
Номерлар
Ақ көгершін биі 6а
Қазақ осы 5ә
Орыс 9б
Түркімен 6ә
Украин 7ә
Молдаван 8а
Флешмоб 6,8,9 б
Белорус 5б
Латвия 8ә Парад
Қазақ
Орыс
Грузин
Қырғыз
Латвия
Литван
Молдаван
Тәжік
Түркімен
Өзбек
Украин
Эстон
Номерлар
Ақ көгершін биі 6а
Қазақ осы 5ә
Орыс 9б
Түркімен 6ә
Украин 7ә
Молдаван 8а
Флешмоб 6,8,9 б
Белорус 5б
Латвия 8ә
Парад
Қазақ
Орыс
Грузин
Қырғыз
Латвия
Литван
Молдаван
Тәжік
Түркімен
Өзбек
Украин
Эстон
Номерлар
Ақ көгершін биі 6а
Қазақ осы 5ә
Орыс 9б
Түркімен 6ә
Украин 7ә
Молдаван 8а
Флешмоб 6,8,9 б
Белорус 5б
Латвия 8ә
Парад
Қазақ
Орыс
Грузин
Қырғыз
Латвия
Литван
Молдаван
Тәжік
Түркімен
Өзбек
Украин
Эстон
Номерлар
Ақ көгершін биі 6а
Қазақ осы 5ә
Орыс 9б
Түркімен 6ә
Украин 7ә
Молдаван 8а
Флешмоб 6,8,9 б
Белорус 5б
Латвия 8ә