Дауыссыз к мен г. 152– 156 жатты?улар


Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г. 152– 156 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Дауыссыз к,г дыбыстары. К мен г дыбыстарының емлесі.Қ дыбысына аяқталған сөзден кейін келген дауысты і дыбысы.
Дамытушылық: Алған білімдерін талқылау, бекіту арқылы өз ойларын еркін жеткізуге жағдай орнату. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттыру. Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Дауыссыз к,г дыбыстары.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Ереже: Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: елік – елігі, кірпік – кірпігі, бүйрек – бүйрегі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дауыссыз к,г дыбыстары.
К мен г дыбыстарының емлесі.
К дыбысына аяқталған сөзден кейін келген дауысты і дыбысы.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
153 -жаттығуды орындау.
Бірлік болмай – тірлік болмас.
Мақалды жатқа жазу.
Бірлік, тірлік сөздеріне і әрпін қосып жазу.
Мақал мағынасын түсіндіре отырып бірлігі мен тірлігі жарасқан туған еліміз жайлы мағлұматтар беру. Оқушылардың еліміз, жеріміз, әсем Астанамыз жайлы пікірлерін ортаға салу, ой бөлісу.
Тақырыпты жалғастыра келе 154-жаттығуды орындау.
а) Сөйлемді көшіріп жазу
б) Бірінші сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жасау(ауызша).
в) Түсінік айту.
Сергіту сәті.
155, –жаттығуды орындау.
Қимақағазбен жұмыс.(Жалпы сыныппен талдауға да болады. Бұл тапсырма сөздерді байланыстыра білуге арналған тапсырмалар.
* Сұрақтарға жауап бере отырып мәтін құрап жаз.
Мынау не? (элеватор)
Элеваторда не тазалайды? (астық)
Элеватордың алдында нелер бар? (машиналар)
Элеваторда кімдер жұмыс істейді? (жұмысшылар)
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 156-жаттығу. Ереже.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау