Саба? жоспары ?аза?стан ?алалары


2 сабақ
Сабақтың тақырыбы Лексикалық: «Қазақстан қалалары»
Грамматикалық: Сұраулық шылау ( ма, ме. ба, бе, па, пе - ли)
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: «Қазақстан қалалары», тақырыбы бойынша кеңірек мағұлмат беріп, сұраулық шылау туралы тереңірек оқу.
Нені үйрену қажет?
Жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үйрену.
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап үйрену.
2. Дамытушылық: Екі тілде дұрыс сөйлеуге, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, сөздік қорды байыту.
3. Тәрбиелік: Сауатты жазуға, өз туған елінің құндылықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын сақтауға насихаттау.
Сабақ түрі: кіріспе сабағы.
Сабақ әдісі: Сызбаға қарап әңгіме құрау , сұраққа жауап беру.Сабақ көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, оқулық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мақсаты: Дайындық, сабаққа жұмылдыру. Жағымды көңіл - күй туғызу, ынталандыру.
Сәлемдесу (Әнұран)
Кезекші есебі
Сабаққа дайындықты тексеру
ІІ Үй жұмысын тексеру ( 2 минут)
Мақсаты: Білімдерін тексеру, танымын, белсенділігін, өзіндік ізденістерін, жалпы даму процестерін пайымдау,қателіктеріне түзетулер енгізу.
Алда тұрған мақсаттарды айқындау, сабақта кеткен кемшіліктерді
Сұраулық шылауларды сұрау
Сұраулық шылаулардың қолдану ретін сұрау
Сабақтың барысы
Мәтінмен жұмыс.
Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстанның 14 олысы бар. Басты қалалары Алматы, Астана, Көкшетау, Қарағанды ,Павлодар, Петропавл, Талдықоран, Өскемен, Семей, Жезқазған, Атырау, Ақтау,Ақтөбе,Тараз,Шымкент. Ал мен Риддер қаласында тұрамын.Ол ШҚО аймағында орналасқан.
Мәтінді оқы.
Мынау Қазақстан қалалары. Қазақстан қалалары әдемі.Онда зәулім үйлер, әр түрлі кешендер, мектептер, ауруханалар және тағы басқа салынып жатыр.Менің Қазақстан қалаларына саяхат жасағым келеді.
2.Суреттерге қарап, әңгіме құра. (Суретте Қазақстан қалалары бейнеленген).
З.Сөйлемдер құрап жаз.
Мен ... бардым.
Сен ... көрдің.
Ол ....... тұрады.
Керекті сөздер: (Өскемен, суреттен, Семей)
ІV. Қорытындылау кезеңі: Балалар, сабақтың басында сендер «Қазақстан қалалары» туралы айттыңдар, тақырып көлемінде және Сұраулық шылауға байланысты тағы қандай жаңа ұғымдар естеріңде қалды?, қандай қосып аларларың бар. толықтырамын.
V. Бекіту
Мақсаты: Берілген білімді оқушылардың қандай дәрежеде қабылдағандарын пайымдау.
Сонымен біз бүгін нені оқыдық, не білдік.
Бірнеше орысша, қазақша сөздер айтып оқушыларға тағы да аудартамын да, кім қалай жұмыс істегенін айтамын
VІ. Бағалау:Мақсаты: Бала білімін бағалау әдістерін жетілдіру, және оқушыларды толықтай бағалай алу жолдарын іздестіру. сонымен бүгінгі сабақтың бағалары:............
VІІ. Үй тапсырмасы: Мақсаты: Алған білімдерін өз беттерімен ары қарай бекіту, тереңдету.Шығармашылық ізденістерін дамыту
Қаладағы бір күнің туралы 4 сөйлем құрап жаз.