?аза?стан ?алалары саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары (ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : «Қазақстан картасы» модулі бойынша оқушылардың білімдерін пысықтап, Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық – оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту; жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрауға дағдыландыру; шапшаң жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік – Отансүйгіштікке, туған жерін, елін сүюге, табиғатты аялай білуге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакат.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)амандасу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) оқу құралдарын тексеріп, оқушының зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық ( 2-ші слайд ашылады).
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
І топ - өзендер: Есіл, Нұра, Сырдария, Жайық.
ІІ топ – таулар: Алтай, Қаратау, Іле Алатауы, Баянауыл.
ІІІ топ – көлдер: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл.
Қазақстан картасы бойынша орналасқан жерлерін көрсету арқылы, тобына отыруға рұқсат беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше. Оның өзгешелігін сабақ барысында түсінесіңдер. Ол үшін әдеттегіше үй тапсырмасына дайындықтарыңды тексерейік! Үйге берілген тапсырма: модуль бойынша сөздікті қайталау.
«Ғажайыптар алаңы»(полечудес) ойыны. Әр топқа сөздіктен сұрақтар қойылады. Жауап дұрыс болған жағдайда, «Қазақстан» атты ұяшық толығымен ашылады.
Государство, парк, музей;
Президент, область, столица;
Родина, гостиница, дворец.
-Жарайсыңдар балалар! «Қазақстан картасы» модулі бойынша алған білімдерімізді пысықтап, қорыту үшін бүгінгі сабағымызда біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. (Экранда слайд «Қазақстанның картасы»)
ІІІ. Сабақ барысы.
Сабақты бастамастан бұрын Қазақстан туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Бейнеролик көрсетілгеннен кейін, оқушыларға саяхат бағыты мен мақсаты түсіндіріледі. Карта бойынша берілген қалаларға жету үшін тиісті тапсырмаларды орындау керек. Саяхат бағыты:
666115304165251269555880382397059055526986559055Шымкент қаласынан басталады Алматы Көкшетау Астана Ақтөбе қаласымен аяқталады.

V. Сабақты игерту тапсырмалары.
1. Шымкент қаласына аялдау! Дәптермен жұмыс.
4462145984250030651459525000Тапсырма: Келесі тізбекті орында: Сөз Сөз тіркесі Сөйлем
І топ: Отан .
ІІ топ: Елбасы.
ІІІ топ: Мемлекет.
2. Алматы қаласына аялдау! Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма: Мәтінді толықтыр. Әр топ екі сөйлемнен аударып, оқып шығады.
Алматы
Алматы – (большой) қала. Мен демалыста Алматыға бардым. Алматыда менің (дедушка) мен (бабушка) тұрады. (В городе) жаңа метро бар. (Я) атаммен метроға бардым. Метрода адам (много). Метроның станциялары (красивые) және (светлые).
3. Көкшетау қаласына аялдау! Топтық жұмыс.
Тапсырма: «Отан» тақырыбында постер қорғау. Әр топ осы тақырып көлемінде шағын сурет салады. Ойландыратын тұсы: «табиғат аясын қорғаушылар» тобында (келген қонақтар) түрлі-түсті қарындаштар бар, оларды алу үшін кез келген оқушы барып сұраққа жауап берсе болғаны.
4. Астана қаласына аялдау! Сергіту сәті.
Тапсырма: таспада берілген әуендер қандай ән және қандай қала туралы екенін табу керек. Топ болып жауап береді, 1-2 жолын әнмен бірге шырқайды.
Берілетін әндер:
Алтынай Жорабаева – «Астана»;
Роза Рымбаева – «Әлия»;
5. Ақтөбе қаласына аялдау! Ойлан, тап! Қорытындылау.
Тапсырма: слайдта берілген Ақтөбе қаласының көрікті жерлерін тауып айту керек. Олар: Президент атындағы саябақ, Әлия Молдағұлова ескерткіші, «Достық» Үйі, Оқушылар сарайы, Қобыланды батыр атындағы стадион, «Мега» ойын-сауық орталығы.
VI. Сабақты бекіту.
Сабақты бекіту мақсатында төмендегі сөзжұмбақ беріледі. Сұрақтың жауабы әріптерді дұрыс қосу арқылы табады.
Қазақстан Республикасының мемлкеттік тілі? (қазақ)
Өзеннің атауы? (Жайық)
Тәуелсіздік мерекесі қай айда тойланады? (желтоқсан)
Қазақстан қалаларының бірі? (Ақтау)
Атырау, Көкшетау, Ақтау, Атырау – ортақ белгі? ( У әрпіне аяқталуы)
47035811083000Қ А 1895401108300З 410638110830У 94585110830А
555418701315554187013100Т 17759370131О А 41063870131Ж Т
Л Қ Қ А Қ
Е С 56150200У Й А
Ж 177608107596А Н 410638108157Ы Қ
VII. Үйге тапсырма.
Туған жер, ел туралы 5 мақал-мәтел жаттап келу, мәнісін табу.
ІX. Бағалау.
Оқушыларды деңгейлеріне қарай бағалау.