?аза? тілінен ашы? саба? жоспары. та?ырыбы: ?аза?станны? демалыс орындары (8 сынып)


Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі

ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ

8 СЫНЫП
Дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Искаков Ғ.М.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның демалыс орындары.
Сабақтың мақсаты: 
                     Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның демалыс орындары жайлы, емдік шипажайлар туралы білімдерін толықтыру, жаңа мағлұмат беру.
              Дамытушылық: Сөздік қорын, тілін дамыту,өзіндік пікірлерін ашық айтуға,оған сыни тұрғыдан қарауға баулу, ойлау қабілеттерін арттыру.
                    Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, ұлтжандылыққа, жаңа заман талаптарына сай азамат болып өсуге баулу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ 
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,ой қозғау бейнелеу,әңгімелесу,аударма, сұрақ- жауап, топпен, ұжымдық жұмыс,топтастыру,сәйкестендіру,рөлдік   
шеберлік,деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар.
       
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,сызбалар,кеспе карточкалары, слайдтар, видео.
 
  Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі          Оқушылармен амандасу.
II.Үй жұмысын тексеру.         
          Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру.         
         ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Қысқаша видео көрсетемін. Содан оқушылардың өз ойларын, пікірін біліп, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашатын жауап аламын.Қазақстан – табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жаннаты – Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбәт Қарқаралы...Қарасаң көзің тоймайды!
 
 ІV.Сөздікпен жұмыс       шүйгін – сочный
       шәрбат – шербет, сок
жағажай – пляж
аумағында – на территории
балшық – грязь
түкпір - түкпірінен – со всех уголков
шипалы – целебный
өзгертілді – изменен, заменен
құрылым – структура
басқару органдары – органы управления
қызмет – деятельность
Мәтінмен жұмыс
Берілген сөзтіркестерін аудар және оларды пайдалан отырып мәтіннен оларға қатысты ақпаратты айт.
Жазғы демалыста, шипажайға бардым, Алакөлге бардық, уақытын белгілеу, ақылы қызметтер, жыл сайын барамыз, емдік қасиеті, суы балдай, жер жаннаты.
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса
Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, осында келіп демалып, денсаулығын нығайтыып қайтып жатады.
Тест
1.Ғарышта бірінші республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырған кім?
А) Т.Мұсабаев
Ә) Т.Әубәкіров
Б) А.Айымбетов
Г)М.Молдабеков
2.Талғат Мұсабаев қай жылы ғарышқа ұшты?
А)1991 ж
Ә)1993 ж
Б)1995 ж
Г)1994 ж
3.Қала тұрғындарының жартысынан адамын кімдер құрайды?
А)ҚР азаматтары
Ә)Ресей азаматтары
Б)Шетел азаматтары
Қытай азаматтары
4.Байқоңыр қаласының атауы қай жылы өзгертілді?
А)1991 ж.
Ә)1990 ж.
Б)1995 ж.
Г)1992 ж.
5.Ресейлік мекеме-құрылымдарында қанша Қазақстандық азаматтар жұмыс істейді?
А)алты мыңнан астам
Ә)екі мыңнан астам
Б)жиырма мыңнан астам
Г)жеті мыңнан астам
6.Ғарышкерлермен бірге ғарышқа бірге не сапар шекті?
А)қымыз
Ә)ту
Б)елтаңба
Г)сағат
7.Байқоңыр айлағы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
А)Алматы облысы
Ә)Оңтүстік Қазақстан
Б)Қызылорда облысы
Г)Талдықорған облысы
Есімше – бірде етістіктің, бірде есім сөздің қызметін атқаратын етістіктің ерекше мағыналық түрі. Есімше етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады: 1.-қан,-кен,-ған,-ген. М/ы: барған, көрген. 2. –ар,-ер,-р. М/ы: барар, айтар. 3.-мақ, -мек, -пақ,-пек, -бақ,-бек М/ы: бармақ, айтпақ. 4. –атын, -етін, -йтін. М/ы: сөйлейтін, баратын.

 
V. Жаттығу жұмысы
5 тарсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді жазыңдар.
1.Жазғы демалыста .....барамыз.
2.Қазақстанда .....ең көрікті жерлері бар.
3.Елімізде .....орындар көп.
4.Қазақстан - ......өлке.
6 тапсырма. Диологты толықтырып жазыңдар.
Карточкамен жұмыс.
Видео көрсету.
Видео бойынша тапсырмалар орындау.
 VI.Сергіту сәті.
Сандар сөйлейді ойынын өткіземіз.
1995 жыл 12 ақпан
1955 жыл 12 мамыр
1957 жыл
1961 жыл 12 сәуір
1991 жыл 2 қазан
1995 жыл желтоқсан айы
1994 жыл 1 маусым
 VII.Жаңа сабақты бекіту.
1.Слайд көрсетіледі.
2.Оқушылар өздері үйден дайындап келген буклеттерін қорғайды.
VIII. Сабақты қорытындылау.
                                         
ХІ.Үйге тапсырма:
1. Қазақстан шипайжайлары туралы слайд дайындау.
2. 4 тапсырма, 68 бет, жаңа сөздерді жаттау.
                             
XІІ.Бағалау.