Цитология негіздері (саба? жоспары)
Сабақтың тақырыбы: Цитология негіздері. Жасушаның химиялық құрамы. (Жасушаның зерттелу тарихы, жасушаның құрамындағы бейорганикалық және органикалық заттар).
Сабақтың мақсаты:Цитология жасуша теориясын зерттейтін ғылым екендігін түсіндіру. Оқушыларды жасушаның химиялық құрамымен таныстыру. Биоэлементтер деп аталу себебіне тоқталып, микро- және макроэлементтердің жасуша тіршілігіндегі қажеттілігіне баса назар аудару. Органикалық қосылыстардың маңызын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Негізгі бөлім. Жаңа сабақ түсіндіру.
Қорытынды бөлім.
Бекіту сұрақтары.
Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздерме? Оқушыларды түгелдеп, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Негізгі бөлім. Тақырыптың түйіні:
жасушаны зерттеудегі ғылыми жаңалықтар;
жасушы теориясын қалыптастырудағы ғалымдардың еңбектері;
жасушаны зерттеудің негізгі әдістері;
жасушаның атомдық, молекулалық құрылымы;
су, оның молекулалық құрылымы және жасуша тіршілігіндегі маңызы;
минералды тұздардың және маңызды катиондар мен аниондардың жасуша тіршілігіндегі маңызы;
көмірсулардың құрамы, қарапайым және күрделі көмірсулар;
моносахаридтер, дисахаридтер, олардың түрлері мен табиғатта таралуы;
көмірсулардың тіршіліктегі маңызы;
липидтердің құрамы, құрылысы;
қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының ерекшеліктері;
липидтердің қызметтері;
нәруыз, оның тіршіліктің тірегі екендігі;
нәруыз молекуласын зерттеген ғалымдар;
нәруыз молекуласының құрылысы мен құрылымы;
аминқышқылдары, олардың түрлері;
нәруыздың қасиеттері, қызметтері;
нуклеин қышқылы, ДНҚ –ң құрылымы;
ДНҚ-ның екі еселенуі. М. Месельсон мен Ф. Сталь еңбектерімен таныстыру;
РНҚ-ның түрлері, құрылысы мен қызметтері;
АТФ-тың құрылымы мен қызметтері.
Қорытынды бөлім.
Жасуша – барлықтірі ағзалардың ең кіші өлшем бірлігі.
Әртүрле ағзалардың жасушалары құрылысы, құрылымы және химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері жөнінен ұқсас.
Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.
Берілген сызбанұсқаны негізге ала отырып, қорытындылау:
365760023876000Көмірсулардың оның қасиеттеріжасушадағы ролі1600200-10414000құрылымы800100-3810000молекуланы құруға қатысатын
атомдардың орналасу реті.
Майдың құрамы------майдың қасиеттері-------майдың жасушадағы
914400-5270500ролімолекуланы құруғақатысатын атомдарЖасушаны құрамы.
Жасушаның заттарыҚұрамындағы элементтерМолекулалық масса Негізгі қасиеттеріЖасушадағы роліБекіту сұрақтары.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында мынадай сұрақтар беріледі:
¤ дәнді дақылдар өнімділігін арттыруда азоттың қандай маңызы бар?
¤ сүйек ұлпасын жетілдіруде қандай элементтер қажет?
¤ йодтың жетіспеуінен адам қандай ауруға ұшырайды?
¤ биоэлементтердің қандай қасиеттері олардың тірі табиғатта кеңінен таралуына әсерін тигізеді?
¤ тірі ағзалар тіршілігін тоқтатқанда олардың химиялық құрамында қандай өзгерістер болады?
¤ нәруыз бен май молекулаларының арасында қандай байланыс бар? Ол байланыстың жасуша тіршілігіндегі маңызы неде?
¤ «Орақ пішінді жасушалы анемия» ауруының пайда болу себептері неде?
¤ анемия ауруына қай елдің адамдары жиі шалдығады? Себебі неде?
¤ не себептен нәруызды полимер дейді?
¤ аминқышқылдарының арасын қандай топтар байланыстырады?
¤ пептидтік байланыс дегеніміз не?
Үйге тапсырма.
Тақырыптың соңындағы берілген кестелерді толтыру.
«Нәруыз – тіршіліктің көзі», «Нәруыздың қасиеттері» деген тақырыпта реферат дайындап келу.
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері.
Сабақтың мақсаты:Эукариот жасушаларының құрылысы, жасуша мембранасын, жасушаның негізгі бөлігі- цитоплазманың құрылымын, жасуша ішіндегі түрлі органоидтардың құрылысы мен атқаратын қызметтері туралы жоғары деңгейде білім беру. Оқушыларды жасуша органоидтерін кестеден салыстыра отырып, ерекшелігі мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Негізгі бөлім. Жаңа сабақ түсіндіру.
Қорытынды бөлім.
Бекіту сұрақтары.
Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздерме? Оқушыларды түгелдеп, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақ-жауап арқылы, бағалау)
Негізгі бөлім. Тақырыптың түйіні:
эукариот жасушасы мембранасының құрылысы;
плазмалемма, оның құрамы;
жасуша мембранасының қызметтері;
жасушааралық байланыстар, олардың түрлері;
цитоплазманың құрамы, оны зерттеудегі К. Портер еңбегі;
эндоплазмалық тордың құрылысы мен жасуша тіршілігіндегі маңызы;
эндолазмалық тор мен гольджи жиынтығының байланысы;
гольджи жиынтығының құрылысы мен қызметі;
лизосома, оның түрлері мен қызметтері;
митохондрияның зерттелуі, құрылысы мен құрамы, қызметі;
пластидтердің құрылысы, түрлері және қызметі;
рибосома құрылысы, қызметі;
жасуша орталығы, оның қызметі;
қозғалыс органоидтары, оның қызметі, вакуольдің маңызы;
ядро, ядроның құрылымдық бөліктері;
хромосома, құрылыс, маңызы;
ядроның биологиялық рөлі, жасуша-біртұтас құрылым;
микробиология ғылымының даму кезеңдері, микроорганизмдердің табиғаттағы маңызы, прокариоттар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер;
Қорытынды бөлім.
Тірек конспект арқылы тарауда қамтылған материалдарды қорытындылау.
22860069850034290023558500 Oкөптеген эукариотты жасушалар, қарапайымдардан бастап жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы бірдей болатындығын дәлелдеу342900412750003429003530600022860010795000Жасушаның негізгі бөлімдері-цитоплазма мен ядроның қызметтері өзара тығыз байланысты45720069215003810-561975000
Ядроның құрылысы мен қызметтері
342900268605002286004000500Цитоплазма
Цитоплазма және оның құрауыштарына сипаттама2286003619500Мембраналы органоидтар34290012827000
800100209550034290013525500 Эндоплазмалық тор
80010025717500800100285750034290014287500Гольджи жиынтығы8001002641600034290014986000лизосома
34290015748000митохондрия
22860025400000800100501650034290016446500пластидтермембранасыз органоидтар3429001143000068580000034290011430000рибосома
34290014732000685800261620006858003302000вакуоль
685800246380003429006604000жасуша орталығы3429007302500 қозғалыс органоидтары240030022415500262890022415500800100224155001028700224155000-16954500Цитоплазма Гиалоплазма
органикалық заттар бейорганикалық заттарнәруыз, май, көмірсу, азотты су, макроэлементтер, микроэлементтер,
негіздер, аминқышқылдары, тұздар (катиондар, аниондар)
ферменттер, АТФ
Трабекула жүйесі11430003175002971800-444500
мембраналы органоидтер мембранасыз органоидтар(эндоплазмалық тор, митохондрия, ( рибосома, вакуоль, жасуша орталығы лизосома,Гольджи жиынтығы, т.б.)
пластидтер, т.б.)Бекіту сұрақтары.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында мынадай сұрақтар беріледі:
¤ митохондриялар жануарлар организмінде көп болады. Неліктен?
¤ кристалардың маңызы және атқаратын қызметі неде?
¤ митохондрия матриксіндегі (50ден) аса ферменттердің маңызы неде?
¤ белсенділігі төменірек жасушаның ядрошығы құрамында РНҚ-сы аз болады. Неліктен?
¤ ядрода тұқым қуалау қасиеті қайда сақталады?
¤ ядроның құрамы қандай, ядрошықтың маңызы қандай?
¤ жасушаның ядросыз неге тіршілік ете алмайтынын дәлелдеу керек?
¤ вирустың қауіптілігі неде ?Үйге тапсырма.
Тақырыптың соңындағы берілген кестелерді толтыру.
Жасуша бөлімдері және органоидтеріҚұрылысындағы ерекшеліктерЖасушада атқаратын қызметі
Жасушаның құрлысы мен қызметтеріНегізгі органоидтері мен бөлімдеріҚұрылысыҚызметі
Ядро Дөңгелек не сопақшаЯдро мембранасыЯдро шырыныЯдрошықХромосомалар Микроорганизмдердің зерттелуіҒалымдардың атыЗерттеген жылдарыАшылған жаңалықОрганизмдерҰқсастықтарыАйырмашылықтарыПрокариоттар Эукариоттар 33147002501900091440025019000Вирус
Сұрақтар Жауаптар
Тірі ағзаға қалай енеді? ------------------------------------------------------
Одан әрі қандай процесс жүреді? -------------------------------------------------------
Вирус жасуша ішіне түскен соң
қандай процесс жүреді? -------------------------------------------------------
Бұл процесс қалай аталады? -------------------------------------------------------
Вирус неге қауіпті? -------------------------------------------------------
«СПИД ауруы неге қауіпті?», «Цитоплазманың құрлысы мен қызметтері» деген тақырыпта реферат дайындап келу.