М?тінні? ?зіндісін ерекшелеу. ?аріп. Абзацты пішімдеу Саба?ты? та?ырыбы: М?тінні? ?зіндісін ерекшелеу. ?аріп. Абзацты пішімдеу. Саба?ты? ма?саты: Білімділік: о?ушылар?а Word Pad м?тіндік ба?дарламасыны? ?осымша м?мкіндіктерін т?сіндіру. Т?рбиелік: о?ушыл


Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеуЖарияланды 14-02-2014, 01:17 Категориясы: Информатика 
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін түсіндіру.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа, шапшаңдыққа, WordPad мәтіндік редакторында мәтінді өз бетінше жазуға тәрбиелеу.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, таным белсенділігін қалыптастыру.Сабақтың түрі: аралас сабақӘдісі: Сәйкестендіру тесті, деңгейлік тапсырмаларСабақтың көрнекілігі: таратпа, компьютер, мультипроектор.Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі- оқушылармен сәлемдесу;- оқушыларды түгелдеу.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау1. Символ...1) Мәтіндік ақпараттың ең кішкене бірлігі2) Ең кіші нүкте3) Ең кіші сызықша4) Мәтіндік ақпараттың ең үлкен бірлігі2. Мәтіндік курсор...1) Мәтіндік редакторда орналасқан.2) Жұмыс үстелінде орналасқан3) Арнайы бумада орналасқан4) Дұрыс жауабы жоқ3. WordPad мәтіндік редакторының құжат типі1). pnb2). rtf3). jpg4). avi4. Мәтіннің негізгі элементін көрсет:1) Құжат2) Кесте3) Сурет4) Сөз5. Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программалар:1) Кестелік редактор2) Графикалық редактор3) Paint4) Мәтіндік редактор6. Сөзді немесе символды бас әріппен бастау үшін әріп пернесімен бірге қандай пернені басу керек?1) delete2) alt3) shift4) home7. Бірнеше сөді бас әріппен жазу үшін...1) Num lock2) Caps lock3) Backspace4) Tab8. Курсорды мәтін бойынша жолдын басына апару үшін...1) End2) Page down3) Home4) Page up9. Үзілмейтін бос орын қою үшін...1) Alt+shift+бос орын2) Ctrl+shift+бос орын3) Shift+delete+бос орын4) Tab+бос орын10. Көп бетті құжаттын соңғы бетіне бірден бару үшін:1) Alt+shift2) Ctrl+end3) Shift+delete4) tabIII. Жаңа сабақ баяндауМәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.Символдарды жою үшін қандай пернелер қолданылады?Windows операциялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен - курсордан оң жақта орналасқан символды, Васкsрасе пернесімен курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Іnsert пернесін басңанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Іnsert пернесін қайтадан басу керек.Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады:Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас:Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Сtrl пернесін баса отырып жылжытамыз;немесе оны алмасу буферіне көшіреміз (Жолақтағы копировать батырмасы), керек жерге кірістіреміз.Егер мәтінге амал қолданғанда бір нәрсе дұрыс шықпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қол жеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Сtrl+z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.Жазылған әріптердің кескінің оның қаріп түрін және өлшемін өзгерту арқылы келтіруге болады:IV. Сабақты бекітуСәйкестіріңдерCtrl+Home Таңдалған бұйрықтан бас тартуPage Up Бас әріптерді теру режиміне өтуDelete Курсорды құжаттың басына апаруCaps Lock Курсордың сол жағындағы сөзді жоюEsc Курсорды бір бетке жоғары апаруInsert Абзацты енгізуді аяқтауEnter Курсордың оң жағындағы сөзді жоюCtrl+Back Space Мәтінді енгізгенде ауыстыру режиміне көшіру1 - тапсырма:Сәтемір ханСәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан - жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның тө - бесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барған - да тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая - мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті.Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай - тағаланың жаратқан жан - жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.1. Құжатты өз бумаларыңда Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.2. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.3. «;» белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.4. Өз бумаларыңның Сәтемір хан файлындағы өзгерістерді сақтаңдар.2 – тапсырма:Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі,Өзгені де ойлаған –Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таниды.Өз білмегеніңді кісіден сұра,Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.Оқу – білім бұлағы,Білім – өмір шырағы1. Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.2. Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер. Еnter, Васкsрасе және Delete пернелерін қолданыңдар:• егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші ма - қалдың соңына қойып, Еnter пернесін басыңдар;• егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына цойып, Васкsрасе пернесін басуға да болады).3 – тапсырма:Тапсырма Дабыл ПапкаПарта Программа ҚарындашКөрме• Delete, Васкsрасе пернелерін қолданып және алмастыру режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.• Құжатты өз бумаларыңда Сөздерді деген атпен сақтаңдар.V. Үй тапсырмасын беру. Бағалау.