?аза? тілі сба?ынан ?аза?стан ?алалары та?ырыбында?ы саба? жоспары


Сыныбы: 4 сынып
Пәні: Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан қалалары».
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды зерттеу жұмысына баулу. Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздендіру, топтық жұмыс, ой ашар тәсілі, дұрыс - бұрыс жаттығу.
Сабақтың формасы: жалпы сыныптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қалалардың суреттері, кесте, оқулық, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта, бейне баян.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу, кезекшімен диалог, Оқушылардың назарын сабаққа
Үй тапсырмасын тексеру.
Септіктердің сұрақтарымен жалғауларын сұрау.
Жаңа сабақ: «Қазақстан қалалары».
- Біз өткен сабақтарда қандай жұмыспен айналыстық ? Отанымыз, Қазақстан туралы әңгімеледік және Қазақстан Республикамыздың рәміздері туралы өттік.
- Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын қайталадық.
Бүгінгі сабақта осы септіктермен олардың жалғауларын тағы да есімізге түсіреміз.
І кезең Балалар, енді алдарыңдағы парақшаларға назар аударыңдар. Көріп т
ұрғандарыңдай, өлең берілген. Өлеңнің бірінші қатарында қала аттары жазулы тұр. Екінші қатарда - несімен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер берілген. Сәйкестігін табыңдар. Дайын болған өлеңді хормен айтамыз.
ӘЛЕМ ҚАЛАЛАРЫҚалалар бар әлемде,
Таңқалдыратын халықты.
Ол қалалар әр елде
Несіменен даңқты?
ПАРИЖ - Эйфель мұнарасымен
НЬЮ – ЙОРК –Бостандық мүсінімен
МӘСКЕУ - Кремлімен
ВАШИНГТОН – Ақ үйімен
САНКТ – ПЕТЕРБУРГ - Эрмитажымен
СОЧИ – демалыс үйлерімен
ӨСКЕМЕН - Бәйтерегімен
АЛМАТЫ - Медеуімен
Ал, Астана ше ?
Меніңше, - ........
Сөздікпен жұмыс:
Мұнара – башня (Вышка)
Мүсін – фигура, скульптура
Үй – дом
Әлем қалаларын жақсы білесіңдер, бірақ біздің
тақырыбымыз «Қазақстан қалалары». Оларды қалай білесіңдер, қазір тексереміз.
14586830835400ІІ кезең Қазақстан картасымен жұмыс.
Сұрақтар:
Қазақстанның Батысында (Западный Казахстан) қандай қалалар орналасқан? (Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау)
Ал, Шығысында (Восточный Казахстан) қандай қалалар орналасқан? (Шыңыс Қазақстан, Өскемен, Қарағанды)
Солтүстігінде (Северный Казахстан) қандай қалалар бар? (Павлодар, Ақмола, Қостанай)
Оңтүстігінде (Южный Казахстан) ше? (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент)
ІІ кезең Аталған қалаларды мен жұлдыздармен белгіледім. Ерекше үш жұлдыз тұр. Ол қандай қалалар деп ойлайсыңдар? (Алматы, Астана, Қостанай)
1.Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсындар ?
Алматы – бұрынғы астанамыз.
Атырау – біздің туған жеріміз.
Астана – жаңа ел ордамыз.
Астана туралы не білесіңдер ? (оқушылардың жауаптары)
ІІІ кезең Ауызша жұмыс:
Мәтінді оқып, септік жалғауларын тауып жазыңдар.
Егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім – егемен(табыс с.) Қазақстан. Қазақстан – үлкен мемлекет. Қазақстанда 14 облыс бар. Қазақстан(ілік с.)  байлығы өте көп және қазына(барыс с.) бай ел. Біздің еліміз(ілік с.) табиғаты өте сұлу. Биік асқар таулар, мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар мекендейді. Мен өз елім(табыс с.) мақтан тұтамын.
Жазбаша жұмыс:
Мәтінді жазып алып, септік жалғауларын тап.
Мен бүгін мамаммен мектепке бардым. Сен кеше атаңмен стадионға бардың. Жазда мен Маратпен лагерьге бардым. Айша Дашамен кітапханаға келді. Болат қыста ұшақпен Астанаға барды. Атам поезбен Мәскеуге кетті.
Сабақты бекіту: Сұрақ – жауап арқылы сабағымды бекітемін.
Үйге тапсырма: диалог жаттау, септіктердің сұрақтары мен жалғауларын жаттау.

5. Бағалау бөлімі: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.