?аза?станны? ?алалары та?ырыбына саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу, тақырып төңірегінде сөйлей білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу әрекеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Өз туған еліне, тұрған жеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елді, жерді сүюге тәрбиелеу, табиғатты аялауға шақыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Қалалардың суреттері, тірек сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, түгендеу
2. Бір-біріне сәттілік тілеу
3. Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Аударма диктант
Сөздерді орысша оқимын, ал оқушылар бұл сөздерді іштей қазақшаға аударып жазады.
Родина, государство, знамя,герб,гимн,столица
ІІІ Жаңа сабақ
1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.
2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.
а) мәнерлеп оқу;
ә) оқушылар дауыстап қайталайды;
б) оқушылар тізбектеп оқиды.
3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1.Суретке қара (көргеніңді айт).
2. Қай облыста тұрасың?
3. Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар?
ІІ деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Өлеңді мәнерлеп оқы.
3. 4-тапсырмадағы сөйлемдерді оқы, көшіріп жаз.
І деңгей
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. 3-тапсырмадағы сұрақтарға жауап бер.
3. 5-тапсырмадағы кім? деген сұраққа жауап беретін сөздерді бір бағанға, не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді бір бағанға жаз
IV Сергіту сәті
V Сабақты қорытындылау
Тірек сызба бойынша жаңа сөздерді пайдаланып, 1-2 сөйлем құрастыр.
VІ Үйге тапсырма беру
1. Жаңа сөздерді жаттау.
2. Жаңа сөздермен 3 сөйлем құрау.
3. 5-тапсырма. Сөздерді буынға бөліп, оқу.
VІІ Бағалау
Оқушылардың білім деңгейлерін бағалау.