Дос болайы? б?ріміз атты т?рбие са?атыны? саба? жоспары


Сабақтың жоспарыПоурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Сынып / Класс / Class: 4 «Ә»
Пән/ Предмет/ Subject: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: «Дос болайық бәріміз»
Сабақтың үлгісі/ Тип занятия/ Type of the lesson: жаңа сабақты оқыту
Мақсаты/Цель/Aim:
білімділік/ образовательная/ educational: – татулық, достық,бірлік қасиеттерінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,Қазақстан елінде тұратын әр түрлі ұлттардың бірлігі жайында білімдерін кеңейту.
дамытушылық/ развивающая/ developing:– Шығармашылық тапсырмалар арқылы баланың ой-өрісін,тілдік дағдыларын және белсенділігін дамыту.
тәрбиелік/ воспитательная/ bringing-up: – Ынтымақтыққа,достыққа,татулыққа,өз досыңа адал болуға,жаман дос пен жақсы досты айыра білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта(теледидар),стикерлер,плакат, фишкалар
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап,көрнекілік әдіс
Сабақ барысы / Ход занятия / Course of the lesson:
І.Ұйымдастыру бөлімі
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Қалдарың қалай?Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?
Психологиялық дайындық.
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»-деп,осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
«Ереже»
-Сабақ барысында қолданылатын негізгі ережелерімен таныстыру.Яғни, «Эфирде біреу», «00:00», «100%» ережелері.
«Күннің шуақтары»
-Балалар қазір мен сендерге мына күннің шуақтарын таратамын. Әр оқушы осы шуақтарға тек жақсы сөздерді жазады.Яғни, «ананың құшағы», «нағыз дос», «жақсы көңіл –күй», «жақсы баға» т.б.
-Жарайсыңдар ,балалар! Осы күннің көзі сияқты, біздің де бүгінгі сабағымыз жақсы көңіл-күймен өтуіне тілектеспін.
ІІ.Негізгі бөлім
-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын мына сөзжұмбақты барлығымыз бірге шешіп көрейікші.
Бірақ,бұл сөзжұмбақ ерекше.Мен сендерге сұрақтар қоймаймын,тек қана бір сөзді айтамын.Ол сөз орыс немесе ағылшын тілінде болуы мүмкін.Сендер сол сөзді қазақша аударып,жауабын жазу керексіндер.(интеактивті тақтада сөздер көрсетілед)Келістік пе?
1.Дневник-(күнделік)
2.Thirty-(отыз)
3.Clock-(сағат)
4.Доска-(тақта)
5.Yellow-(сары)
6.Умный-(ақылды)
«Достық» сөзі шығады.
-Сонымен балалар қандай сөз шықты?(достық)
Сабақ тақырыбымен таныстыру
-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос болайық бәріміз» деп аталады.
Сонымен,балалар «дос» немесе «достық» дегенді қалай түсінесіңдер?Осы сөзді естігенде көз алдарына не келеді?(оқушы сөзін тыңдау)
-Дұрыс,яғни «достық» дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.Ал,«Дос» деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан. Достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.Солай ма?
-Жақсы,яғни біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос болайық бәріміз» деп аталады.Бүгінгі сабақта біз дос,достық,нағыз достық ,елімізде тұратын халықтардың достығы жайлы сөз қозғайтын боламыз.
Топқа бөлу
-Енді, бүгінгі сабағымызға байланысты сендерді үш топқа бөлемін. «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» атты топтар.
Мәтінмен жұмыс
-Қазір осыған байланысты Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» атты әңгімесін оқып шығайықшы.
-Балалар,Ыбырай Алтынсарин кім екенін білеміз бе?Ол кім?
-Дұрыс айтасыңдар. (интерактивті тақтада мәлімет көрсетілед)Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген.Яғни,біздің жерлесіміз.Осыны есте сақтап жүріңдер.
-Енді оның достық тақырыбына жазылған әңгімесін оқып шығайық.
 «Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:
– Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi:
– Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.
Рефлексия
-Иә,сонымен бұл әңгіме не туралы екен?(балалар жауабын тыңдау)
-Бұл екеуі нағыз дос па?
-Қазіргі кезде мұндай адамдар кезедесе ме?
-Дұрыс айтасыңдар.Достың 2 түрі болады екен.Ол «адал дос»және «амал дос».
-Адал дос қандай болады?Ал,амал дос ше?(оқушылар жауабын тыңдау)
-Иә,адал дос-шынайы дос,нағыз дос.Ал,амал дос-өз қажетіне жарататын немесе қиын кезде көмектеспей сатып кететін адамды айтады.
«Мақал-мәтелдер сайысы»
-Қазір әр топқа мына қағазды таратамын. Осы параққа достық, бірлік, ынтымақ жайлы мақал-мәтелдер жазасыңдар. (3 мин беріледі)
Сергіту сәті
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) 
Бейнематериалмен жұмыс(видео)
-Сабағымызды одан әрі жалғастырайық. Ол үшін қазір бүгінгі сабағымызға байланысты бейнебаян тамашалаймыз.
Рефлексия
-Сонымен бұл бейнебаян не жайлы екен?
-Тәрбиелік мәні, негізгі идеясы қандай екен?
«Дәйек сөз»
«Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Халық даналығы)
-Осы бейнематериал мен дәйек сөздің арасында қандай байланыс бар? (оқушылардың ойын тыңдау)
Сұрақ-жауап
-Жақсы.Ал,біздің Қазақстан елімізде тұратын адамдар бір –бірімен дос па?Қалай ойлайсыңдар?(иә)
-Иә,біздің еліміз көп ұлтты мемлекеттердің бірі болса да,біз бірлікте,татулықта өмір сүріп жатырмыз.
Елімізде қанша ұлт өкілдері тұратынын білесіңдер ма?Қандай ұлт өкідері?Ал,Қостанай облысымызда ше?Қане,кім айтады?(Қазақстанда 130-дан астам,ал Қостанайда 100-ге жуық ұлт өкілдері тұрады)
-Сендер,осы басқа ұлт өкілдерімен дос боласыңдар ма?(оқушылардың жауабын тыңдау,өмірмен байланыс жасау)
-Жарайсыңдар!
« Жағдаяттарды шешу»
-Балалар, тақтаға қарайықшы. Бұл қандай құс?
-Иә, бұл көгершін. Көгершін- бейбітшілік құсы деп есептеледі. (суретпен жұмыс)
-Көгершін сендерге алыстан мына хаттарды алып келіпті. Қазір әр топқа мына хаттарды таратамын. Хатты ашып, берілген тапсырмаларға жауап беру керек. Әр хатты бізге әр түрлі жағдаяттар жіберілген. Қанеки, бұл жағдаяттарды шешіп көрейік.
1-жағдаят
Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:
- Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,- деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...
- Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсындар?
2-жағдаят
Төртінші сынып оқушылары арасында өткзілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Талғатты ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Талғат сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.
-Талғаттың бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында не істер едіңдер?
3- жағдаят
Арман мен Қанат серуендеп келе жатады. Кенет бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр- шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Арман жүгіріп барып, қолына тас алып атқысы келіп еді. Қанат оған ...
-Арманнның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер Қанаттың орнында болғанда не істер едіңдер?
Қорытынды бөлім
«Достық заңдары»-Балалар!Сендер нағыз дос болуға енді ғана үйреніп жатырсыңдар.Болашақта сендердің достықтарын мықты болу үшін,сендер мына заңдарды сақтау керексіңдер.Достық заңдары өте көп.
Басты достық заңдары(закон дружбы)
1.Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін.
2.Өздеріңді қоршаған адамдар мен достарыңды ешқашан ренжітпе.
3.Бір-біріңді құрметтеп,сыйлаңдар.
4.Достарыңа қиын жағдайда көмектесіп отыр.
5.Достарыңмен бірге күліп,қуанып жүр.
6.Достарыңа ешқашан өтірік айтпа,берген уәдеңді бұзбауға тырыс.
7.Жақын досыңды жоғалтып алмауға тырыс.Себебі,дәл сондай нағыз досты табу қиын болады.
-Оқушылар,сендер осы достық заңдарымен келісесіндер ме?Сендер осы заңдарды сақтауға уәде бересіңдер ме?
«Жүрекке тілек жазу»
-Тамаша,жарайсыңдар.Қане,тақтаға қарайықшы.Тақтада қандай үлкен жүрек салынып тұр.(плакатта жүрек).Бұл жай жүрек емес,бұл сиқырлы жүрек.Бұл нағыз достың сүйіспеншілікке толы жүрегі.Қазір сендер мен таратқан стикерлерге өз достарыңа,сыныпқа деген тілектеріңді жазып,осы жүрекке ілесіңдер.Содан кейін бұл тілектерді бірнеше жылдан кейін,11 сыныпта болған кезде барлығын бірге оқитын боласыңдар.(Балалар тілектерің жазады,музыка ойнайды)
-Мінеки,қандай тамаша!Жарайсыңдар!
Рефлексия
-Сонымен балалар,дос деген кім екен?
-Нағыз дос қандай болады?
-Қазқстан елімізде тұратын халық бір-бірімен достықта өмір сүре ме?
-Елімізде қанша ұлт өкілі тұрады екен?Ал,Қостанай облысымызда ше?
-Сонымен,балалар достықтың адам өмірінде қаншалықты қымбат екенін түсіндік пе?
-Достық заңын ұмытқан жоқпыз ба?
-Жарайсыңдар!Ендеше нағыз достарың көп болсын.Сыныптағы достықтарын ешқашан үзілмесін.Әрқашан да бірге болып,бір-біріңе көмектесіп жүре беріңдер!Осымен сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар!