Саба?ты? та?ырыбы: К?ктем (4 сынып)


Сабақтың тақырыбы: КөктемСабақтың мақсаты: Білімділік: алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Көктем туралы алған білімдерін жинақтай отырып, сөйлеу әрекетін дамыту,сөздік қорларын молайту.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген  сүйіспеншілігін арттыру,Отаншылдыққа, адамгершілікке,туған жерін, тілін сүюге тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға, аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағыӘдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жеке – топтық жұмыс, суретпен жұмысКөрнекілігі: жаңа сөздер, тірек- сызба, кәртішкелер, көктем туралы суреттер.
Эпиграфы:
Көктем қандай көңілді!
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
(С.Жиенбаев)
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру :а) Сәлемдесу б)сыныпты түгендеу2.Үйге берілген тапсырманы тексеруа) көктемгі ауа райы3.Жаңа сабақ  а) Кіріспеә)сабақтың барысын, мақсатын айту.
1.Дидактикалық кезең: Ой қозғау.
Міндеті:Оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру,белсенділігін, білімге деген құштарлығын арттыру,жұмбақ шешу арқылы сабақты ашу.
Балалар, мен сендерге жұмбақ айтамын, ал сендер шешуін табыңдар.
Қар еріп су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылидыБұл қай кезде болады?
( Көктемде )
Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл көктемде болады. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :Көктем.
Грамматикалық тақырып:Етістіктің шақтарыКөктем дегенде сендердің ойларыңа не келеді ?Балалар өз ойларын айтады.
Екінші дидактикалық кезең.
Міндеті:
Біздің бүгінгі сабақта қойған негізгі мақсатымыз:
1)Көктем туралы алған білімдерімізді жинақтай отырып ойымызды жүйелеп айту.
2)Сөйлеу әрекетімізді дамыту.
3)Сөздік қорын молайту.
4)Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру–   Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – Саяхат сабағы.
–   Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек ?–    Карта.
–    Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратыпберемін.
Саяхат картасы3 )Сөздік алқабы.                                              4)Сөйлем көлі.
Жаңа сөздер.                                                           Сурет бойынша әңгіме2) « Сөз сыры » мұражайы.                                5) Грамматика тауы.
Айлардың шығу тарихы.                                           1.тақтамен жұмыс.
2.жазба жұмыс.
1)Әңгімелесу тобы.                                             6) Сөзжұмбақ шешу.
Сұрақ – жауап.                                                        «Көктемде»
Үшінші дидактикалық кезең:
Сөйлеу әрекетін дамыту.
1-ші аялдамамыз.
I.Әңгімелесу тобы (сұрақ – жауап)
Мен қазір сұрақ қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.
Қазір қандай мезгіл ?Көктем айлары қандай ?Көктемде ауа райы қандай болады ?Бүгін ауа райы қандай ?Құстар қайдан ұшып келеді ?Көктемнің бірінші гүлі қандай гүл ?Көктемде қандай мерекелер бар ?Төртінші дидактикалық кезең:
2.Біздің келесі аялдамамыз  « Сөз сыры » мұражайы. Айлардың шығу тарихы (топпен жұмыс)
Балалар, әр айдың өзінің шығу тарихы бар. Көктем айларының тарихы нені білдіреді ?Наурыз – көктемнің бірінші айы. Парсыша «нау»-жаңа, «руз»-жыл деген сөзді білдіреді. Оны халық « Ұлыстың ұлы күні » дейді, құрметтейді.
Сәуір – көктемнің екінші айы. Бұл айда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. «Сәуір болмай, тәуір болмас » деген мақал бар.
Мамыр – көктемнің үшінші айы. Бұл айда құстар ұя салып, балапаншығарады. Мамыр тоқшылық деген ұғымды білдіреді.
Бесінші дидактикалық кезең.
Міндеті:сөздік қорын байыту сөйлеу әрекетін дамыту.
3.Сөздік алқабы:
1)Жаңа сөздер:отырғызу, өсіру, жеміс ағаштары, ағаш, жер жырту, сенбілік, егін ,
егу.
2)Өтілген сөздердің мағыналарын түсіндіру.
3)Дұрыс айтуға дағдыландыру.
Дауыстап мәнерлеп оқу.
Тізбектеп оқу.
Сөз тіркесін құрастыру.
4)Сөйлем құрастыру.
Мен кеше ағаш отырғыздым.
Сенбі күні біз сенбілікке шығамыз.
Тракторшы жер жыртып жүр.
Алтыншы дидактикалық кезең.
Міндеті:топпен жұмыс жасай білуге баулу,берілген тақырып бойынша әңгімелей білуге жаттықтыру.
4.Сөйлем көлі. Сурет бойынша әңгіме.(топпен жұмыс)
Көктемгі айлар.
Жыл мезгілдері.
Көктемгі жұмыс.
Жетінші дидактикалық кезең.
Міндеті:Етістіктерді үш жақта жіктей білуге төсілдіру.
5.Грамматика тауы (етістіктің шақтары)
1)Тақтамен жұмыс.
Сурет салу.
Нақ осы шақ                                Өткен шақ                            Келер шақМен сурет салып отырмын Мен сурет салдым        Мен сурет саламынII.Сен сурет салып отырсың         Сен сурет салдың           Сен сурет саласыңСіз сурет салып отырсыз           Сіз сурет салдыңыз        Сіз сурет саласызIII.Ол сурет салып отыр                 Ол сурет салды              Ол сурет салады2)Тапсырмаларды орындау.
1 – тап.Мәтіндегі  етістіктерді ауыспалы келер шаққа қойып жазыңдар.
келді – кел+е+дібастады – баста+й+дыеріді – ер+й+діжүре бастады – жүре баста+й+дыкөтерілді – көтеріл+е+діпайда болды – пайда бол+а+ды2 – тап. Кестеде берілген етістіктерді 3 жаққа қойып жаз.
келу – келіп тұр – келді – келедібастау – бастап отыр – бастады – бастайдыжылыну – жылынып тұр – жылынды – жылынадыбару – барып отыр – барды – барадыістеу – істеп отыр – істеді – істейдіжазу – жазып отыр – жазды – жазадыСегізінші дидактикалық кезең.
Міндеті:сұрақ – жауап арқылы түсініп ,дұрыс орындауға жаттықтыру.
6.Сөзжұмбақ шешу. Көктемде»
1)көктемде не ұзарады?
2)Бақта не өседі?
3)Жаздан кейін қай жыл мезгілі?
4)Құс.
5)Сәуір айы тағы қалай аталады?
6)Көктем мезгілінің соңғы айы?
7)Наурызда адам не тілейді?
8)Мейрамды адамдар қалай тойлайды? Не айтады?
 
Тоғызыншы дидактикалық кезең.
Сабақты қорыту. Топтастыру.
Міндеті: Тірек – сызба арқылы көктем туралы білімдерін қайталап,топтастыру,қорытындылай білу.
Етістіктің шақтары туралы білімдерін қайталап,жүйелеу.
 
1)Етістіктің шақтарын қайталау.
Нақ осы шақ                             Жедел өткен шақ           Ауыспалы келер шақнегіз + -ып, -іп, -п, -а,-е,               негіз – -ды, -ді, -ты, -ті         негіз + -а, -е,-й + ж.ж.
-й + тұр, жүр, отыр, жатыр             + т.ж.
+ ж.ж.
8.Үйге тапсырма: Етістіктің шақтарын білу.
Көктем тақырыбына шығарма жазу.
9.Оқушыларды бағалау, мадақтау.