Саба? жоспары ?аза? ?алалары, ?аза? ?алаларыны? ??лдырауы ж?не оны? себептері (7-сынып)


Кабиева Айнаш Амантаевна
Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 7 Қазақстан тарихы
Тақырыбы
Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және оның себептері.
Мақсаты
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ қалаларының жағдайы қандай болды?
Күтілетін нәтиже А. Қазақ хандығындағы қалалар туралы біледі;
В. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығындағы қалалардың даму ерекшеліктеріне сипаттама береді;
С. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы қалаларының сол кезең экономикасының дамуында тигізген әсеріне баға береді.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Қазақстан тарихы, С.Жолдасбаев Алматы, «Атамұра», 2012, карта, интерактивті тақта, суреттер, ноутбук, бағалау, рефлексия парақтары, видеоподкаст: «Ұлы даланың көне шаһарлары», интернеттен алынған қосымша материалдар.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
10 минут Сәлемдесу, топқа бөлу. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасының сұрақтары:
-Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінесің?
-Маусымдық көшіп-қонудың қандай пайдасы бар?
-Қазақ қыстауларының тарихи маңызы неде?
-Көктеу мен күздеудің және жайлаудың айырмашылығын айтып беріңдер?
-Қазақтар егін шаруашылығымен қай аймақтарда басым айналысқан?
Қазақ халқында қолөнердің қандай түрлері болды? Оқушылар тренинг арқылы топқа бөлінеді. Топта ынтымақтастық қалыптасады. Топтық ережені еске түсіреді.
Үй тапсырмасына жауап береді.
Тұсаукесер
3 минут Видеоподкаст: «Ұлы даланың көне шаһарлары». Бейнефильм не туралы? Жаңа тақырыпты өткен сабақпен байланыстырып, анықтау. Бүгінгі сабақтан не туралы білгілерің келеді? Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау. Оқушылар сұраққа жауап береді. Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды.
Негізгі бөлім
20 минут
7 минут Қосымша кітаптарды, интернет ресурстарын пайдаланып, Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар туралы мәлімет табады. «Кемпірқосақ» әдісі арқылы алынған ақпараттарды бір-бірімен бөліседі. Мақсаты:
Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Түрлі-түсті топта) сөйлейді.
Оқушылар өздері тапқан мәліметпен танысып, топта талқылайды.Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөлемін. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Олар өз тобында талқылағанын басқа топқа түсіндіреді.
Бағалау критерийі:
Критерий Дискриптор Ұпай
Нақты мәлімет келтірді, ойы жүйелі. 1
Мәліметтері бар, ойын жеткізе алмады. 2
Нақты мәліметтері бар, ойы жүйелі 3
«Ойлан-жұптас-бөліс» (Джесси Джентильдің диаграммасы). Оқушыларға сұрақ беремін, сол сұраққа жауап жазулары керек.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы қалаларының сол кезең экономикасының дамуына тигізген әсеріне қандай? Оқушылар мәтінмен танысып, топта талқылайды. Берілген түстер бойынша қайта топқа бөлініп, бастапқы топта талқылағандарын басқа топқа барып түсіндіреді.
Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.
Берілген критерий бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды,
Оқушылар ойланып әр қайсы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді
Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі
Қорытынды
5 минут «Таңдау» рефлексия парағын толтырту (сабаққа қатысу деңгейін белгілейді):
Сабақ қызықты (қызықсыз) өтті.
Мен көп нәрсені үйрендім (ештеңе үйренбедім).
Мен басқаларын мұқият (селқос) тыңдадым.
Мен сабақты талқылауда өз пікрімді жиі (сирек) айттым.
Сабақтағы өз жұмысыма көңілім толады (толмайды).
Үй тапсырмасы:
1)§ 44 оқу;
2)Орта ғасырлық қалаларды кескін картаға түсіру.
Оқушылар рефлексия толтыру арқылы, сабақтағы іс-әрекетіне баға береді.
Үй тапсырмасын жазып алады.